Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Омыртқалы жануарларды қорытындылау

04 қаңтар 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
«Балқаш қаласы, Абай атындағы №2 лицей» КММ-де
биология пәні мұғалімі, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Садыканова Бикеш Жекенқызы

Мақсаты: Оқушылардың білім сапасын көтеруде, танымдық қызығушылығын арттыруда ақпараттық коммуникативтік технологияның «Омыртқалы жануарларды қорытындылауда» тиімділігін көрсету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, презентация, флипчарт, таратпа материалдар, сызбалар, нақпішіндер, ылғалды препараттар, қызықты деректер.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген қорытынды сабақ.
Пән аралық байланыс: әдебиет, география, химия, экология,
математика, тарих, жергілікті материалдар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Кіріспе.
а) Сергіту сәті
3. Негізгі бөлім.
а) Балықтар класын қорғау
ә) Қосмекенділер класын қорғау
б) Жорғалауыштар класын қорғау
в) Құстар класын қорғау
г) Сүтқоректілер класын қорғау
4. Қорытынды.
а) графикалық диктант
ә) сәйкестік тесті
б) ActivVote тест
в) презентацияны қорғау
г) зертханалық жұмыс
д) қызықты деректер
е) бағалау.
Ұраны: “ Мұрагерміз білімге құштар,
Жылдар санап биікке ұшар“.
Сергіту сәті: Сұрақ қою арқылы жүзеге асады.
1. Жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғарғы топ: желілер типі.
2. Желілілер деп аталу себебі: арқа жағында ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан. 3. Желілілердің қанша түрі бар? 40 – 45 мыңдай.
4. Желілілер қайда тіршілік етеді? Құрлықта, топырақта, суда, ағаш басында, ауада.
5. Қандай жануар желілілерге жатады? Қандауыршалар, асцидиялар, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер.
6. Олардың дене тұрқы қандай? Ең кішісі – 0, 5мм, ал үлкені – 33м
7. Желінің қызметі қандай? Төменгі сатыдағы жануарларда желі өмір бойы сақталып, ішкі қаңқаның қызметін атқарады.
8. Ал жоғарғы сатыдағы жануарларда ше? Желіден омыртқа жотасы пайда болады.
9. Желілердің қандай тип тармағы бар?
Бассүйексіздер, Қабықтылар, Омыртқалылар,
Қандауырша асцидия , балықтар дөңгелек ауыздылар қосмекенділер
Жорғалаушылар құстар, сүтқор - р
10. Жақ сүйектерінің болу, болмауына байланысты
Жақсүйексіздер Жақсүйектілер
Минога, миксина балықтар, қосмекенділер,
жорғалаушылар, құстар,
сүтқоректілер
11. Омыртқалыларды ұрығының даму ерекшелігіне байланысты
неше топқа бөледі?

қағанақсыздар қағанақтылар
дөңгелекауыздылар жорғалаушылар,
шеміршекті, сүйекті құстар, сүтқоректілер
балықтар, қосмекенділер
12. Омыртқалыларды дене температурасына байланысты нешеге бөледі?
Салқынқанды Жылықанды
Дөңгелекауыздылар құстар
Балықтар сүтқоректілер
Қосмекенділер
Жорғалаушылар
Негізгі бөлім: Сынып оқушыларын 5 топқа бөлем. Таратпа
материалдар, бағалау парағы таратылады.
Мұғалім:

1 - ші топ оқушылары: Балықтар - ихтиология.
1. Балықтар - сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар. Қазіргі кезде балықтардың 20 - мыңдай түрі бар. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы “ихтиология ”деп аталады.

Балықтардың денесі; бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады. Бас бөлімінде жұп танау тесігі, екі көзі бар. Тұлға бөлімінде жұп көкірек, жұп құрсақ және дара арқа жүзбеқанаттары орналасқан. Құйрық бөлімінде сыңар құйрық, аналь жүзбеқанаттары бар. Балықтардың терісі сыртынан қабыршақтармен қапталған. Балықтар желбезектері арқылы суда еріген оттегімен тыныс алады.
Балықтың көкірек, құрсақ жүзбеқанаттары дене тепе - теңдігін сақтап, судың беткі қабатына көтерілуге жәрдемдеседі. Арқа, аналь жүзбеқанаттары денені қалыпты ұстауға көмектессе, құйрық жүзбеқанаттары бағыт береді.
2. Балықтар шеміршекті және сүйекті болып екіге бөлінеді.
- Шеміршекті балықтардың 750 - дей түрі бар.

- Қаңқасы тек шеміршектен тұрады.
- Көпшілігі теңіздерде таралған.
- Оларға: акулалар, жұпбалықтар, тұтасбастар жатады.
- Олардың дене пішіні әр түрлі.
- Суда белсенді қозғалады.
- Басында алға қарай созылыңқы тұмсығы болады.
- Жұтқыншағының екі бүйірінде 5 - 7 жұп желбезек саңылаулары бар.
- Тұлға мен құйрық бөлімінің арасы клоакамен бөлінген.
- Құйрық жүзбеқанаттарының үстіңгі қалағы астыңғысынан үлкен.
- Терісі 2 қабаттан тұрады. Сыртқысы эпидермис, көп қабатты эпителий ұлпасы, ал ішкі нағыз тері қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады.
- Терісі ұсақ бүртікті.
- Ұсақ нүкте тәрізді бүйір сызығы бар. Ол арқылы су ағынының
күшін, бағытын, тербелісін, кедергілерді сезеді.
- Көкірек, құрсақ жүзбеқанаттары денесіне көлбеу орналасқан.
- Сүйекті балықтардың 20000 - нан астам түрі бар.
- Қаңқасы сүйектен тұрады.
- Мұхитта, теңізде, өзен - көлдерде, су қоймаларында таралған.
- Оларға: шортан, табан, сазан, бекіре, аққайран, алабұға, қортпа жатады.
- Олардың дене пішіндері әр түрлі.
- Денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдеріне бөлінген.
- Терісі жалпақ ірі қабыршақтармен қапталған. Қабыршақтарында
жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Одан балықтың жасын
ажыратуға болады.
- Желбезектерінің сырты сүйекті желбезек қақпағымен жабылған.
- Аузы бас бөлімінің алдыңғы тұсында орналасқан.
- Жақсүйектерде, желбезек доғаларында, жұтқыншақ тістері болады.
- Ерекше мүше - торсылдақ болады. Ол балықтардың дене салмағын
өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды.
- Алғаш рет қуық пайда болған.
- Сүйекті балықтар дара жынысты, қосжыныстысы теңіз алабұғасы.
Сырттай ұрықтанады, өте көп уылдырық шашады.
- Кейбіреулері көбею кезінде жылыстап, өрістейді.
- Кәсіптік мәні бар. Оларды көбейту үшін арнайы балық зауыттарында
қолдан ұрықтандырып, шабақтарын өсіреді.
3. Балықтардың бас қаңқасында ми сауыты, жақ, тіласты, желбезек доғалары бар. Омыртқа жотасы арқа жағында орналасқан омыртқалар
тізбегінен тұрады. Ол тұлға және құйрық бөлімдерінен құралады.
Омыртқа жотасы жұлынды қорғайды. Көкірек, құрсақ жүзбеқанаттарының қаңқасы айқын білінеді.
Асқорыту жүйесі: Ауыз қуысы ---- жұтқыншақ ---- өңеш --- қарын -----
аш ішек ---- тоқ ішек ---- тік ішек ---- клоака.
Тыныс алу мүшесі - желбезектер. Шеміршекті б - ң тыныс алуы ауыз қуысының қозғалысына сәйкес. Сүйекті б - ң тыныс алуы желбезек қақпағының қозғалысына байланысты. Шеміршекті б - да желбезек аралық перде болады. Сүйекті б - да желбезек аралық перде болмайды.
Балықтардың жүрегі 2қуысты: 1құлақша, 1қарынша. Қанайналым шеңбері біреу. Жүрегі арқылы вена қаны ағады. Желбезек шашақта - рында оттегіне қаныққан артерия қаны арқа қолқа қантамыры арқылы денесіне таралады.
Балықтардың 1жұп бүйрегі, жұп несепағар өзегі болады. Ш. б - да
қуық болмайды, ал сүйекті балықтарда алғаш рет қуық пайда болған.
Балықтардың ми бөлімдері: алдыңғы ми, аралық ми, ортаңғы ми,
мишық, сопақша ми. Ш. балықтардың алдыңғы миы 2 ми сыңарына бөлінген, ортаңғы миы, мишығы жақсы жетілген. Сүйекті балықтардың алдыңғы миы 2 ми сыңарына бөлінбеген, ортаңғы миы мен мишығының көлемі үлкен.
Балықтардың есту мүшесі: тек ішкі құлақ. Олардың иіс сезу, дәм сезу, бүйір сызығы жақсы дамыған.
Балықтардың дәмдіеті, қара, қызыл уылдырығы қымбат бағаланады.
Бауырынан балық майы алынады. Оның құрамында Д витамині мол. Мешел ауруына қарсы емге пайдаланады. Акуланың жүзбеқанатынан, бекіре тұқымдас балықтардың торсылдағынан, қаңқасынан, терісінен бағалы желім қайнатылады. Балықтардың қабыршағы жасанды інжу дайындауға жұмсалады. Олар табыс көзі. Адамға эстетикалық ләззат береді. Арнайы аквариумда, океанарумда өсіріледі. Мыс: Астанадағы «Думан».
Қазақстанның су айдындарында 180 - ге жуық балық түрі кездеседі. 16 - сы сирек кездесетіндіктен Қазақстанның Қызыл кітабына тіркел ген. Әсіресе, Іле шармайын, Балқаш алабұғасын сақтап қалудың маңызы зор.
Балқаш көліндегі балықтар: сазан, шабақ, каяз, шұбаржан,
ақбалық, ақмарқа, табан, жайын, аққайран, көксерке, вовьла, беріш,
бекіре, амур, карась.

Балықтардың жағымсыз жақтары: адамға қауіпті мыс: жолақ акула, сауыт балық. Описторхоз деген ауру таратады.
Қорытынды: Балықтар алғаш суда өмір сүрген омыртқалы жануарлар.
12 594
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар.
Жаңа санау бірлігі – мыңдықтардың құрылуы. Разрядтар және кластар.
Көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи алуға үйрету.
Құстар класы
Құстар класы
Оқушыларға құстар класын естеріне түсіре отырып, Құстар класының типіне мағлұматтар беру.
Математика пәнінен 4 - класқа арналған күнделікті сабақ жоспарларының үлгілері
Математика пәнінен 4 - класқа арналған күнделікті сабақ жоспарларының үлгілері
Мың көлеміндегі сандарды жіктеу, салыстыру, разрядтардың атауын және нөмірленуін, бірліктер класын қайталап пысықтау; Оқушылардың білім, білік, дағдыларын қайталау, тиянақтау, қалыптастыру, деңгейін анықтау
Омыртқалы жануарлардың қозғалуы
Омыртқалы жануарлардың қозғалуы
Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыра отырып, БжС технологиясының тиімділігін көрсету, білім сапасын көтеру.
Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері
Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, №2 Абай атындағы лицейде биология пәні мұғалімі Садықанова Бикеш Жекенқызы
Жануарлардың көптүрлілігі
Жануарлардың көптүрлілігі
Атырау қаласы. Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзиева Нұрғаным Сабырқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×