Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Липидтер

21 сәуір 2016, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Қарашоқат орта мектебінің
биология пәні мұғалімі
Мұханова Гаухар Сабитқызы

Биология 10 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Липидтер
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды липидтердің, құрылысымен жасушада атқаратын қызметімен таныстыру.
2. Дүниетанымының арттыра отырып, оқу материалдарын толық меңгеру қабілетін дамыту.
3. Ұйымшылдыққа тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Шығармашылық
Сабақтың әдісі: жоба құру оны қорғау, кесте толтыру..
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызба,
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын тексеру

І. Амандасу, Түгелдеу, сабақ мақсатымен танысу.
ІІ. Жаңа сабақ.
Құрылысы. Липидтер (грекше «lipos» — май) — барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтерге майлар және май тәрізді заттар — липоидтер жатады. Липидтердің мол - ң құр. С, Н, О атомдары кіреді. Барлық липидтерге тән жалпы қасиет — олардың мол - ң полюссіздігінде (гидрофобтылығында). Сондықтан липидтер полюссіз сұйықтықтарда: бензинде, эфирде, хлороформда жақсы, ал суда нашар ериді.

Липидтердің гидрофобты (грекше «hydor» — су және «phobos» — қорқыныш) қасиет көрсетуінің жасуша тіршілігіндегі маңызы зор. Себебі жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады. Фосфолипид молекуласы жасушаға сырттан қажетсіз заттарды өткізбейді және сыртқы ортаға жасушадағы заттарды шығармайды. жасушаның химиялық ортасы тұрақты болады.

Липидтердің ішіндегі көп таралғаны және ең негізгісі — майлар. Оның молекуласы үш атомды спирт — глицерин мен жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұрады

Майлар: жануар, өсімдік майлары т. б. бір - бірінен айырмашылығы — құрамына кіретін май қыш - ң табиғи сипатына байланысты. Май қыш: қаныққан және қанықпаған болып екі топқа Қаныққан май қышқылдары бір байланысты, оларға пальмитин, стеарин қышқылдары және т. б. жатады. Ал қанықпаған май қышқылдары қос байланыс түзеді, оларға олеин, линол және т. б қышқылдар жатады. Жануар май - ң құрамында қаныққан қышқылдар көп, сондықтан олар бөлме температурасында да қатты күйде болады. Мысалы, сиыр майында глицерин, пальмитин және стеарин қышқылдары бар. Пальмитин 43°С - та, ал стеарин 60°С - та ғана ериді. Яғни, су қайнағанда глицерин су молекуласымен байланыс түзеді де, ал май қышқылдары сұйықтықтың беткі қабатшада қалықтап, гидрофобты қасиет көрсеткішін күнделікті тұрмыстан аңғаруға болады.

Өсімдік майының кұрамында қанықпаған май қышқылы көп болады. Осыған байланысты олар жеңіл ериді және бөлме темпер. сұйық. Мысалы, зәйтүн майы глицеринмен байланысқан олеин қышқылының қалдығынан тұрады.
Көптеген жасушалардағы майдың мөлшері құрғақ зат масса 5 — 10%- ын құрайды. Алайда кұрамының 90%- ға жуығы майдан тұратын жасушалар да болады. Мысалы, жануарлардың тері астындағы май қабаты, май бездері, шарбы (қарынның сыртындағы жұқа май), түйенің өркеші және дельфин сүтінің 40%- ы майдан тұрады. Липидтердің гидрофобты қасиет көрсетуінің жасуша тіршілігіндегі рөлі ерекше. Себебі жасуша мемб - ң ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады. Сол сияқты липидтер жүйке ұлпасында, мида көп мөлшерде болады. Сонымен катар жүйкенің миелинді қабықшасын зерттеудің нәтижесінде фосфолипидтердің маңызы айқындала түсті.
Май тәрізді заттарға: холестерин, майда еритін A, D витаминдері және кейбір гормондар жатады.

Липидтердің қыз. құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық және метаболизмдік және т. б.

Құрылыс қызметі. Липидтердің суда ерімейтін қасиеті оның жасушадағы құрылыс қызметін атқаруына мүмкіндік береді. ұлпалардың, жасушалардың және олардың органоидтерінің мембраналары фосфолипид молекуласынан түзіледі. Липидтер көптеген биологиялық қосылыстардың түзілуіне қатысады.

Липидтер — энергия көзі.. Май — организм тіршілігіндегі негізгі энергия көзі. Организмге қажетті энергияның 25 — 30% липидтер береді. Майдың 1 грамы толық ыдырағанда, 38, 9 кДж энергия бөлінеді, ол нәруыз бен көмірсудан бөлінетін энергиядан екі есе көп.

Май — қоректік қор заты. Организмдер денедегі майды қоректік зат ретінде жинақтайды. Мысалы, бунақденелілер, сүтқоректілер жөне адамның тері асты қабатында, шарбыда, көптеген өсімдіктердің тұқымдарында және т. б. мүшелерінде май қоры жинақталады. май қорының қысқы ұйқыға кететін организмдер үшін маңызы ерекше.
Майдың қорғаныштық қызметі. Май жылуды нашар өткізеді. Осыған байланысты жануарлар тері астындағы май қабатынын есебінен дене температурасын тұрақты сақтайды. Мысалы, киттің тері астындағы май қабатының қалыңдығы 1 м - ге дейін жетеді, бұл оның солтүстік теңіздердегі суық суда үнемі тіршілік етуге бейімділігін арттыра түседі.
Өсімдік тұқымдарында майдың көп болуы — жаңа дамып келе жатқан өсімдікке, оның тамыр жүйесінің бекініп, өзіне тиісті кызмет атқара бастағанша энергиямен қамтамасыз ету үшін қажет.

Май — су көзі. 1 кг май тотығып ыдырағанда, 1, 1 кг су түзіледі. Мұндай суды «метаболит су» деп атайды. Қыста ұзақ ұйқыға кететін, сол сияқты сусыз шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар (кейбір кемірушілер, бөкендер, түйелер және т. б.) организміндегі тотығып, ыдыраған майдың суын пайдаланады.

ІІІ. Бекіту сұрақтары:
1. Липидтердің құрылысы қандай?
2. Майдың қорғаныштық қасиеті қандай?
3. Метоболит су дегеніміз не?
ІҮ. Үйге: Липидтер.
Ү. Үй тапсырмасын сұрау.
ҮІ. Бағалау.
29 559
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Липидтер
Липидтер
Липидтердің түрлерін атайды.
Сабын және СЖЗ
Сабын және СЖЗ
Сабын құрамында 16 - 18 көміртек атомдары бар жоғары карбон қышқылдарының карбоксил тобындағы сутек атомының орнын металл атомы басқан туындысы.
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың құрылысы және жасушадағы рөлі
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың құрылысы және жасушадағы рөлі
Оқушылардың білім, білік дағдысын дамыта отырып, жасушаның химиялық құрамы туралы түсіндіру. Нәруыздардың ферменттердің қасиеттері амин қышқылдардың мөлшері және реттілігіне, молекулалардың және заттардың құрылымдарына байланысты екендігін түсіндіру.
Жапырақ. Жапырақтың қызметі, түрлері
Жапырақ. Жапырақтың қызметі, түрлері
Оқушыларды жапырақтың ішкі құрылысымен таныстырып, жапырақтың ішкі құрылысындағы бөлімдерімен олардың атқаратын қызметтерімен таныстыру.
Биологиялық жүйелердегі зат алмасу және өздігінен реттелуі. Фотосинтез
Биологиялық жүйелердегі зат алмасу және өздігінен реттелуі. Фотосинтез
Қостанай облысы, Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі Абдикова Камшат Шөптібайқызы
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Абдуллаева Маржан Алдонгаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×