Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылықтың қалыптасуының алдын алу

17 мам 2016, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы
Жолдасбаева Зәуре Конакбаевна

Сабақтың тақырыбы: Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылықтың қалыптасуының алдын алу.
№ 9 Зертханалық жұмыс: Организмнің өсу мен даму деңгейін антропометриялік әдіспен анықтау.
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушыларға тірек - қимыл жүйесі дене сымбатының және жалпақ табандылықтың алдын ала білуге жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын өмір сүру үшін бағалы байлық денсаулық екендігін түсіндіру;
дамытушылық: оқушылардың жеке гигиена талаптары туралы түсініктерін кеңейту,
аурудың алдын алуды үйрену, оқушының санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту;
тәрбиелік: сұлулыққа, адамгершілікке, тазалыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру мен айналысу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, ақпарат беру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнефильм, ақ парақтар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты сабаққа дайындау, оқу құралдарын, қатынасты тексеру.
Сыныпты топқа бөлу, топқа ат қою, топбасшы сайлау.
I топ Алғыр
II топ Білгір
III топ Тапқыр

II. Үй жұмысын сұрау
«Постер» қорғау

«Алғыр»тобына
Бас пен мойын бұлшықеттері туралы.

«Білгір тобына»
Тұлға бұлшықеттері туралы

«Тапқыр» тобына
Қол мен аяқ бұлшықеттері туралы

«Мағынаны ашу»
Бұлшықеттер --- Бас пен мойын --- Арқа --- Көкірек --- Құрсақ --- Қол --- Аяқ
1. Трапеция
2. Ымдау
3. Ромб
4. Шайнау
5. Жамбас
6. Иық белдеуі
7. Көкет
8. Қабырғааралық
9. Қиғаш

III Жаңа тақырып

1. Анықтау (сымбат, жалпақтабандылық)
2. Бұзылу сатысы (сымбат, жалпақтабандылық)
3. Пайда болу себептері (сымбат, жалпақтабандылық)
4. Алдын алу (сымбат, жалпақтабандылық)

Сымбат – қалыпты жағдайда және жұмыс кезінде адамның күнделікті әдетпен өз денесін ұстай білуі.
Бұзылу сатысы
Күжірейген арқа. Омыртқаның кеуде жағындағы жоғарғы бөлігі көбірек қисайып кетеді. Иықтары қусырылып, арқасы күжірейіп, қарны шартиып салбырап тұрады.
Еңкіш дене. Адамның бойында өте жиі кездесетін мін. Мұндай жағдайда жалпы кеуде сүйегінің қисайып кеткендігі байқалады. Әдетте, еңкіш адамның жауырыны томпайып, төсі ішке қабысып, иық пен бас алға еңкейеді, қарны қампиып тұрады. Еңкіш адам бойын тік ұстап көп жүре алмайды, себебі бұлай жүргенде тез шаршап қалады.
Қайқы бел. Дене құрылысының бұзылуы. Дененің мұндай кемістігінде мойын, кеуде, бел омыртқалардың анатомиялық қисықтығы айқын болып тұрады. Дененің бұл кемістігінің себептері, біріншіден — омыртқаның бүгіліп - жазылып тұратын бұлшық еттерінің дұрыс жетілмеуі және мешел ауруының белгісі. Екіншіден, адамның жамбасы сыртқа шығып тұрады.
Сколиоз - омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы (туа және жүре пайда болады)
Лордоз - омыртқа бағанасының алға қарай майысып, қисаюымен сипатталады
Бүкірлік, кифоз — омыртқа бағанасының (әдетте кеуде бөлімінің) дөңестеніп қисаюы.

Пайда болу себебі
Дұрыс отырмаудан, жүруден
Ішкі мүшелердің ауруынан
Салмақты бір жаққа түсіруден
Үнемі жұмақ төсекке жатудан
Қозғалыстың аз болуына

Алдын алу
o Дұрыс бірқалыпты отыруға дағдылану
o Емдік массаждар қабылдау
o Салмақты омыртқа жотасына бірдей түсіру
o Ауыр жүкті бір қолмен көтермеу
o Түзу жүру
o Иықтың бір деңгейде болуы
o Тазалықты сақтау
o Дұрыс тамақтану
o Шынығу
o Көңілді жүру
o Сәнді киіну

Жалпақтабандылық - адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі.
Бұзылу сатысы
1, 2, 3 дәрежелі жалпақтабандылық
Пайда болу себебі
o Үнемі биік өкшелі аяқ - киім кию
o Тар аяқ - киім кию
o Аз қозғалыс
o Артық салмақ
Алдын алу
Аяқ - киімді таңдап кию
Жалаң аяқ жүру
Арнайы массаждар қабылдау
Шынығу
Гиподинамия - аз қозғалу, жеткiлiксiз қимыл белсендiлiгi.
№ 9 Зертханалық жұмыс: Организмнің өсу мен даму деңгейін антропометриялік әдіспен анықтау.
Мақсаты: өз ағзаңның бөлімдеріне өлшеу жүргізу, ағзаның даму деңгейін анықтау.
Құрал - жабдықтар: бой өлшегіш, сантиметрлік таспа.

Қорытынды:
Бойы Иық белдеуі Шеңберлері
бас кеуде бел сан

IV. Сабақты бекіту
«Білгенге - маржан»
«Алғыр»тобына
1. Сымбат деген не?
2. Омыртқа жотасы не себепті қисаяды?

«Білгір»тобына
1. Омыртқа жотасының қисаюынан қандай аурулар пайда болады?
2. Жалпақтабандылық неден пайда болады?

«Тапқыр» тобына
1. Сколиоз ауруы қалай емделеді?
2. Жалпақтабандылықты қалай емдейді?

«Ойтолғау»
«Алғыр»тобына

Ардақ үнемі шелекті оң жағымен көтеріп су тасиды. Ол қандай аурумен ауруы мүмкін? Ойыңды дәлелде?

«Білгір» тобына
Адамның жүрісі дене сымбатымен де байланысты деген дұрыс па?
Ойыңды дәлелде.
«Тапқыр»тобына

Жанар сабаққа анасының биік өкшелі аяқ киімін киіп келді. Біраз уақыттан кейін аяғы ауырып, жүруден қалды. Неге деп ойлайсың?

V. Қорытындылау
Жүк көтергенде баланың дене мүшелеріне ауыртпалық күш біркелкі түсуі керек. Төменгі класс оқушылары кітаптарын арқаға асатын сөмкемен алып жүргені орынды. Сөмкені өне бойы бір қолымен алып жүруге болмайтынын естен шығармаған жөн. Жұмыс кезінде, сабақ орындағанда партада отырғанда кеудені тіремей, аяқты айқастырмай, еденге түзу ұстап, қолды шынтақ буыны арқылы үстелдің үстіне бос ұстау сымбаттың бұзылмауына себеп болады. Үстел үстінде шынтақтан көзге дейінгі аралық 30 - 35 см болу керек. Бұл үшін үстел, парта мен орындықтың биіктігі әр адамның денесінің ұзындығына сай болуын ескертеді.

Жалпақтабандылықтан сақтану. Адамның табанының ортасы көтеріңкі, ойыс болып келуінің маңызы зор. Бұл оның жүрісін жеңілдетіп, шаршатпайды, қайта секіргенде, жүгіргенде денеге серпімділік беріп, соққыны әлсіретеді. Адам ұзақ уақыт ауыр жұмысты аяғымен тұрып істегенде (аяққа күш түскенде), тар және өкшесі биік аяқ киім кигенде жалпақтабандылық пайда болады. Жалпақтабанды адам жүргенде және тұрғанда тез шаршайды. Мұндай жағдайға ұшырамау үшін жалаң аяқ, аяқтың ұшымен жүріп, суда жүзумен жаттығу, жүгіріп, секіріп, түрлі ойындармен көбірек айналысады. Аяқ киімнің өкшесі 3 - 5см аспауы керек.

VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру §23; 24 қосымша мәліметтер алу.

Толық нұсқасын жүктеу
14 698
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дене сымбатының бұзылу себептері мен алдын алу. Қаңқа мен бұлшықеттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері
Дене сымбатының бұзылу себептері мен алдын алу. Қаңқа мен бұлшықеттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері
Дене сымбатының бұзылу себептерін білу және алдын алуды үйрену. Қаңқа мен бұлшықеттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсерін ұғындыру. Біріккен пәндік оқыту арқылы ағылшын тілінде тілді дамыту.
Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылық қалыптасудың алдын - алу. Қаңқа мен бұлшық еттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері.
Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылық қалыптасудың алдын - алу. Қаңқа мен бұлшық еттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері.
Тірек - қимыл жүйесі, дене сымбатының және жалпақ табандылықтың алдын ала білуге, жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын өмір сүру үшін бағалы байлық денсаулық екенін түсіндіру
Денсаулық
Денсаулық
Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, «Бауман орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Хаджиева Ж. Қ.
Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу
Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, «Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп» ММ биология пәні мұғалімі Абдуллаева Маржан Алдонгаровна
Ата-аналарға арналған ақыл-кеңес
Ата-аналарға арналған ақыл-кеңес
Орындаған дене тәрбиесінің нұсқаушысы: Абитаева Алия Мейрамовна Балаңызда жалпақ табандық белгісі бар ма? Жалпақ табан деген не? Жалпақ табан (түйе табан) - адамның бір табанының, не екі бірдей табанының бойлық немесе көлденең үстерінің жалпаюы.
Жастар арасында салауатты өмір салтын дене тәрбиесінің тәсілдері арқылы қалыптастыру
Жастар арасында салауатты өмір салтын дене тәрбиесінің тәсілдері арқылы қалыптастыру
Денсаулыққа кері, жағдайсыз әсер ететін көптеген факторлар бар: аурып жазылу; никотин мен алкогольге құмарлық; еңбектің, тұрмыстың жайсыз жағдайларының созылмалы әсері; дұрыс тамақтанбау ( оның жеткіліксіздігі және шамадан тыс көптігі); көңіл күйдің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×