Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылық қалыптасудың алдын - алу. Қаңқа мен бұлшық еттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері.

19 маусым 2018, Сейсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Биология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылық қалыптасудың алдын - алу. Қаңқа мен бұлшық еттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері. №9 Зертханалық жұмыс. Организмнің өсу және даму деңгейін антропометрлік әдіспен анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тірек - қимыл жүйесі, дене сымбатының және жалпақ табандылықтың алдын ала білуге, жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын өмір сүру үшін бағалы байлық денсаулық екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке гигиена талаптары туралы түсініктерін кеңейту, аурудың алдын алуды үйрену оқушының санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту.
Тәрбиелік: өз ағзасын зерттеп білу, сақтау, қорғай білуге үйренеді.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ, ақпараттық
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, зерттеушілік
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, дайын слайдтар, видео

Сабақтың барысы:
I. Сабақты ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып дайындығын тексеру.
А)«Миға шабуыл» дoп лақтыру арқылы oсы уақытқа дейін өткен қандай ғалымдарды білеміз білім қoрын жинақтап алу.
В) Лентамен тoпқа бөлу (түске байланысты тілек айту)

II. Үй тапсырмасын тексеру:
1 - топ
Мoзайка құрастыру арқылы бағалау
1. Бұлшық ет деген не?
2. Бұлшық еттердің құрамына қарай қандай түрлері бар, сипаттама бер?
3. Бас бұлшықеттерінің құрылысы қандай?
4. Дене бұлшықеттерін ата?
5. Бицепс, трипцес қандай бұлшықеттер?
6. Қажу дегеніміз не?

2 - топ Тестік тапсырмалар орындау
1. Омыртқаның қозғалуына әсер ететін, дененің тік ұстауын қамтамасыз ететін бұлшық ет. а/қол - аяқ ә/арқа б/жамбас
2. Шайнау еттеріне тән ерекшелік а/астыңғы жақ сүйегіне бекінеді ә/бет сүйегіне бекиді б/тіске бекиді
3. Адамда қанша бұлшық ет бар? а/200 - 300 ә/400 - 600 б/100 - 300
4. Бас еттері а/шайнау, ымдау ә/мойын, жақ б/бет, маңдай
5. Ұзын бұлшық еттер а/бас ә/аяқ - қол б/кеуде
6. Тыныс алуға қатысатын ет а/қабырға аралық ә/құрсақ б/арқа
7. Бұлшық еттерге тән қасиет а/жиырылғыштық ә/серпімділік б/қаттылық
8. Қаңқа бұлшық еттері а/бірыңғай салалы ә/көлденең жолақты б/жүрек бұлшық еті
9. Жалпақ еттер а/тұлға ә/қол - аяқ б/қабырға аралық
10. Адам ағзасындағы ең күшті бұлшық ет? а/ымдау бұлшық еті ә/шайнау бұлшық еті б/тіл бұлшық еті
Тест жауаптарының қорытындысы.
1. Ә 2. А 3. Ә 4. А 5. А 6. А 7. А 8. А 9. А 10. Б
Бұлшық еттер туралы ғажайып фактілер:
1. Біз күлгенде 17 бұлшық ет қимылға келеді.
2. Біз ренжігенде 40 астам бұлшық ет қимылға келеді.
3. Бұлшық еттер дене салмағының бестен екі бөлігіне дейін мөлшерді құрайды.
4. Орташа алғанда ерлерде әйелдерге қарағанда дене салмағының бұлшық еттер салмағына қатынасы артық болады.
5. Ең үлкен бұлшық ет - бөксе бұлшық еттері, ол жүру, жүгіру және секіру, кезінде артқа қарай, ал денені алдыға қарай итеру қызметін атқарады.
6. Ең кіші бұлшық ет - құлақтың түпкі жағында орналасқан көлемі «1»санының мөлшеріндей үзеңгі бұлшық еті

III. Жаңа сабақты түсіндіру
Жоспары:
Топтарға №1, 2, 3 мәтін беріп, түсініп оқуға уақыт беру, оқып болғаннан кейін номер бойынша №1 мәтінді оқыған оқушылар жеке топтасып Т - кестесін құрады, сол сияқты №2, №3 топ мүшелері мәтін бойынша топтасады Т - кестесін жасап, қорғайды.
Мәтіннің тақырыптары:
1. Гиподинамия
2. Жалпақтабандылық
Видео көрсетілім (Қазақстандағы жалпақтабандылықтың алдын алу)
3. Сколиоз, лордоз, кифоз
Т - кестесі Пайда болу себебі - Алдын алу
IV. Бекіту

ШҚО Көкпекті ауданы
«Кокжайық орта мектебі» КММ,
биология пәнінің мұғалімі
Айкенова Айжан Сериккановна
Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылық қалыптасудың алдын - алу. Қаңқа мен бұлшық еттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері. жүктеу
3 037
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дене сымбатының бұзылу себептері мен алдын алу. Қаңқа мен бұлшықеттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері
Дене сымбатының бұзылу себептері мен алдын алу. Қаңқа мен бұлшықеттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсері
Дене сымбатының бұзылу себептерін білу және алдын алуды үйрену. Қаңқа мен бұлшықеттің дұрыс қалыптасуына жаттығулардың әсерін ұғындыру. Біріккен пәндік оқыту арқылы ағылшын тілінде тілді дамыту.
Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылықтың қалыптасуының алдын алу
Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақ табандылықтың қалыптасуының алдын алу
Тірек - қимыл жүйесі дене сымбатының және жалпақ табандылықтың алдын ала білуге жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын өмір сүру үшін бағалы байлық денсаулық екендігін түсіндіру
Бұлшық ет, оның типтері, құрлысы және маңызы
Бұлшық ет, оның типтері, құрлысы және маңызы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бұлшық еттің адам денесіндегі түрлері, олардың құрлысы, қызметі туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Сын тұрғысынан ойлану арқылы салыстыруға, мазмұндауға, қорытынды жасауға тәрбиелеу, топпен жұмыс жасауды жалғастыру.
Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу
Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, «Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп» ММ биология пәні мұғалімі Абдуллаева Маржан Алдонгаровна
Бұлшық еттердің жұмысы
Бұлшық еттердің жұмысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарбұлақ ауылы, №78 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Қайыпбаев Дархан
Ата-аналарға арналған ақыл-кеңес
Ата-аналарға арналған ақыл-кеңес
Орындаған дене тәрбиесінің нұсқаушысы: Абитаева Алия Мейрамовна Балаңызда жалпақ табандық белгісі бар ма? Жалпақ табан деген не? Жалпақ табан (түйе табан) - адамның бір табанының, не екі бірдей табанының бойлық немесе көлденең үстерінің жалпаюы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×