Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тамыр бөлімдері

01 тамыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 7
Тақырыбы: §8. Тамыр бөлімдері
Сабақтың мақсаты: тамыр бөлімдерінің құрылысын, алып жатқан орнын, маңызын таныстыру және әр бөліктің атқаратын қызметіне толық тоқталу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – тамыр бөлімдерінің құрылысын және өзіндік ерекшеліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Тәрбиелілігі – оқушылардың ғылыми дүниетанымын байытып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал - жабдықтар: электронды көрсетілімдер
Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Келмей қалған оқушыларды белгілей отырып, сабаққа дайындығын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Мүше дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай мүшелер болады? Неліктен вегетативті мүшелер дейді? Вегетативті мүшелерді атаңдар. Вегетативті мүшелер өсімдіктерге не үшін қажет?
Тамырдың қызметін атаңдар. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді, олар қайдан пайда болады? Негізгі, жанама, қосалқы тамырлардың жиынтығы нені құрайды? Олардың айырмашылығы және қандай өсімдіктерде болады?
Қоректік заттарды қорға жинайтын тамырларды атаңдар. Жанама тамырлардың қызметі. Тамыр жүйесі дегенді қалай түсінесіңдер, анықтамасын айтыңдар. Шашақ тамыр жүйесі деп неліктен аталған, шашақ тамырлы өсімдіктер мен кіндік тамырлы өсімдіктерге мысал келтіріңдер.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жоспар:
1. Өсімдіктің вегетативті мүшесі – тамырдың құрылысы
2. Оның атқаратын қызметтері
Тамыр бөлімдері ұзындығы мен қызметіне қарай тамыр оймақшасы, бөліну, созылу (өсу), сору, өткізгіш аймақтары деп бөлінеді. Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы түзуші ұлпалардан құралған өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады. Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабығындағы жасушалары сыртқы кедергілерге үйкеліп, зақымданып түлеп түседі. Оның орнына жаңа жасушалар түзіліп, ұдайы жаңарып отырады. Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі. Ол зат тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды қажалудан жеңілдетеді. Осылайша тамыр оймақшасы тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап тұрады.

Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып үш қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабатындағы клеткалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабатынан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалаптасуына себеп болады.

Өсу аймағының жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарады. Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы аймақта түзіле бастайды.

Сору аймағы - өсу аймағынан кейін орналасқан қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қымтап жатқан жұқа өң қабықшасының жасушаларының созылуынан пайда болады.
Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Әрбір түк – жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуольі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, суды және онда еріген минералды тұздарды сорады. Өсіп келе жатқан жас тамырға тірек қызметін атқарады.
Өткізу аймағы суды және суда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктердің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл аймақта тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар көп болады.
Тамырдың сору мезанизмі
Сору күші – бұл осмостық және тургорлық қысымдардың арасындағы айырмашылық.
Осмостық қысым – цитоплазмадаға және клетка қабырғасына әсер ететін клетка шырыны ерітіндісінің қысымы.
Тургорлық қысым – жасуша қабырғасының клетка шырынының ерітіндісіне әсер ететін қысым. Топырақтағы ерітіндінің тамыр қабығының жасушалары арқылы қозғалысы олардың сору күші айырмашылығына байланысты, яғни соруы аз жасушалардан соруы күшті клеткаларға жүреді.
Тамыр қысымы – бұл барлық тамыр түктерінің сору күші.
Жапырақтардың сору күші – бұл су молекулаларының және тамыр қабырғаларының арасындағы іліну күші.
Тамырдың өсуі. Тамырлар өсімдіктер түрлеріне байланысты жылдың әр мезгілінде әрқалай өседі. Көктемде тамыр қарқынды өседі. Тамырлар өсу кезінде қоректік заттар мен суды бірқалыпты толық пайдаланады. Тамыр ұшынан төменге қарай өседі. Осында өсу қозғалысын біржақты әрекет тітіркендіргіштігі (ауырлық күші, жарық) болатын жағдайда тропизм д. а. Негізгі тамыр үшін оң геотропизм (жер тартылысының әсерінен бір жақты өсу) тән. Ірі жанама тамырлар жер бетінен қатар өседі, ал ұсақ тамырларда геотропизм болмайды.

ІV. Бекіту.
№6 - зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Тамыр бөлімдерін жай көзбен және ұлғайтқыш әйнекпен қарау.
Мақсаты: Тамыр бөлімдерін бір - бірінен ажыратып, өзіндік ерекшеліктерін анықтау.
Құрал - жабдықтар: сабақтан 10 - 15 күн бұрын өсірілген асбұршақ пен бидай өскіндері, микроскоп, оған керекті жабдықтары, ұлғайтқыш қол әйнегі және т. б.
Жұмыстың барысы:
1. Сабақ өтерден 10 - 15 күн бұрын тұқымынан өндірілген асбұршақ пен бидайдың өскіндерінің жас тамырларын салыстырып, қандай тамыр жүйесіне жататынын ажырату.
2. Бидайдың жас өскінінің тамырын ұлғайтқыш әйнекпен қарап, тамыр бөлімдерін (аймақтарын) анықтау.
3. Тамыр түкшелері бар аймақты тауып, алып жатқан аумағын қарау.
4. Тамыр ұшынан препарат жасап, микроскоппен қарау, тамыр оймақшасы жасушаларының ерекшеліктеріне көңіл аудару, суретін салу, оқулықтың суретімен салыстыру.

Ескерту: Препарат жасау үшін жас тамырдың ең ұшынан 5 мм - дей кесіп, сол күйінде су тамызып, жабын шынымен жауып қарауға болады.

Нәтижесі:
1) Берілген өсімдіктердің тұсындағы санын дәл келетін тамыр жүйесінің бағанына жазыңдар.
1. Пияз 3. Сәбіз 5. Асқабақ 7. Ермен 9. Асбұршақ
2. Қауын 4. Жүгері 6. Күріш 8. Қамыс 10. Сұлы

Толық нұсқасын жүктеу
4 577
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тамыр бөлімдері (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы – тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Зертханалық жұмыс
Тамыр бөлімдері (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы – тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Зертханалық жұмыс
Тамыр, тамыр бөлімдері деген ұғымдардың мәнісін ашып, олардың атқаратын қызметін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Тамыр бөлімдері
Тамыр бөлімдері
1. мүше деген не? (өзіндік құрылысы бар, белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі) 2. тамыр қандай мүше? (вегетативті мүше) 3. тамыр жүйесі қалай бөлінеді ?(кіндік және шашақ тамыр жүйесі) 4. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді оларды
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
өсімдіктің өсімді мүшелеріне жалпылама сипатама беріп, соның бірі – тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету
Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерінің бірі тамырдың құрлысын, оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан - жақты өсімдіктерді тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей биология пәні мұғалімі Ғалымжан Арықбаев
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі, табиғаттағы маңызын тамыр күтімін зерттеп талдау арқылы оқушыларды іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×