Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жас биологтар сайысы (6 - 7 сыныптар арасында)

23 наурыз 2018, Жұма
Категориясы: Биология
Жас биологтар сайысы (6 - 7 сыныптар арасында)

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін жетілдіріп, белсенділігін, қызығушылықтарын ояту, өз бетінше жұмыс істеуге, шапшаңдыққа, ұжымдастыққа, өз ойын еркін айта білуге, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сайыс кезеңдері:
1 - кезең «Ұйымдастыру»(топтың аты, ұраны, төсбелгісі)
2 - кезең «Үй тапсырмасы» («Тамаша табиғат аясында» тақырыбына салынған суретті қорғау)
3 - кезең «Кім жылдам»(10 сұрақ)
4 - кезең “Алтын дорба”(дорба ішінен жұмбақ алып, шешуін табу)
5 - кезең «Ермексазбен жұмыс»(бір жануар мен құстың мүсінін жасау)
6 - кезең «Сөзжұмбақ» шешу
7 - кезең “Кім өнерлі” (әр топтан бір сайыскер шығып, үлестірмені алып, ішіндегі тапсырманы оқып, образға еніп, қимылмен көрсету керек)
8 - кезең «Жалғастыр» (Мақал - мәтелдерді жалғастыру керек)
9 - кезең «Ең... ең.... ең»
10 - кезең « Құстар біздің досымыз»
«Жануарлар әлемі» (тақырыптарына эссе жазу)

1 - кезең Оқушылар «Жапырақ» және «Гүл» тобына бөлініп, ұраны мен төсбелгісін қорғайды.
2 - кезең Үй тапсырмасына берілген «Тамаша табиғат аясында» тақырыбына салынған суретпен таныстырады.
3 - кезең «Кім жылдам» әр топ 15 сұраққа жауап береді (1 жауап 1 ұпай)

1 - ТОП «ЖАПЫРАҚ»
Жапырақ қоймасы ғой таза ауаның
Таза ауа қазынасы Жан дауаның.
Ағаш егіп, ұрпаққа мирас етсек,
Алармыз бір Алланың мың сауабын!
Жапыраққа зор мән беріп, қаралық,
Жапырақ тұр Күн нұрынан нәр алып,
Жапырақтан бөлінетін оттегі,
Тазартады ауамызға таралып.

“Жапырақ”(15 сұрақ)
1. Жапырақ дегеніміз не? (өсімдіктің өсу мүшесі)
2. Жапырақтың сыртқы құрылысы қандай?(тақта мен сағақ)
3. Жапырақ қандай қызмет атқарады?(ауадан көмірқышқыл газы мен суды сіңіреді, артық суды буландырады, газ алмастырады, орг, заттарды қорға жинайды, көбеюге қатысады)
4. Жапырақ тақтасының пішіндері қандай? (бүйрек, жебе, ромб, жүрек, қылқанды)
5. Алғаш жасушаны көрген ғалым (Роберт Гук)
6. Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (Окуляр)
7. Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (Ядро)
8. Ең ұзақ өмір сүретін құс? (қарға)
9. Ең үлкен, ұшатын құс? (Африкалық дуадақ)
10. Түнде ұшатын құс?(Жапалақ)
11. Барсакелмес қорығы қай облыста орналасқан? (Қызылорда обл. Арал ау.)
12. Өсімдіктің жер асты мүшесі қалай аталады? (тамыр)
13. Жануарларды зерттейтін ғылым? (зоология)
14. Қасиетті құс? (үкі)
15. Күнге тура қарай алатын құс?(бүркіт)

2 - ТОП «ГҮЛ»
Гүл - дүниенің көркі.
Гүл - жердің көркі
Гүл - әдеміліктің символы
Гүл - нәзіктіктің белгісі
Гүл - көңіл ашады.
Аппақ гүлдер, шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

«Гүл» (15 сұрақ)
1. Гүл дегеніміз не?(көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен)
2. Гүлдің көбеюіне қатысатын бөлімдері (аталық, аналық)
3. Гүл бөлімдеріне нелер жатады? (табаны, сағағы, тостағанша, күлте жапырақша, аталық, аналық)
4. Гүлсерік дегеніміз не? (тостағанша мен күлте жапырақша)
5. Қосжынысты гүл дегеніміз не? (бір гүлде аналық пен аталық орналасады)
6. Мысықтың күшігін қалай атайды? (марғау)
7. Қай құста ұя болмайды? (көкек)
8. Қорғалжын қорығы қайда орналасқан?( Ақмола обл. Қорғалжын ауд.)
9. Жынысты көбею дегеніміз не? (аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы)
10. Гүлді өсімдіктердің жемістері қандай 2 топқа бөлінеді? (құрғақ және шырынды)
11. Биология нені зерттейді? (тірі ағзаларды)
12. Өрмекшіде қанша аяқ бар? (8)
13. Ең ірі жемісті ата? (асқабақ)
14. Күнге ең жақын ғаламшар?(меркурий)
15. Қазақстан елтаңбасында бейнеленген жануар?(пырақ)

4 - кезең “Алтын дорба”(дорба ішінен жұмбақтың шешуін табады)
Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі де жоқ. (су)
Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым. (сәбіз)
Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. (пияз)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Ерте тұрады,
Жар салады. (қораз)
Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті. (қарбыз)
Терісі бар, жүні жоқ,
Жүрегі бар, ізі жоқ.
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды. (балық)
Сопақша көк өңі бар,
Пайдалы, мөлдір сөлі бар.
Піскен кезде жияр,
Оның аты -...... (қияр)

5 - кезең «Ермексазбен жұмыс»
Әр топтан екі оқушы шығып, ермексаздан бір жануар мен бір құстың мүсінін жасайды.

Қостанай облысы, Науырзым ауданы,
Дәмді орта мектебінің
Химия - биология пәні мұғалімі
Искакова Мендеш Қабдоллақызы

Жас биологтар сайысы (6 - 7 сыныптар арасында). жүктеу
8 277
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп Биология пәні мұғалімі: Айгожин А.Б.
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Өсімдік - өмір тірегі
Өсімдік - өмір тірегі
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Ойлайық та, ойнайық
Ойлайық та, ойнайық
Арал қаласы, №220 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Садуакасова Венера Аққасенқызы
Процент
Процент
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, "Георгиевка орта мектебі" ММ математика пәні мұғалімі Мукажанова Камила Шакенона
Ана тілім – ардағым
Ана тілім – ардағым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жәлімбетова Алмагүл Рзағалиқызы Тақырыбы: « Ана тілім – ардағым» Мақсаты: Ана тілде таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×