Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сүйектің кұрылысы мен химиялық құрамы

07 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Тақырыбы: Сүйектің кұрылысы мен химиялық құрамы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүйектің құрылысы мен құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттармен, сүйектердің байланыс түрлерімен және буынның атқаратын қызметімеи таныстыру.
Міндеті:
Білімділік міндеті: Оқушыларға тірек-кимыл жүйесінің маңызы мен қызметі, ерекшеліктері туралы білімді талқылап, қорытындылау; сүйектің құрылысы мен химиялық кұрамын, олардың жуандауын және өсуін оқып-білу.
Дамытушылық міндеті:Теориялық білімді практикамен ұштастыру, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына, қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, икемін, білім, білік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Салауатты өмір сүруге, денсаулықтарын шынықтыруға, жеке бас гигиенасын сақтауға дағдыландыру, салт-дәстүрлерімізді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білім беру.
Сабақ әдісі: жалпы сұхбат жүргізу, өзіндік жұмыс, көрнекілендірумен қатар сұхбат-дәріс өткізу, СТО, ақпараттық, кіріктірілген.
Пәнаралық байланыс: химия, медицина
Сабақ көрнекілігі: Адам қаңқасы", "Бас сүйегі", "Адамның қаңқасы мен бұлшық еттері" тақырыбы бойынша жасанды үлгілер, кестелер, суреттер, интерактивті тақта, бейнематериалдар, электрондық көрсетілімдер, 10%-дык тұз қышқылына салынған сүйек (кальцийсіздендірілген), сүйек кесінділері.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
П. Қызығушылықты ояту.
Оқытылған тақырып бойынша білімді тексеру.( оқушылар интерактивті тақтаны пайдаланылып орындайды), (флипчарт)

Сабақ элементінің мазмұны Ескерту (карандашпен жазу)
Жануарлар мен адам қаңқаларының ұқсастығы мен айырмашылығы жасанды «Адам қаңқасы» үлгісі
Бас сүйек қаңқасына жатады ми сауыты, бет бөлімдері
Ми сауыты бөлімі қандай сүйектермен байланысқан? - маңдай, төбе, самай, шүйде
Кеуде қуысын құрайтын сүйектер - 12 арқа омыртқа, 12 жұп қабырға, төс сүйегі
Омыртқа саны, омыртқаның құрылысы - 33-34, (денесі, доғасы, қабаттары, өзегі
Қолбасы сүйектерін ата
Білезікте қанша сүйек бар? - білезік, алақан, саусақ сүйектері (8)

Аяқ сүйектері

ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, табан, башпай сүйектері)
Қысқа сүйектерге жатады (омыртқа, алақан, табан, саусақ)
Жалпақ сүйектер
жауырын, бас сүйектері, қабырға, төс, жамбас сүйектері
Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімі қалай аталады? - еңбек
Аяқ бұлшық еттерінің әлсіз даму әрекетінен, табан сүйектерінің жерге толық тиіп тұруы қалай аталады? - жалпақ табандылық

Араласқан оқиғалар стратегиясы. (Себеп-салдар тізбегін құру)
(мойын, бел, арқа, құйымшақ, сегізкөз)
Мойын--- арқа--- бел--- сегізкөз --- құйымшақ

Өтілген тақырыптарды пысықтауға арналған тест сұрақтары:
1.Адам қаңқасында қанша сүйек бар?
А) 200
Б) 180
В) 204
Г) 195
2. Бел омыртқа саны
А) 7
Б) 5
В) 12
Г) 4-5
3. Қимылсыз байланыс
А) жілік
Б) омыртқа
В) бас сүйектері
Г) қол сүйектері
4. Омыртқа жотасында қанша иілім бар?
А) 4
Б) 2
В) 3
Г) 6
5.Қалдық ретінде тұтасып кеткен омыртқалар
А) мойын
Б)құйымшақ
В) бел Г) сегізкөз
Сызықтық диктант (интерактивті тақтада бір оқушы орындайды)
Дұрыс жауапқа «+», ал қате жауапқа «-» таңбасы қойыңыздар.

1. Ұзын сүйектер жілік деп аталады. «+»
2. Құрсақ қуысындағы мүшелерді- жамбас белдеулері сүйектері қорғайды. «+»
3. Мойын омыртқаның саны – 10 « - »
4. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі.«+»
5. Мешел ауруы Д дәруменінің жетіспеуінен болады.«+»
6. Ұзын сүйектерге жатады омыртқа сүйегі.« - »
7. Сүйектер шеміршек, буындар арқылы байланысады.«+»

Берілген сүйектерге “+” белгісін тиісті бағанаға қойыңыздар

Р/с Сүйектер Бас сүйек Қол қаңқасы Аяқ қаңқасы
1 Бұғана
2 Шыбық(садақ)сүйек
3 Шүйде сүйегі
4 Ортан жілік
5 Шынтақ сүйек
6 Ми сауыты
7 Жауырын
8 Асықты жілік
9 Тоқпан жілік
10 Толарсақ сүйектері
11 Білезік сүйектері
12 Жамбас сүйектері
13 Башпай сүйектері
14 Саусақ сүйектері

III. Мағынаны тану.
Жаңа материалды оқып-білу. (Оқулықпен жұмыс)
Оқушыларды екі топқа бөліп, оқулық мәтіні бойынша тапсырмалар беру.(дәптерге тірек сызбалар құрастыру)
І топ. «Сүйектің құрылысы». сыртқы тығыз және ішкі кемік заттары, сүйек қабығы.
ІІ топ. «Сүйектің құрамы»
Оқушылар берілген тапсырмаларды интерактивті тақтадағы слайдта үлкейтіліп берілген суреттер арқылы түсіндіреді. Сурет

1. Сүйектің құрылысы.
2. Сүйек тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпалардан түзіледі. Сыртында болатын сүйек қабы арқылы сүйек жуандап өседі, екі шетіндегі шеміршекті қабатындағы жасушаның бөлінуінен сүйек ұзарып өседі.
Сүйектің құрамында 50% су, 12, 5% нәруыз тектес ағзалық зат оссеин, 21, 8% минералды заттар, 15, 7% май болады, Не себептен циркке, баллетке, спортқа жастайынан баулитынын түсіндіру.
Сабақтағы жаңа материалдарды оқушылардың қалай меңгергенін тексеруін арналған тапсырмалар.
1. Сүйектің құрылысы
Тығыз ұлпа
Борпылдақ ұлпа
Сүйек қабы
Шеміршекті қабаты
Жуандап өсуі
Ұзарып өсуі
2. Сүйектің құрамы

Су оссейн минералды заттар май
серпімді иілгіштік морт сынғыштық

Сүйектің химиялық құрамын анықтау. «Калцийсіздендірілген және күйдірілген сүйек қасиеттерін зерттеу» тақырыбы бойынша зертханалық жұмыс жасау.
а) күн бұрын тұз қышқылының ерітіндісіне салынған сүйек.
б)Қышқылға салынған сүйекті іскекпен алып, суық сумен жуып, сүйектерді иіп көру және жіпке ұқсас түйін түю.
в)Кепкен сүйектерді сіріңкемен жағып көру.
Қорытынды. Жаққан сүйектердегі ағзалық заттардың жанып кеткеніне, қышқылға салынған сүйектердегі минералдық тұздардың еріп кеткеніне қорытынды жасау.
Сүйек ұлпасының серпімділік, созылмалылық және беріктік қасиеттері неге байланысты?
Егер сүйекті біраз уақыт тұз қышқылына салып қойса, ол жұмсарады.Оның құрамындағы минералды заттар қышқылдың әсерінен еріп, ерітіндіге бөлініп, органикалық заттар ғана қалады.Егер сүйекті жағатын болсақ, органикалық қосылыстар жанып, су буланып кетеді, үгітіледі.

Жас балалардың сүйегінде ағзалық заттар мөлшері көбірек.Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде ағзалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді.Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш келеді. Сүйектің химиялық құрамына ішкі секреция бездері әсерін тигізеді.Қалқанша безінің қасындағы гормоны сүйектің құрамын реттейді.Қалқанша безінің жұмысы күшейгенде сүйектегі минералды заттар(кальций, карбонаты мен фосфаты)нәжіс пен несеп арқылы шығып кетеді.Ал қалқанша безінің жұмысы нашарласа, онда сүйектің өсуі мен дамуы тежеледі.Қаңқаға салмақ түссе сүйек қалпын өзгертеді.Балерина аяғының ұшын тірек ететіндіктен, башпайының ұшы жуандап салмағы жеңілдейді.Дене шынықтырумен айналысу жаңа ғана қалыптасып келе жатқан қаңқаның жетіліп, нығаюына мүмкіндік береді.
Сүйектің байланысы(слайдтан)

1. Қозғалмайтын байланысқа - ми сауыты, сегізкөз сүйектері жатады.
2. Жартылай қозғалмалы - шеміршектер арқылы омыртқалар жатады.
3. Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға - аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады.
Буын - деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Буын қапшығындағы сұйықтықтың қызметімен оқушыларды таныстыру.
3) Сүйектердің байланысы

Қозғалмалы---------- аяқ-қол сүйектері
жартылай қозғалмалы---- омыртқалар
қозғалмайтын---------- ми сауыты, сегізкөз

ІҮ.Артық болмас білгенің, көкірекке түйгенің.
№ Хромтау гимназиясының медбикесі Жанна Нағашыбайқызы Утебаева. Сүйектің өсуіне дәрумендерде әсерін тигізеді.С дәрумені жетіспесе, сүйек ұлпасының химиялық, морфологиялық(құрылымы) және қызмет атқару жүйелері бұзылады.Қаңқаның дұрыс дамуына Д дәрумені әсер етеді.Мешел ауруымен ауырған баланың аяғы қисық, басы және қарны үлкен болады.(мешел баланың слайдта суреті)Дені сау адамға қарағанда мешел ауруымен ауырған адам сүйегінің құрамында минералды заттар 3 есе аз болады.Жас босанған аналарда Д дәруменінің жетіспеуінен сүйек аздап қисаяды.Д дәрумені жетіспеуі күннің күгін сәулесінің аз болуынан, тамақтың құрамында кальций мен фосфордың қажетті мөлшерінің өзгерунен ішек және бүйрек ауруларынан минералды заттардың сіңірілуінің бұзылуына байланысты.Күндіз бөлменің терезелерін қараңғылауға болмайды.
Сымбаттылық туралы айтылады.
Есіңде сақта!
Көбіне бір қолмен ауыр жүк көтерме;
Орындықта түзу отыр;
Спортпен шұғылдан;
Жұмсақ төсек пен жастыққа үйір болма;
Жарықтың дұрыс түсуі;
Ү. Тізбектен шығып қалма (ойыны)
Омыртқа --- арқа --- адам --- мишық --- қабырға--- асықты
«Тірек қимыл жүйесі» сөзжұмбақ шешу.
VI. Қорытынды. «Адам денсаулығы - қоғам байлығы.», «Өмір қимыл - қозғалысты талап етеді.» мәтелінің мағынасы түсіндіріледі. Денсаулық - басты нәрсе, ол үшін адам күнделікті өзін өзі күту, дұрыс тамақтану, тыныға отырып қажетті дене жаттығуларын жасап, дене тұлғасының дұрыс жетілуін қадағалау қажет.
Оқушылар білімін «Бағалау парағы» бойынша анықтау.
VII. Үй тапсырмасы. Параграф материалын оқып-білу сұрақтарына жауап беріп, тапсырмаларын орындау.
73 966
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер – тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері.
Сүйектер, бұлшық ет, сіңірлер – тірек қимыл жүйесінің құрамдас бөліктері.
Тірек қимыл мүшелер жүйесінің құрылысын, қаңқадағы әрбір сүйектің басқа сүйекпен ерекше байланысуын және буындардың құрылысын түсіндіру.
Сүйектердің құрылысы, құрылымы олардың пішіндері, қызметі.
Сүйектердің құрылысы, құрылымы олардың пішіндері, қызметі.
Сүйектердің құрылысын, орналасу реттілігін, олардың пішіндерін, қызметін түсіну. Сүйектің маңызын түсінеді, ажырата алады.
Сүйектердің құрамы, құрылысы, олардың пішіндері және қызметі
Сүйектердің құрамы, құрылысы, олардың пішіндері және қызметі
Сүйектердің құрамы, құрылысы, олардың пішіндері және қызметі. Түтікті сүйектердің өсуі. Сүйектің ішкі құрылысы. Сүйектің қызыл және сары кемігі. Сүйектің қызыл кемігінің қан түзілудегі рөлі.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау; Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
Сүйектің құрылысы, өсуі, химиялық құрамы (зертханалық жұмыс)
Сүйектің құрылысы, өсуі, химиялық құрамы (зертханалық жұмыс)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» Биология химия пәндерінің оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×