Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Онтогенез – организмдердің жеке дамуы

22 қараша 2018, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Онтогенез – организмдердің жеке дамуы
Мақсаты:
Білімділіқ: Организмдердің жеке дамуы, оның ерекшелігін, маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін арттыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа дағдыландыру, дүниетанымдарын дамыту.
Тәрбиелік: Өз бетінше тұжырым, қортынды жасауға, еркін жауапқа қатуға үйрету. Өз денсаулығын күтіп салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, СТО стратегиялары. Топтық жұмыс
Сабақтың пән аралық байланысы: Қазақ әдебиеті, Жануартану, Математика.
Сабақтың көрнекілігі: сызба - нұсқа, слаид, плакат, моделдер
Пайдаланған әдебиет: Р. Сәтімбеков «Биология» қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» 2007ж; Интернет желісінен алынған бейне көрсетілімдер. Сурет сызбалар. Қосымша дайындалған материалдар. Ұрықтың дамуы (бейнекөрсетілім).
Негізгі идея:
Жатырда қанды емізген,
Ауызсыз қорек жегізген.
Туғызып, түзеп өсіріп,
Өзімді – өзім дегізген.
(Шәкәрім)
Проблемалық сұрақ:
Онтогенез – бұл жеке тірі ағзаның дамуы.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу
І. Оқушы қызығушылығын ояту. «Менен сұрақ, сізден жауап»
ІІ. Мағынаны таны. «Білгенге маржан»
ІІІ. Ой толғау. «Бәрін білгім келеді»
Бағалау. «Бейнет түбі зейнет»
Үйге тапсырма

І. Оқушы қызығушылығын ояту. «Менен сұрақ, сізден жауап».
Үй жұмысын сұрау.
Көбею дегеніміз не? Организм қандай жолдармен көбейеді?

Топпен жұмыс. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырмалар таратылады.
1. Топ. Жынысты көбею. Партеногенез. Мейоз. Мейоздың биологиялық маңызы.
2. Топ. Жыныс жасушаларының дамуы. Сперматогенез. Овогенез. Ұрықтану. Ұрықтанудың биологиялық маңызы.
3. Топ. Гүлді өсімдіктердің ұрықтану ерекшеліктері. Қосарлы ұрықтану

Миға шабуыл:
1 - топқа: Көбею дегеніміз не? 2 - топқа: Митоз неше фазадан тұрады?
3 - топқа: Қандай көбею жолдарынын білесіндер?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:
1. Эмбриология ғылымының даму тарихы (оқушылардың хабарламалары)
К. Бэрдің еңбегі
К. Бэр «Ұрықтың ұқсастығы» жөніндегі ілімінде барлық омыртқалы жануарлардың ұқыртық дамуының бастапқы кезеңі өт е ұқсас екендігін дәлелдеді. Нәтижесінде «ұрықтың ұқсастығы заңын» ашты. Бұл заң бойынша ұрықтық даму кезінде, алдымен, типтің, одан кейін кластың, туыстың, түрдің, ең соңында, организмнің өз белгілері пайда болады.

Ковалевский мен Мечников еңбектері
А. О. Ковалевский ланцетниктің эмбрион жасушаларын зерттеді. Зерттеудің нәтижесінде, ұрықтың бастапқы кезінде пайда болған жапырақшалар соңынан эктодерма, энтодерма және мезодерма қабаттарына айналатындығын дәлелдеді.

Мюллер мен Геккель еңбектері
Эволюциялық даму жөніндегі Ч. Дарвиннің пікірлері, К. Бэр, А. О. Ковалевский мен И. И. Мечниковтің және т. б. эмбриологтардың еңбектері неміс ғалымдары Ф. Мюллер мен Э. Геккельдің биогенетикалық заңының негізінің қалануына әсерін тигізді. Биогенетикалық заң бойынша онтогенез дегеніміз – филогенездің (тарихи даму) қысқаша қайталануы болып табылады.

2. Онтогенез – организмнің жеке дамуы:
а) эмбриогенез (ұрықтық даму)
ә) постэмбриогенез (ұрықтан кейінгі даму)
а) Бір қабатты ұрықтың – бластуланың түзілуі.
Ұрықтанған жасуша, алдымен, екіге, одан соң төртке бөлінеді. Бұдан кейінгі бөліну көлденең бағытта жүріп, сегізге, одан кейін бойлай бөліну мен көлденең бөліну кезектесіп, нәтижесінде, 16, 32, 64, 128, т. б бластомерлерге айналады. Бір қабатты іші қуыс бластулаға айналады.
Гаструла. Үш қабатты ұрықтың пайда болуы
Гаструла – іші қуыс екі қабат жасушалардан тұратын ұрық. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады. Гаструла сатысындағы сыртқы қабатты – энтодерма немесе сыртқы ұрық жапырақшасы деп атайды. Энтодерманың ішкі қуысы бірінші реттік ішектің, ал оның сыртқы ашылатын тесігі бірінші реттік ауыздың бастамасы болып есептеледі.

Нейрула.
Нейрулла сатысы кезінде дернәсілдің немесе ересек организмнің жеке мүшелері дами бастайды. Эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп төмен түседі де, одан жүйке тақташасы түзіліп, ол жүйке түтігіне айналады.

ә) Постэмбриондық даму: 1) тура даму (ересегіне ұқсас болу)
2) түрленіп даму (дернәсілінің ересегіне ұқсас болмауы)
Онтогенез – организмдердің жеке дамуы жүктеу
Онтогенез – организмдердің жеке дамуы слайдты жүктеу
3 148
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Эбрионалдық және постэмбрионалдық ағзалардың дамуы
Эбрионалдық және постэмбрионалдық ағзалардың дамуы
Ағзалардың (онтогенез) жеке дамуы туралы білімді қалыптастыруды жалғастыру; организмдердің арасындағы туыстықты анықтау үшін биогенді заңның мәнін, сондай - ақ оның маңызымен танысу.
Организмдердің жеке дамуы
Организмдердің жеке дамуы
Тақырыбы: Организмдердің жеке дамуы.
Онтогенез - организмдердің жеке дамуы
Онтогенез - организмдердің жеке дамуы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейінің биология пәнінің мұғалімі Байназарова Мәншүк
Тіршіліктің анықтамасы. Тірі организмдердің қасиеттері, тіршілік деңгейлері
Тіршіліктің анықтамасы. Тірі организмдердің қасиеттері, тіршілік деңгейлері
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Панфилов атындағы орта мектеп Биология - экология пәні мұғалімі Суттикожанова Сандугаш Айтмуханбетовна
Онтогенез - организмнің жеке дамуы және тұлға
Онтогенез - организмнің жеке дамуы және тұлға
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ойыл селосы, Ойыл қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Қарағұлова Бибігүл Бақытжанқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақытжанова Зина Айдарбекқызы
Организмдердің көбеюі және жеке дамуы
Организмдердің көбеюі және жеке дамуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы № 32 мектеп - гимназиясының биология пәні мұғалімі Утарова Жанат Жакиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×