Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Организмдердің жеке дамуы

04 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: «Организмдердің жеке дамуы (онтогенез) түсінігі. Бөліну, өсу, жасушалардың жіктелуі, органогенез, көбею, картаю, организмнің өлуі»

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға «онтогенез», «бластула», «гаструла», «нейрулла» ұғымдары туралы түсінік беру, организмдердің жеке дамуын және эмбриология ғылымын түсіндіру, онтогенез жайында білімін кеңейту.
2. Дамытушылық: Ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру, өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға теориялық білімді меңгерте отырып танымдық қабілеттерін арттыру, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, биологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу
4. Әдістемелік: Әр түрлі сұрау әдістерін, техникалық оқу құралдарын пайдаланып (фронтальды сұрау, құпия сөз, биологиялық диктант, сыр сандық), білімгерлердің білімін бағалау
Сабақтың типі: саяхат
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Пәнаралық байланыс: химия (зат алмасу)
Пәнішілік байланыс: «Митоз жыныссыз көбеюдің және көпжасушалы организмдер өсуінің негізі, оның фазалары және биологиялық маңызы», «Организмдердің жыныссыз көбею формалары: жасушалардың митоздық бөлінуі, споратүзу, бүршіктену, вегетативтік көбею», «Жынысты көбею. Мейоз, оның биологиялық маңызы. Сперматогенез. Овогенез»
Сабақтың уақыты: 45 минут
Өткізілетін орны: Компьютерлік сынып
Көрнекі құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар, оқулықтар, билеттер, плакаттар

I. Ұйымдастыру кезеңі 2 – 3 мин.
1. 1. Сәлемдесу
1. 2. Оқушыларды түгендеу
1. 3. Аудитория және оқушы дайындығын тексеру
1. 4. Сабақтың тақырыбымен жоспарымен мақсатымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 5 – 10 мин.
Тақырыбы: «Ұрықтанудың биологиялық маңызы.»
2. 1. Көбею облысы
« Митоз» әуежайы - фронтальды сұрау (лото билеті)
Билет сұрақтары:
1. Жасушаның бөліну аралықтары қалай аталады? 2 (жынысты, жыныссыз)
2. Жасуша бөлінуінің қандай жолдары бар? Нағыз жыныссыз, вегетативті көбею
3. Ядроның бөлінуі қалай аталады? гамета
4. Цитоплазманың бөлінуі қалай аталады? Табиғатта сирек болатын жынысты көбеюдің ерекше түрөзгерістерін айтады.
5. Бөлінуге дайындық кезеңі қалай аталады? Редукциялық, эквационды
6. Интерфаза қанша кезеңнен тұрады? Хромосомалардың өзара жақындасуы
7. Митоз қанша кезеңнен тұрады? Аталық жыныс жасушаларының даму процесі
8. Хромосомалардың жіңішкеріп, жуандауы қай фазада жүреді? Жалпы аталық және аналық гаметалардың дамып жетілуі
9. Хромосомалардың толық жиынтығы қалай аталады? овогенез
10. Тауықта хромосомалар жиынтығы қанша болады? Аналық және аталық жыныс жасушалары ядроларының қосылуы
11. Табиғатта көбеюдің қанша түрі бар? Жасуша циклі
12. Жыныссыз көбеюдің қандай түрлері бар? Митозды, амитозды, мейозды
13. Жыныс жасушаларын қалай атайды? кариокинез
14. Партеногенез дегеніміз не? цитокинез
15. Мейоз қандай кезеңдерден тұрады? Интерфаза
16. Коньюгация дегеніміз не? 3
17. Сперматогенез дегеніміз не? 5
18. Гаметогенез дегеніміз не? профазада.
19. Жұмыртқа жасушасының дамуы қалай аталады? диплоидты
20. Ұрықтану дегеніміз не? 78

2. 2 «Мейоз» әуежайы - берілген ребусты шешу. (Көбею облысы)
Жауабы: Жеке даму - онтогенез

Жаңа сабақтың тақырыбын баяндау, түсіндіру 20 - 25 мин.
3. 1. Тақырыбы: «Организмдердің жеке дамуы (онтогенез) түсінігі. Бөліну, өсу, жасушалардың жіктелуі, органогенез, көбею, картаю, организмнің өлуі»
Жоспары:
1. Эмбриология ғылымының дамуы
2. Эмбриондық кезең
3. Постэмбриондық кезең

3. 2. Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды

IV. Жаңа тақырыпты тұжырымдап бекіту 7 мин.
4. 1. Онтогенез облысы
«Бластула» әуежайы – ұяшықтағы жасырылған сұрақтарға жауап беру
1. Эмбриология ғылымы нені зерттейді? (Организм ұрығының дамуын зерттейді)
2. Бластомерлер дегеніміз не? (Митоздық бөліну нәтижесінде пайда болған бөлшектер).
3. Гаструла дегеніміз не? (Іші қуыс екі қабат жасушалардан тұратын ұрық).
4. Нейрулла дегеніміз не? (Гаструла сатысынан кейінгі ұрықтың даму процесі)
5. суретте берілген ұрықтың даму сатысын атап беріңіз? А - ұрықтанған жасуша, Ә - жасушаның екіге бөлінуі, Б - жасушаның төртке бөлінуі, В - жасуша
6. суретте берілген ұрықтың даму сатысын атап беріңіз? Г - 16 жасуша, Ғ - 32 жасуша, Д - бластула, Е - кесіп көрсетілген бластула

4. 2. Онтогенез облысы
«Гаструла» әуежайы - көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып жазу (биологиялық диктант орындау).
1. Гаструла сатысындағы сыртқы қабатты.............. немесе сыртқы ұрық жапырақшасы деп атайды.
2. Гаструла сатысындағы ішкі қабатты............. немесе ішкі ұрық жапырақшасы деп атайды.
3. Онтогенез.........,................ және............ сатыларының негізінде дамиды.
4. Бір қабатты ұрық.............. деп аталады.
5. Үш қабатты ұрық................ деп аталады. 6. Грекше embryon -.............., logos -........... мағынаны білдіреді.

V. Сабақтың қорытындысы 3 мин.
Оқушыларды бағалау.

VI. Үй тапсырмасы 1 мин.
«Организмдердің жеке дамуы (онтогенез) түсінігі. Бөліну, өсу, жасушалардың жіктелуі, органогенез, көбею, картаю, организмнің өлуі»
22 765
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Онтогенез – организмдердің жеке дамуы
Онтогенез – организмдердің жеке дамуы
Ұрықтанған жасуша, алдымен, екіге, одан соң төртке бөлінеді. Бұдан кейінгі бөліну көлденең бағытта жүріп, сегізге, одан кейін бойлай бөліну мен көлденең бөліну кезектесіп, нәтижесінде, 16, 32, 64, 128, т. б бластомерлерге айналады. Бір қабатты іші
Еуропаның халқы
Еуропаның халқы
Еуропаның халқы, тілдік, діни, ұлттық, жастық, жыныстық құрамдары, еңбек ресурсы жөнінде түсіндіру. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Эбрионалдық және постэмбрионалдық ағзалардың дамуы
Эбрионалдық және постэмбрионалдық ағзалардың дамуы
Ағзалардың (онтогенез) жеке дамуы туралы білімді қалыптастыруды жалғастыру; организмдердің арасындағы туыстықты анықтау үшін биогенді заңның мәнін, сондай - ақ оның маңызымен танысу.
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу орта мектебі " ММ - нің биология пәні мұғалімі Сауле Шаханова
Онтогенез - организмдердің жеке дамуы
Онтогенез - организмдердің жеке дамуы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейінің биология пәнінің мұғалімі Байназарова Мәншүк
Организмдердің көбеюі және жеке дамуы
Организмдердің көбеюі және жеке дамуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы № 32 мектеп - гимназиясының биология пәні мұғалімі Утарова Жанат Жакиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×