Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гүлдің құрылысы

31 наурыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Биология
Тақырыбы: Гүлдің құрылысы
Білімділік мақсаты: Көбею мүшесі гүлдің құрылысы, гүл бөлімдерінің қызметі туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты: Жергілікті және бөлме өсімдіктерінің гүлдері туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік мақсаты: Туған жер табиғатын қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, жеке, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, математика.
Көрнекілігі: Электронды оқулық, компьютер, түрлі суреттер жинағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
Үй тапсырмасын тексеру. Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей
Кестедегі өсімдіктердің жапырақтары қандай түр өзгеріске ұшырағанын әр түрлі өзгерістің бас әрпімен белгілеп тұсына көрсет («Қ» - қабыршақты; «Т» - тікенді; «Ұқ» - ұстағыш құрал; «М» - мұртша; «Ш» - шырынды).

ІІ деңгей
Биологиялық диктант
1. Сояу..............., тікен............... түр өзгерісі.
2. Тікенекті жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы.................
3. Жапырақ тақтасының жиегі үшкір тікенекті болса................. тікенге айналған болады.
4. Жапырақта қорға жиналған қоректік заттар................. жұмсалады.
5. Орамға айналған жапырақтар................... сыртын орап тұрады.
6. Әлсіз сабақтары жерге жатып қалмас үшін жапырақтары................. айналған.
7. Қоректік заттарды қорға жинау үшін жапырақтары шырынды болып түрін өзгерткен өсімдіктер..................
8. Мұртшалы өсімдіктерге................. жатады.
9. Жапырақтағы тікен................. оңай алынады.
1. Жүйкелерінің ұшы ғана
2. Сабақтың, жапырақтың
3. Малға жем болудан сақтану, ылғалды үнемдеу
4. Қабығымен қоса
5. Мұртшаға
6. Асбұршақ, үрмебұршақ, сиыржоңышқа
7. Жүгері собығының
8. Бозкілем, орамжапырақ, пияз, түбіртек
9. Өркеннің дамуына

ІІІ деңгей
Өсімді жолмен көбеюдің нөмірлерін көшіріп алып, олардың тұсына сол жолмен көбейетін өсімдіктердің нөмірлерін жазыңдар.
І. Мұртшаларымен.
ІІ. Сабақ қалемшелерімен.
ІІІ. Сұлатпа өркендерімен.
ІV. Түйнектерімен.
V. Пиязшықтарымен.
VІ. Тамырсабақтарымен.
VІІ. Тамыр қалемшелерімен.
VІІІ. Жапырақ қалемшелерімен.
1. Еменді тоғай жауқазына.
2. Қаратерек.
3. Бастыпияз.
4. Кәдімгі тұшала.
5. Ешкітал.
6. Картоп.
7. Орман қойбүлдіргені.
8. Қарақарақат.
9. Жатаған бидайық.
10. Кәдімгі малина.
11. Король бегониясы.

І. Қызығушылығын ояту.
- Мүше дегеніміз не?
- Мүшелер нешеге бөлінеді?
- Өсімді (вегетативті) мүшелерді атаңыз?
- Көбею (генеративті) мүшелерді атаңыз?
Электронды оқулықтан бейнеролик көрсету.
Мұғалім:
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер
Қызыл гүлдер, көк гүлдер
Жайнар кезім келді деп
Қанаттарың желбіреп
Таңмен бірге оянып
Күн нұрына боянып
Көрік бердің далаға – деп Тұманбай Молдағалиев атамыз жырлағандай бүгінгі өтетін тақырыбымыз не туралы болмақ?
- Гүлдің құрылысы
Гүл туралы не білеміз? Өз ойларыңызды түйіндеп дәптерге түсіріңіздер. 1' эссе.
Мағынаны тану:
Кітаппен жұмыс. 5'
І топ. Көбею мүшелері.
ІІ топ. Күлте.
ІІІ топ. Гүл серігі.
ІV топ. Аналық.
Электрондық оқулықтан гүл бөлігін көрсету.
Тапсырма
І топ. Кітаппен жұмыс. Біліміңді тексер.
ІІ топ. Компьютерде гүлдің құрылысын жазу.
ІІІ топ. ТИ кестесін толтыру.

ІV топ. Сәйкестігін тап. Гүл бөлімдерін орналастыру.
№12 зертханалық жұмыс
Бөлме өсімдіктерінің гүл бөлігін тауып, кітаптағы суретпен салыстыру.

Танымдық бақылау
Жоңышқаның бір гүлшоғырында 8 мг шірне болады. Бал ара 500г шірне жинау үшін неше гүлшоғырға қонуы тиіс.
500: 0, 008 = 62500 гүл шоғыры.
Мына сөйлемдердегі гүлге қатысты сөздердің астын сыз
1. Бүгін Гүлжамила маған бір тостаған шай мен бір қасық май әкелді, шайын ішіп, майын аузыма, мойныма жақтым.
2. Айгүл табанымен шоқ басты.

Жергілікті жерде және мектеп үлескісінде өсетін гүлдерге шолу.
Қызғалдақ – лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. «Тюльпан» негізінен түрік сөзі, бас киім деген ұғымды білдіреді. Түріктерде «Тюрбан» деп аталатын қызғалдаққа ұқсас бас киім бар екен. Осы уақытқа дейін қызғалдақтың отаны – Голландия болып саналатын. 2001 жылы Алматы қаласында «Қызғалдақ және адам» атты халықаралық фестиваль өткізілді. Осы фестивалде қызғалдақтың бірінші отаны – Қазақстан, ал екінші отаны – Голландия деп хабарланды. Нидерланд елінің ханшайымы Беатрис Елбасымызбен кездесуде: «Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азияны жалғастырса, қызғалдақ Қазақстан мен Голландияны және басқа да елдерді жалғастырды. Қызғалдақтың сіздің елде кездеспейтін жері жоқ екеніне көзіміз жетті. Ұлы Жібек жолы кезінде, қызғалдақ әлем елдеріне таралғаны дәлелденіп отыр. Сондықтан қызғалдақтың отаны – Қазақстан екенін әлем мойындап отыр» - деген болатын.

Қызғалдақ:
Кім білмес қыр аруы қызғалдақты,
Өң беріп көркейтеміз біз әр бақты.
Сәні деп өміріңнің, көңіліңнің,
Сый етіп мені жігіт қызға арнапты.
Алқызыл күлте жайып үлбіреген,
Дәл мендей болды қандай гүл жыр, өлең
Көктемде көк белестің еркесі боп,
Ашылам таңдай болып түн түре мен.

Інжугүл – бұл да лалагүлділер тұқымдасына жатады. Інжугүлдің хош иісі, көз қуантар әдемі гүлдері кез келген адамды толғандырмай қоймайды. Май айының алғашқы күндері бүкіл Париж інжугүлге малынып кететін көрінеді. Бұл күнді «Інжугүл күндері» деп мейрамға айналдырған. Уақытында атақты сазгер П. И. Чайковский «Мен інжугүлді гүлдер патшасы деп білем», - деген екен. Бір қызығы ол сүйікті гүліне арнап музыка емес, өлең шығарған. Ал, ол сөзге сазгер А. С. Аренский музыка жазған. Сонымен халық арасында «Дем беруші», «Шабыт беруші» аталған інжугүл, Қазақстанда тек Орал өңірінде өседі.

Інжугүл:
Көктемнің алғаш гүлінің
Інжугүл атты бірімін.
Адамдықтың, достықтың
Куәсімін, жырымын.
Гүлдің құрылысы жүктеу
5 196
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы
Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы
Тұқымды өсімдіктердің көбею мүшесі ретінде гүлдің құрылысын қайталау. Гүлді өсімдіктердің тозаңдану тәсілдерін зерттеу. Айқас және өздігінен тозаңдану түрлерін салыстыру.
Жапырақтың ішкі құрылысы
Жапырақтың ішкі құрылысы
жарық және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің жапырақ құрылысындағы ерекшеліктерін, жалпы барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерге тән – жапырақтың ішкі құрылысын түсіндіру.
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Гүлдің құрылысы
Гүлдің құрылысы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Төреханова Жанна
Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелер арқылы көбею жолдары
Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелер арқылы көбею жолдары
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы №131 орта мектебінің биология пәні мұғалімі: Изтелеуова Динара
Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы
Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы
Гүлдің құрылысы туралы алған білімдерін тексеру Аналық пен аталықтың қызметі мен құрылысымен таныстыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×