Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелерінің аурулары

19 шілде 2019, Жұма
Категориясы: Биология
8 сынып
Сабақ тақырыбы: Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелерінің аурулары
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Зәр шығару мүшелері, зәр шығару мүшелерінің ауруларының алдын алу маңыздылығын түсіндіріп, білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін жетілдіру мақсатында оқушылардың дүниетанымын тапсырмалар арқылы дамыту;
Тәрбиелілік: Бүйрек аурулары, олардың алдын алу жолдарын айта отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративті, топтық, жұптық, жеке жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, бүйрек суреті және макеті, доп, видеоматериал, перфокарталар, адам макеті.
Оқыту технологиясы: АКТ, АК, сын тұрғысынан ойлау, SWOT талдау, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: медицина.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Түгелдеу. Шаттық шеңбері: «Тамаша екен!». Топқа бөлу: Балалар мен сіздерге мынадай сусындар алып келдім, бұл жай сусындар емес астында топ аттары «ЖАСУША», «ҰЛПА», «МҮШЕ» жазылған сол бойынша орындарыңа жайғасуларыңа болады.
Сарапшылар: балалар әр топта бір оқушының орындығына стикер жабыстырылған, кімнің орындығында стикер бар сол оқушы өз тобының сарапшысы, сабақ соңында өз тобының жұмыс нәтижесін айтып өтеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: дұрыс жауапқа бір смайликтен. «Мылқау сурет» С, А, В, D, PP, Лунин суреті - дәрумендер қызметін айту. Баалалар допты бір - біріне лақтыру арқылы «Сен бізді білесің бе?» витаминдер қызметі туралы бір - біріне сұрақтар қояды.

ІІІ. Бейнематериал: Әр топ не көрді айтайықшы. Қалай ойлайсыздар бүгін біз не жайында әңгіме өрбітпекпіз? Иә, зәр шығару жүйесі және зәр шығару мүшелерінің ауруларын қарастырамыз.

ІV. Ассоцияция құру: «Зәр шығару мүшелерінің аурулары» дегенді естігенде бірден ойларыңа не келеді? Бүйрегім аурулары дегенде қалай ауырсынады ойларыңды жазыңдар. Топтық жұмыс. Орындап болған топ екі рет шапалақ ұрып тапсырманы аяқтағандарын білдіреді. Балалар білімдерін ортаға салады, ал енді осы білімдеріңді осы сабақта ары қарай толықтырып тереңдете түсейік.

V. Жаңа сабақ: Дәп терімізді ашып бүгінгі күнді жазайық. Тақырып: «Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелерінің аурулары».
Біз күнделікті пайдаланатын тағам асқазанда қорытылып болған соң ағзамызға қажетті мөлшерде ғана тағам сіңеді де метоболизмнің соңғы ыдырау өнімдері сыртқа шығарылады. Артық ас - ішек арқылы, көмірқышқыл газы - өкпе арқылы, фосфор қышқылы, несепнәр, ас тұзы, су тер бездері арқылы тер түрінде шығарылады, су, тұз, улы заттар бүйрек арқылы зәр түрінде шығарылады, сөйтіп ағзаны уланудан сақтайды.
Зәр шығару жүйесі: 2 бүйрек 2 несепағар қуық зәр шығару өзегі.
Бүйрек
Бүйрек - үрмебұршақ пішінді жұп мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері орналасқан. Адам бүйрегінің массасы 150 грамм. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады. Бүйрек құрсақ қуысында 1 - 2 - бел омыртқаның екі жағында орналасқан. Ол үрмебұршақ пішінді қызғылт - қоңыр түсті. Оң жақтағы бүйрек сол жақтағы бүйректен 1, 5 - 2см төменірек орналасады. Өйткені оң жақ бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы түседі. Бүйректің сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс. Ойыс жағы омыртқа жотасына қарай бағытталған. Бүйректің ойыс жағында шағын қуысы болады, оны бүйректің астаушасы дейді. Ойыс жағында бүйрек артерия тамырлары, бүйрек вена тамырлары, жүйке талшықтары мен несепағар жолдары болады. Бүйректің бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады.
Әрбір бүйректің салмағы шамамен 150 г. Бүйректің сыртын қалың май қабаты қаптайды. Бүйрек қоңырқай түсті сырты қыртысты және іші бозғылт түсті милы заттан түзілген. Бүйректің құрылысы өте күрделі. Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі - нефрон(гр. nefron - бүйрек) деп аталады. Әрбір бүйректе 1 миллионнан астам нефрон болады. Нефронның өзі екі бөлімнен тұрады. Сыртынан қоршап жатқан бөлімі — бүйрек денешігі деп аталады, ол қыртысты затта орналасқан. Екінші бөлімі — нефрон өзекшелер, олар бүйректің иір - иір болып шумақталып, боз затқа орналасады. Нефрон өзекшелеріиректеліп әрі өзара қосылып жинағыш түтікшелерді құрайды. Олар тікелей пирамидалармен байланысқан.
Бүйректе артерия қантамырлары 2 рет қылтамырлар шумағын құрайды. Адам денесіндегі басқа мүшелерде ұсақ қантамырлар бір - ақ рет қылтамырлар шумағын құрайды.
Тәулігіне 1500 - 1700л қан бүйрек арқылы сүзіліп өтеді. Қан ағзаның жасушаларынан жиналған зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды тазартатын - бүйрек.
Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелерінің аурулары. жүктеу
6 066
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Алгебра 9 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Алгебра 9 сынып
Күнтізбелік тақырыптық жоспар Алгебра 9 сынып
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың нейрогуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу.
Бөліп шығарудың маңыздылығы. Бөліп шығару өнімдері
Бөліп шығарудың маңыздылығы. Бөліп шығару өнімдері
Өсімдіктер мен жануарлардың бөліп шығару өнімдерін салыстыру; Ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп шығарудың маңыздылығын түсіндіру;
Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Тыныс алу мүшелерінің аурулары, олардың пайда болу себептерін, аурудың жұғуы жолдары, ауру белгілері, емделу жолдары, алдын алу шаралары
Терінің атқаратын қызметі
Терінің атқаратын қызметі
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев Жаңажол орта мектебінің биология пәні мұғалімі Шакирбаева Маржан Адырбайқыз
Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы
Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы
Атырау қаласы, Балықшы кенті, Абай атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Жұмабаева Райса Биғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×