Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұмыр құрттарға жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.

23 ақпан 2013, Сенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Жұмыр құрттарға жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты: Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктеріне жалпы сипаттама беру.
Білімділік: Оқушыларға жалпақ құрттарды естеріне түсіре отырып, жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктерге түсінік беру.
Дамытушылық:. Жаңа сабақтағы басты мәселеге назарын аударып, жеке тұлғаның ойлау және есте сақтау қабілетін жетілдіріп, шығармашылық ізденісін дамыту
Тәрбиелеу:
Сабаққа өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуға ықпал ету, жауапкершілікке, өз бетімен еңбектенуге, өзін - өзі басқаруға үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды қалыптастыру
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі.
Пәнаралық байланыс: медицина.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, құрттар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
ІV. Сабақты қорытындылау.
V. Оқушыларды бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен амандасу.
• Сыныпты түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. 1. Суретке қарап жануарларды ата:
2. Тип неліктен жалпақ құрттар деп аталады, бұлардың негізгі ерекшеліктері неде?
3. Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан айырмашылығы қандай?
4. Жалпақ құрттар қалай көбейеді, олардың даму айналымы қалай жүзеге асады?
ІІ. Сөзжұмбақ
1. Жалпақ құрттардың ас қорыту мүшесінің бір бөлігі.
2. Еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт.
3. Зоология ғылымының құрттарды зерттейтін саласы.
4. Жаңа жүйе.
5. Денесінің үшінші қабаты
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

Жұмыр құрттардың денесі 3 қабаттан тұрады
1. Ең сыртқы қабаты - сірқабық
2. Ортаңғы қабат - гиподерма
(тері астындағы қабат)
3. Ең астындағы қабат - бірыңғай салалы бұлшықет
Тыныс алу және қантарату жүйесі болмайды. Жүйке жүйесі жалпақ құрттарға ұқсас. Сезім мүшелері өте нашар дамыған.
Жіпшеқұрт - өсімдік тамырында ауру тудыратын паразит жәндіктер. Шаруашылыққа зияны көп.
Мөлшері 1 мм - ден аспайды. Ол балық жейтін тірі ағзаны зақымдайды. Ол адамның, мысықтың, иттің шошқаның ішек – қарнын зақымдайды. Ол ішек қарын ауруларын тудырады. Ол балықтың уылдырығында көп кездеседі. Егер адам зақымданған шортанды, балықты жесе ол адам ағзасына еніп, зақымдайды. Оның жұмыртқасы тірі ағзаға енген соң екі айдан кейін ұзын лентаға айналады. Бұл паразиттің өмір сүруі 10 жыл.

Жұмыр құрттардың қылқұртқа ұқсас бір түрі - суыртқы. Оның аналығының ұзындығы - 150 см, жуандығы - 0, 2 мм шамасында. Бұл - адам үшін өте қауіпті паразит, көбінесе Оңтүстік және Орта Азияда кездеседі. Суыртқының аналығы әсіресе аяқ терісінің астында паразиттік жолмен өмір сүрелі. Құрт орныққан аяқтың басы алғашында қышып, қызарады. Соңынан ісініп, іріңді жараға айналады. Суыртқыны денеден суырып алу өте қиын. Оны жарадан шығару үшін жіңішке шырпыға немесе өсімдіктің жіңішке бұтақшасына орап, суырып алады.
Ересектерден гөрі жасөспірімдер мен балалардың аш ішегінде орнығатын, екі ұшы да сүйірленіп келген, дене тұрқы 20 см - ге дейін жететін ақшыл немесе сарғыш түсті жұмыр құрт - ішексорғы деп аталады
Трихинелла(Trichinella spiralis)
Өте ұсақ болып келеді. Ұзындығы 1 - 4 мм. Ірі гельминттар адам ағзасында тез дамиды.
Ол адамның, қасқырдың, түлкінің, иттің, мысықтың, шошқаның, аюдың, борсықтың ішек қарнына еніп, зақымдайды. Трихинелла бір айда 2000 тірі личинка шығарады. Ол ішектің қабырғасы арқылы қанға одан бұлшықетке өтеді. Ол адам ағзасына шикі, шала піскен жабайы жануарлар еті арқылы адам ағзасына енеді.
Үшкірқұрт.(Enterobius vermicularis)
Өте үлкен және аталығы мен аналығы бөлек орналасқан нематод. Аталығының ұзындығы 20 - 40см, ал аналығының ұзындығы 15 - 25см. Үшкірқұрттың ұшқы жағы үшкірлеу және ақшылт болып келеді. Бас жағын микроскоппен қарағанда үш ірі ерні болады. Аналығының құйрығы әрдайым майысып тұрады. Жасушаның ішінде бір жасуша бар, ол қара түсті болып келеді.
Жіпшеқұрт - өсімдік тамырларында
Қылқұрт – бунақденелілердің денесінде
Суыртқы - тері астында Паразитті тіршілік етеді
Трихинела - бұлшықеттерде
Ішексорғы, үшкірқұрт – ішекте

Медбикенің кеңесі
БАЛАЛАРДАҒЫ ІШЕК – ҚҰРТТАРЫ
Ішек - құрт ауруы паразитарлық ауруға жатады. Ең көп таралған – домалақ құрттар барлық ішек - құрттағының ішінде көбінесе аскаридалар (ұзындығы 20 - 25см аскаридоз ауруын шақырады) және острицалар (3 - 7мм) бұлар энтерибиоздың себебі болып табылады. Ағзаға түскен құрттар сол ағза есебінен өмір сүреді. Ондағы ақуыз, микроэлементтер мен дәрумендер арқылы қоректенеді. Осының салдарынан ағзада зат алмасу жұмысы бұзылып дәрумендер тапшылығы болып қан аздыққа алып келеді. құрттардың негізгі қауіптілігі олар аллергия шақырып, иммунитетті төмендетеді.

Ішек - құрт аурулары әсіресе өсіп келе жатқан бала ағзасында психикалық және физикалық бұзылуға әкеледі. Бойдың өсуі төмендейді, жыныстың жетілуін тежейді, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Ішек - құрттары ішекте мекендеп, дәрумендерді сіңіру қызметін бұзады. Дисбактериоз келесі белгілермен көрініс береді: іштің ауруы, кебуі. Сол себепті балада мазасыздық, ұйқысыздық оқу қабілеті төмендегені байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралып, нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеріліп, емдік дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.

Аурудың алдын - алу үшін қолды сабынмен тазалап жуу, қайнатылмаған су ішпеу, жеміс – жидектерді мұқият жуу, ыстық сумен шаю керек.
Ішек - құрт ауруы әсіресе балаларда мектепке дейінгі мекемелерде бастауыш сынып балаларында жиі кездеседі. Балалар арасында ішек - құрт жұмыртқаларын тексергенде көбінесе теріс нәтиже береді. Құрт жұмыртқалары нәжісте көбіне көріне бермейді. Көбінесе топырақта ішек құрт жұмыртқалары ұзақ уақыт өмір сүреді. Сол себепті жылына екі рет алдын – алу мақсатымен ем жүргізіп тұру қажет.
Қортынды: Ішек – құрт ауруларын анықтауда клиника лабораториялық және емдік әдістердің дамуы арқасында соңғы жылдары ішек - құрт ауруларының төмендегені байқалды. 2009 ж - 3, 2010 ж - 1, 2011 ж - 0.
Ішек құрттарынан қалай құтылуға болады?
Шымкенттегі «Сауықтыру орталығында» істейтін суджог - терапевт Гүләйім Асқарова ішек құрттарын жапондық «Зингда» аппаратымен 2 - 3 күнде түсіруге болатынын айтады. Бұл аппаратта арнайы магниттік қондырғы болады екен. Сол қондырғыны шалқасынан жатқызылған адамның асқазан, бауыр, көкбауыр, ішек тұстарына апарып, әуелі оңға қарай, содан кейін солға қарай 4 минуттан айналдырғанда магниттің айналу әсерінен ішекқұрттар бөлшектеніп, нәжіспен бірге түсіп қалатын көрінеді. «Оның қорқынышты түгі де жоқ, – дейді Гүләйім Ерматқызы.

Ол денені, тәнді ауыртпайды, қайта массаж сияқты әсер етеді. Бар - жоғы 8 минутта магниттің айналуы арқылы құрттар жансызданып, өздігінен, табиғи түрде түседі. Бұл процестің денсаулыққа ешқандай да зияны жоқ. Қайта адам ағзаны іштен кемірген сан түрлі дерттен оңай арылады. «Зингда» арқылы ересектер ғана емес, жас балалар да ішек құрттарынан арыла алады.

Жақында «Зингда» аппараты арқылы эхинококкозбен ауырып, операцияға дайындалып жатқан жасөспірімнің құртын түсірдік. Бауырындағы жылан секілді ұзынша құрттан құтылған бала бізде екі апта ем қабылдады. Өйткені құрттардан толық арылудың емдік курсы 14 күн. Қазір ол жігіт тиісті дәрілерін қабылдап, демалып жатыр. Эхинококкоздан операциясыз құтылғанына қуанышты».
Аталмыш сауықтыру орталығының мамандары келушілерін Ресейден әкелінетін «Сібір денсаулығы» корпорациясының дәрілері арқылы да емдейді екен. Бұл дәрілердің елімізге әкеліне бастағанына үш айдың ғана жүзі болыпты. Ішек құртын түсіргісі келген адам ағзасын дайындау үшін алдымен осы шөп дәрілерді ішуі керек екен.

Бұл қандай дәрілер?
«Лимфосан - П» деген дәріні он екі елі ішек, асқазан жолдарында құрттары бар адамдар ішеді. Ал «Лимфосан - Г» дегенді бауыр жолдарындағы құрты барлар, «Лимфосан - Е» аш ішек, тоқ ішек, тік ішекте құрты барларға беріледі. Олардың бүйректегі, өттегі тасты түсіруге де пайдасы бар. Ал бағасы анау айтқандай қымбат емес, оны кез - келген қарапайым тұрғынның қалтасы көтереді», – дейді Г. Асқарова.
Сөз соңында аталмыш «Сауықтыру орталығы» жайлы да айта кетейік. Асқаров көшесінде орналасқан бұл орталықта келушілерге дәрігерлер тегін кеңес береді. Ал «Зингда» аппаратының әр сеансы 500 теңге.

Паразит құрттардан балалар зардап шекпеу үшін біз ол үшін төмендегі шараларды қолдануымыз керек: әрдайым мектеп оқушыларының даярлық тобынан бастап, бесінші сынып аралығындағы балаларға паразит құрттар жайында лекция оқып отыру;
• ай сайын балаларды медициналық тексерістен өткізу;
• шала піскен ет пен балық етін жемеуге тырысу;
• қайнатылмаған суды ішпеу;
• әрдайым ас алдында қолды иіс сабынмен жуу;
• жатар алдында төсек орынды үтікпен үтіктеу;
Міне осы ұсынған шараларды қолданып отырса онда біз паразит құрттарға қарсы тұра аламыз деп үміттенемін.

Ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша балаларда жиі кездесетін ішек - құрт аурулары
Жылдар----- ішексорғы------ Үшкірқұрт------ Сиыр цепені ------------эхинококк --------описторх

ІV. Сабақты қорытындылау.
Ойланып сұрақтарға жауап бер
• Шикі, шала піскен жабайы жануарлардың етін жеген адам қандай паразит құртты жұқтырып алуы мүмкін?
• Мысалы, бақша иелері отырғызған көкөністерін жақын маңдағы шалшықты судан суарады делік. Егер сол бақшадан алынған көкөністерді жақсылап жумай жесек, қандай паразит жұқтырып алуымыз мүмкін?
Топтастыру

• Сонда паразит құрттардан көбіне жас балалар зардап шегетіні көрсетіліп тұр. Әрине бұл бізге қуанышты жайт емес, себебі балалар Қазақстанның болашағы емес пе!
• Қазіргі кезде Қазақстан мемлекеті көптеген дәрежеге жетуде. Біз 20 жыл ішінде тәуелсіздігімізді алып, өзіміздің конституциямызды қабылдап, БҰҰ – на кіріп, ал енді 50 мемлекет қатарына кіруге ұмтылудамыз. Осы 50 мемлекет қатарына кіру үшін бізге денсаулығы мықты, білімді азамат керек. Сондықтанда біз жеке бас гигиенасын ұстап, денсаулығымызға көңіл бөлуіміз керек. Қазақ« Денсаулық зор байлық» дегендей
• Сау дене, азат ақыл, адал көңіл -
Үшеуімен бақытты болады өмір - деп
мен бүгінгі сабағымды аяқтағым келеді.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Жұмыр құрттар типін қайталап оқу
Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің пайда - зияны туралы әңгімелеңдер

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
25 175
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Буылтық құрттар денесі шұбалаңқы, екі жақты симметриялы жәндіктер. Денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінгендіктен, бұлар буылтық құрттар типі деп аталған.
Жұмыр құрттар типіне жататынжәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Жұмыр құрттар типіне жататынжәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Жұмыр құрттардың 20000 - нан астам түрі бар көпшілігі дара жынысты. Ауыз қуысы дененің алдыңғы жағында, аналь тесігі артқы жағында орналасқан. Тыныс алу және қантарату жүйесі болмайды.
Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы
Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы
Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Ішексорғы, үшкірқұрт, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы. «Паразитизм» түсінігі және оның биологиялық мәні. Паразит пен иесінің өзара қарым – қатынасы.
Жұмыр құрттар типі
Жұмыр құрттар типі
Сабақ тақырыбы: Жұмыр құрттар типі
Жұмыр құрттар
Жұмыр құрттар
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей биология пәні мұғалімі Ғалымжан Арықбаев
Жұмыр құрттар
Жұмыр құрттар
Оқушыларға жалпақ құрттарды естеріне түсіре отырып, жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктерге түсінік беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×