Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар класы. Қауырсын жабынды жануарлар

19 наурыз 2019, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Тақырыбы: Құстар класы. Қауырсын жабынды жануарлар
Мақсаты:
Білім берушілік: Оқушыларға құстардың құрылысы мен ерекшелігін айтып түсіндіру.
Жорғалаушылармен салыстыра отырып, белгілерін ажырату, құс жұмыртқасымен танысу.
Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу, есте сақтау, биология пәніне деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, оның берекелі тіршілігін құрметтеуге, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Ашық сабақ.
Әдіс - тәсілдері: тест, түсіндіру жұмыстары, сәйкесін тап кесте құру.
Құрал – жабдықтар: Құстардың суреттері,: суреттер, үлестірмелі материалдар, көрнекілік топтамалар - слайдтар, Aktivstudio, Рower Point бағдарламасы.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Пәнаралық байланыс: география.

Сабақтың барысы:
Амандасу, түгендеу.
Психологиялық дайындық. Табиғат
туралы қысқаша бейне ролик. Оқушыларды бағалау үшін жетондар таратылады.

Үй тапсырмасын тексеру:
1 - тапсырма. Кестені толтыру. Санмен тізбектелген белгілердің қай жануарларға тән екенін кестеге толтырыңыздар:

1. Қарыншасының арасында жартылай пердесі бар.
2. Жүрегі 2құлақшадан, бір қарыншадан тұрады.
3. Терісі құрғақ, мүйізді қабыршақтармен қапталған.
4. Өкпесі арқылы тыныс алады.
5. Өкпесімен де, терісімен де тыныс алады.
6. Таспа тәрізді созылыңқы жұп бүйрегі бар.
7. Жамбасқа жақын орналасқан 2бүйрегі бар.
8. Ми қыртысының нышаны байқалады.
9. Аналь тесігі бар.
10. Клоакасы бар.
11. Іштей ұрықтанады.
12. Түрленіп дамиды.
13. Кеңірдек, ауатамыр мүшелері пайда болған.
14. Омыртқа жотасы: мойын, тұлға, сегізкөз, құйрық бөлімдеріне бөлінген.
15. Алғаш рет кеуде қуысы пайда болған.
16. Қанайналымы 2 шеңберден тұрады.
17. Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары болмайды.
18. Саусақтарында мүйізді тырнақтары болады.
19. Денесіне аралас қан тарайды.
20. Сырттай ұрықтанады.

2 - тапсырма. Тест тапсырмалары
1. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым.
а) зоология
ә) герпетология
б) биология
2. Жорғалаушылардың жүрегі неше қуысты?
а) 3
ә) 4
б) 2
3. Жорғалаушылар не арқылы тыныс алады?
а) бүйрек
ә) жүрек
б) өкпе
4. Жорғалаушылардың терісі қандай?
а) Тегіс, безді
ә) ірі қабыршақты
б) мүйізді қабыршақты
5. Жорғалаушылар қалай көбейеді?
а) жұмыртқа
ә) уылдырық
б) тірілей

жауабы: 1 - ә, 2 - а, 3 - б, 4 - б, 5 - а.

3 - тапсырма. Серпіліс сұрақтары
1. Жорғалаушылардың қаңқасының құрылысы қандай?
2. Жорғалаушылар қалай тыныс алады?
3. Терісінің құрылысы қандай?
4. Ас қорыту мүшелері.
5. Зәр шығаруы қалай жүреді?
6. Қан айналым мүшесі.
7. Қандай отрядтары бар?

4 - тапсырма. Биологиялық диктант
1. Жорғалаушылардың терісі.......... 2. Терісі үнемі өсу кезінде........... 3. Жүрегі жартылай.......... 4. Жорғалаушылардың сезім мүшесі......... 5. Дара жынысты.......... ұрықтанады. 6. Жұмыртқа салады және............ туады.

Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушылардың өз ойларын тыңдау.
Сабақ тақтадағы суреттерді, тұлыпты, қаңқаны пайдаланып түсіндіріледі.
Жүзетін құстар. Ұша алмайтын, мұхит суында тіршілік ететін ұстардың ерекше тобы – Пингвиндер. Алдыңғы аяқтары суда жүзгенде ескек сияқты. Аяғы тұлғаның артқы бөлігінде орналасқандықтан денесін тік ұстайды. Антарктидада, Оңтүстік Американың оңтүстік жағалауында, Австралияда тіршілік етеді.

Құстар – омыртқалы жануарлар. Жер бетінде 8600 түрі бар. Қазақстанда 489 түрі мекендейді. Олардың дене температурасы – тұрақты, жоғары. Құстардың денесі бас, мойын, тұлға бөлімдеріне бөлінген. Құстардың терісі жұқа, әрі құрғақ, бездері өте аз. Құс қауырсындары бүкіл денесін жауып тұрады. Мүйізді өзегі – сояуы, оның екі бүйіріндегі ұсақ шашақ тәрізді түзілістері – пәрі. Пәрі мұрттан және мұртшалардан тұрады. Құстардың асқорыту жүйесі ауыз қуысы жақсүйектері мүйізденген тұмсықтан тұрады. Тістері жоқ, жемнің мөлшері үлкен болса оны тұмсығымен шоқып жейді. Дәнмен қоректенетін құстарда өңеші кеңейіп жемсауға айналған. Бунақденелілермен қоректенетін құстарда жемсау болмайды. Жем бірден өңештен қарынға өтеді.

Құстарды зерттейтін ғылым – орнитология деп аталады. 8600 – ға жуық түрі бар. Қазақстанда 500 ден астам түрі кездеседі. Дене температурасы тұрақты және жылықанды +41,+43градус. Дене бөліктері. Суреттен құстың дене бөліктерін атап көрсету: бас, мойын, тұлға. Қосымша бөліктері: қауырсын, тұмсығы, қанаттары, аяғы, тырнағы құйрық қанаттары. Тақтадан көрсету. Қауырсының құрылысын түсіндіру.

Асқорыту жүйесі. Тұмсық —– өңеш —– жемсау —— безді қарын —– етті қарын ——- аш ішек ——- клоака.
Тыныс алуы: Өкпе арқылы тыныс алады. Сонымен қатар қосарлы тыныс алу да тән. Құстар ұшқан кезде өкпеде ауа құрамындағы оттегіне қан екі рет қанығады. Бұл қосарлы тынысалу деп аталады. Дыбысты - көмекей арқылы шығарады.
Көбеюі: жұмыртқа арқылы. Жұмыртқа арқылы іштей ұрықтану арқылы көбейеді. 21 тәуліктен кейін жұмыртқа басып шығарады.
Құстың миы. Құстардың орталық жүйке жүйесі өте жақсы дамыған. Миының көлемі үлкен және алдыңғы ми айқын ми сыңарларына бөлінген.
Шығу тарихы: Құстар – табиғаттың ажары. Олар табиғаттың сұлулық сәнін, сазды әнін келтіреді. Ауыл, орман шаруашылықтарына зиянды бунақденлілермен қоректеніп, пайдасын тигізеді. Белгілі болған ең қарапайым құс – көнеқұс. (археоптерикс). Оның жорғалаушыларға да құстарға да ұқсас белгілері болады. Ол бұдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Ал одан әрі 223 млн жыл бұрын өмір сүрген ілкіқұс (протоавис) осы құстардың арғы атасы болып табылады.
Құстар класы. Қауырсын жабынды жануарлар жүктеу
Құстар класы. Қауырсын жабынды жануарлар слайд жүктеу
3 223
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар
Құстар
Өлі табиғат өзгерісіне байланысты құстар тіршілігінің өзгеруі, құстардың келуі, ұя салуы туралы оқып білу.
Құстар класы
Құстар класы
Оқушыларға құстар класын естеріне түсіре отырып, Құстар класының типіне мағлұматтар беру.
Құстар. Үй құстары. Дыбыс
Құстар. Үй құстары. Дыбыс
Құстар туралы түрлі мағлұматтар беру, оның көп түрлілігін салыстыра отырып, пайдасын және тіршілік ету ерекшелігін түсіндіру
Қауырсын жабынды жануарлар
Қауырсын жабынды жануарлар
Құстар класына жататын жануарларға жалпы сипаттама беріп, құстар класына жататын жануарлардың негізгі ерекшеліктеріне түсінік беру Білімін жинақтап, жүйелеу арқылы ой - өрісін, қаблеттерін, жеке қасиеттерін дамыту.
Құстар класы
Құстар класы
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы6 “№4 жалпы орта білім беретін аралас мектеп” биология пәні мұғалімі Мусагалиева Айгерим Ботахановна
Құстар жоғары класы. Қауырсын жабынды жануарлар
Құстар жоғары класы. Қауырсын жабынды жануарлар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектеп Абдуллаева Маржан Алдонгарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×