Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дарабоз (сайыс)

30 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Дарабоз.
Оқушылардың 8 - сынып бойынша өткен тақырыптарын қайталау, білімдерін тексеру, сыныптан тыс жұмыс сапасын көтеріп, жаңа технологиялардың тиімді тәсілдерін таңдап, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен қолдану мақсатында өткізген «Дарабоз» сынып лидері сайысын ұсынып отырмын.

Мұғалім: Ал халайық, халайық,
Білім сайысын бастайық.
Сұрақ жауабын тез білгенге
«Дарабоз» атағы лайық санайық, - деп бүгінгі 8 - сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Дарабоз» сайысын бастаймыз. Сіздерді сайыс бөлімдерімен таныстырайын:
1 – бөлім. Терминдер әлемі.
2 – бөлім. Дәрумендер сыры
3 - бөлім. Төртінші артық?
4 – бөлім. Жасырын сурет

1 – бөлім.
Терминдер әлемі.
(Берілген терминдерге тез жауап береміз)
1. Қан эритроциттерінің сыртқы ортаға гемоглобин бөліп бұзылуы? (Гемолиз)
2. Адам мен жануарлар қанының түссіз клеткалары? (лейкоциттер)
3. Эритроциттердің, лейкоциттердің, тромбоциттердің және қанның басқа да элементтерінің тұнбаға түсуі? (аггютинация)
4. Бауырда түзілетін жасыл өт пигменті? ( биливердин)
5. Орталық жүйке жүйесіндегі қозудың уақытша басым ошағы? (доминанта)
6. Организмдердің құрылымдық және функциялық негізі? (клетка)
7. Көздің әр түрлі қашықтықтағы заттарды анық көруге бейімделу процесі? (аккомодация)
8. Кеңірдектің тармақталатын түтік тәрізді түзілімі? ( ауатамыр)
9. Қимыл белсенділігінің төмендеу күйі? (гиподинамия)
10. Есту анализаторының иірімдерінің рецепторлы аппараты (кортиев мүшесі)
11. Бұлшықет талшықтарының нәруызы? (миозин)
12. Нейрондар немесе нейрондар мен басқа қозған құрылымдар арасындағы арнайы жанасу аймағы? (синапс)
13. Барлық тірі клеткаларда болатын нәруызды биологиялық катализатор? (фермент)
14. Фосфолипидтерден, нәруыздар мен гликопротеидтерден тұратын құрылым? (сурфактант)
15. Қан тамырларындағы қан ұйығы?( тромб )
16. Қандағы гемоглобин мен эритроциттер азайған кездегі организм күйі? (анемия)

2 – бөлім.
Дәрумендер сыры
(Сипатталған дәрумендердің физиологиялық әсерін табу.)
1. Асбұршақ, түсті қырыққабат, саңырауқұлақ, бидай, жұмыртқаның сарысы, бауыр, бүйрек, жүректе кездесетін бұл дәрумен (Н) биотин деп аталады. Бұл дәруменнің сыры неде?
2. Мал майлары, ет, балық, жұмыртқа, сүтте кездесетін (А) ретинол дәруменнің сыры неде?
3. Тиамин (В) деп аталатын бұл дәрумен бұршақ, бидай, бауыр, бүйрек, жүрек кездеседі. Бұл дәруменнің сыры неде?
4. Өсімдік майы, көкөністің жасыл жапырақтары мен жұмыртқада кездесетін бұл дәрумен токоферол (Е) деп аталады. Бұл дәруменнің маңызы неде?
5. Сиыр еті, бауыр, бүйрек, жүрек, майшабақта кездесетін (Р) никотин қышқылы дәруменінің сыры неде?
6. Кальцийферол (Д) деп аталатын бұл дәрумен балықтың уылдырығы, теңіз балығы, сүтқоректілердің бауыры, құс етінде кездеседі. Бұл дәруменнің сыры неде?

3 - бөлім.
Төртінші артық?
(Бұл бөлімде 8 тапсырма беріледі. Әр тапсырма 4 суреттен тұрады. Оқушылар 4 суреттің қандай суреттер екенін айтып, 4 - ші артықты алып тастайды).
1 - тапсырма. Дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, жұлын, сүйек ұлпасы
2 - тапсырма. Жатыр, өт қабы, қынап, ұрық
3 - тапсырма. Гипофиз, қалқанша безі, дәм сезу бүрлері, бүйрек үсті безі
4 - тапсырма. Негізгі ми бөліктері, ми құрылысы, мишық, жұлын
5 - тапсырма. Көмей, жүрек, өкпе, ауатамыр
6 - тапсырма. Көмей, тіс, ішек, қарын
7 - тапсырма. Көздің бұлшық еттері, көздің жас бөлетін мүшелері, көздің көлденең кесіндісі, ішкі құлақ көрінісі
8 - тапсырма. Борпылдақ э. ұ., сүйек ұ., тығыз э. ұ., безді э. ұ.,

4 – бөлім.
Жасырын сурет
(Оқушыларға 5 - бөліктен тұратын жасырулы сурет беріледі. 5 - бөліктің тек қана 1 - бөлігін ашуға руқсат алған оқушы адам ағзасының қай бөлігі екенін анықтайды)
1 - сурет. Гипофиз суреті
2 - сурет. Мишық суреті
3 - сурет. Көмей суреті
Қорытынды.
Сайыс соңында жеңімпаз атанған оқушыға «Дарабоз» атағын беру, сыйлықтармен марапаттау.
9 080
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Отбасым – өз үйім дарабоз отбасылық сайысы
Отбасым – өз үйім дарабоз отбасылық сайысы
Ата - аналар мен балабақша арасындағы байланысты нығайтуға және бала мен ата - ана арасындағы қарым - қатынасты жақсарту аясында, олардың дене қозғалыстарын жетілдіріп, салауатты өмір салтын берік ұстануға тәрбиелеу.
"Дарабоз" спорттық сайыс
"Дарабоз" спорттық сайыс
Тақырыбы: «Дарабоз» спорттық сайыс
Намыс дода (сайыс сабақ)
Намыс дода (сайыс сабақ)
Атырау қаласы, № 34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жоламанова Райса
"Дарабоз" спорттық интеллектуалды сайыс
"Дарабоз" спорттық интеллектуалды сайыс
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, “Бейнеу лицейі”ММ. I - санатты дене шынықтыру мұғалімі Әжібаева Гүлназ Айтжанқызы
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Теңсіздіктер әлемі (сайыс сабақ)
Теңсіздіктер әлемі (сайыс сабақ)
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, №1 Зеренді орта мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Шарипбаева Айнұр Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×