Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нәтижеге бағытталған білім-тұлғаның руханилығын байытудың негізі

03 мам 2013, Жұма
Категориясы: Биология
Тақырыбы: «Нәтижеге бағытталған білім - тұлғаның руханилығын байытудың негізі»

Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Биология сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
2. Оқушыларға оқылатын табиғат құбылыстарын толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттыру.
ІІІ. Қорытынды.

І. Кіріспе
XXI ғасырдың жан - жақты зерделі, дарынды, талантты, адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүние жүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі жаңашылдандыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын қазақ әдебиетін оқыту процесі болса, оны ұйымдастырушы мұғалімге өте үлкен жауапты міндет жүктейді.

Сондықтан қазіргі таңдағы халықтық педагогиканың жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай - қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Ұзақ жылғы тәжірибемде оқыту барысында алға қойған мақсатым - баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс - әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы (іс - әрекет арқылы) жүзеге асады. Мұғалім - ұйымдастырушы, бағыт беруші, жол сілтеуші.

Тұлға - адамның келешек өмірінің қалыптасу жобасының келбеті. Адам тәрбие негізінде жетіліп, қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі белгілі, ал оны жүргізу педагогикалық - психологиялық тұрғыдан шеберлікке байланысты. Бала тәрбиесі білім арқылы жетіледі. Әр баланың өзіне тән мінез - құлқы, психологиялық ерекшелігі бар.

Сөйтіп, нәтижеге бағдарланған білімді пәндік компетенция тұрғысынан қарастыратын болсақ, жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінде «Биология» пәні адамның ішкі сезімдері арқылы оның ойлау, пайымдау, тұжырымдау, тыңдау, түсіну, пікірлесу сияқты коммуникативтік қатынастарды жинақтаған білімдері негізінде өмірлік қажеттілігіне айналдыра білуді нысана етеді. Әдеби білім алу арқылы оқушы әдебиетті пән ретінде игеріп қоймайды, ол сол пәндік білім негізінде болмысты танып біледі, одан ақпараттық мағлұматтар алады және эмоционалды құндылықтар болып табылатын адами қасиеттерді бойына сіңіре отырып, мәдениетті, салауатты қарым - қатынасқа түседі, ал бұл түптеп келгенде оларды әдебиеттің коммуникативтік бағытына әкеледі.

Биология пәнінен оқыту барысында білім жүйесі негізінде төмендегідей мақсат қоямын:
1. Оқы, түсін, түсіндір, болжай біл. Қолдан, талда, салыстыр, жинақта.
2. Бағала (пайымда), өзіңе - өзің және өзгеге де сын көзбен қара, іс - әрекетіңе талдау жаса.
Әр уақытта оқушыларға төмендегі сұрақтар басты назарда болу керектігін ұсынамын:

1. Не? Қалай? Қандай? Әдебиет жүйесіндегі орны? Не үшін қажет?
2. Күнделікті өмірде пайдалана аламыз ба? Күнделікті өмірде пайдасы бар
ма?
Міне, осы айтылғандарды назарда ұстағанда мұғаліммен оқушы іс - әрекеті айқындалады.

Мұғалім іс - әрекеті
Оқушы іс - әрекеті
Білімді алуға жетелейтін әдіс - тәсілдерді (технологияларды) пайдалану.
Өздігінен білім алу жолдарын ойластыру.
Әдіс - тәсілдерді ұтымды қолдану.
Оқушы еңбегін құрметтеу.
Оқушы пікірімен санасу.
Қарым - қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
Қадағалау, бағалау.

Сұрақтар қойып, оған жауап іздеу.
Өздігінен білім алуға жауапкершілікпен ұмтылу.
Білім алу дағдысын өз бетінше қолдана білу.
Бірлесіп жұмыс істеу, өзін - өзі және басқаларды құрметтеу.
Сөзге тоқтау.
Қиындықты өзі шеше алу.
Өзін - өзі және өзгелерді бағалай білу.

Бұл әдіс оқушылардың теориялық білімді аз уақытта меңгеріп, өз бетінше ізденуіне жол ашады, танымдық, шығармашылық жұмыстарға баулуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда өзімнің сабақ өткізу бағытында сабақтың сапасын, мазмұнын, әдістерін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндігім келгенше тырысамын. Еліміздің ертеңгі өрімтал ұрпағын өз ұлтын, тілін, ділін сүю ата - баба рухын, салт - дәстүрін құрметтеуге үйрету ұстаздар алдындағы басты міндет. Өзім сабақ беретін сыныптарда халық педагогикасының озық идеяларын пайдаланып, іске асыруды күн тәртібіне қойдым. Осы орайда 7 - сыныпта жаңа тақырып өткенде бағдарламамен шектеліп қалмай, сыныптан тыс оқуға көп көңіл бөлемін және олардың қалай орындағанын, қандай нәтижеге жеткендігін қадағалаймын.

Тақырыбы:§35 Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі
Мақсаты: 1. Оқушыларға табиғи құбылыстардың маңызын түсіндіре отырып, көптеген құбылыстарды мысалға ала отырып, ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру
2. Пәнге қызығушылығын белсенділігін, ойлау қабілетін, әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту
3. Өзі тұрған жерінің табиғатын қорғауға, тазалығын сақтауға тәрбиелеу. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, ондағы табиғи құбылыстарды бағалауға, аңғаруға, аялауға баулу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, түсіндірмелі сұрақтар
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақта қолданатын әдіс - тәсілдер: Сұрақ – жауап, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Рефлексия.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл - күймен келдім. (күнді көрсету)
Ал сіздердің көңіл - күйлеріңіз қандай?
Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл - күйін білдіретін карточканы көтереді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Кім тапқыр?»
1. Қысым дегеніміз не?
2. Атмосфералық қысым дегеніміз не?
3. Бәтеңкемен шаңғының қысымы қалай өзгереді?
4. Инемен матаны оңай тесеміз, ал қаламсаппен тесу қиындыққа түсіреді? Себебі....
5. Қысымды қандай құрал мен өлшейді?
6. Атмосфералық қысымды қай ғалым өлшеген?
7. И. Ньютон кім болған? ол қандай еңбегі бар?
8. Тартылыс күш дегеніміз не?
9. Диффузия латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
10. Күш дегеніміз не?

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау
Сонымен оқушылар біз өткен сабақта Қысым тақырыбын өткен болатынбыз, яғни біз қысым туралы көптеген мысалдар келтірдік, атмосфералық қысымға байланысты.

ІҮ. Жаңа сабақ түсіндіру
Оқушылар бізді қоршаған орта табиғи сан алуан өзгерістер болып жатады. Табиғаттағы барлық болатын процестерді біз құбылыс деп атаймыз. Табиғи құбылыстарға Физикалық, биологиялық, метеорологиялық және тағы басқа құбылыстарға бөлінеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 493
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Нәтижеге бағытталған білім беру моделіндегі білім беру сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары
Нәтижеге бағытталған білім беру моделіндегі білім беру сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары
Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі. әрбір тарихи кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылуда.
Қазақ тілі пәнінен үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары
Қазақ тілі пәнінен үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары
Мектептің бастауыш сатысында оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы, оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады. Мектептегі әрбір оқушының даму динамикасын және оқу барысында алған білім нәтижесінің сапасын жан - жақты және әділ
Сын тұрғысынан ойлау - білім беру үрдісінде
Сын тұрғысынан ойлау - білім беру үрдісінде
“Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі”,- дегендей қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі
Мен енгізген өзгерістердің тиімді екенін қалай түсінемін
Мен енгізген өзгерістердің тиімді екенін қалай түсінемін
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, № 98 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бакибаева Жансая
Нәтижеге бағытталған білім беру жүйесі
Нәтижеге бағытталған білім беру жүйесі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылы №94 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Альмаханова Патима
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×