Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Омыртқалы жануарлардың қозғалуы

16 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: § 45 Омыртқалы жануарлардың қозғалуы

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Омыртқалы жануарлардың қозғалу мүшелерінің жүйесімен таныстыру, құрылысы, қозғалыс ерекшелігі, тіршілік әрекеті туралы білім беру.
Дамытушылық: Омыртқалы жануарлардың құрылыс ерекшелігі мен тіршілік әрекеті туралы алған білімдерін толықтыра түсу және олардың жеке топтарының қозғалу ерекшеліктерімен таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып бүкіл тіршілік атаулыны, табиғатты сүйе де, қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, венн диаграммасы, «қарлы кесек» ойыны, қызығушылығын ояту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, видео сабақ, қосымша материалдар.
Сабақтың пәнаралық байланысы: георафия, физика.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырылуы:
Сынып оқушыларын сабаққа даярлау
ІІ. Жаңа сабақ
Оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Омыртқалы жануарлардың қозғалуы».
Балықтар
Қосмекенділер
Бауырымен жорғалаушылар
Құстар
Сүтқоректілер

Балықтардың суда тіршілік ететіні бәрімізге белгі сондықтан оның су ішінде қозғалу мүшелері мен мүшелер жүйесі жақсы жетілген. Балықтардың дене пішіні суда жүзуге ыңғайлы бас жағы сүйірлене бітіп, тұлғаға қарай дөңестеніп жуандайды, құйрығына қарай жіңішкереді. Екі бүйірі сәл қысыңқы болады, денесі сүйекті қабыршақпен қапталған. Әр қабыршақтың артқы жиегі алдыңғы жиегіне келесі қабыршақтың жиегіне жапсарласа орналасады. Балықта құйрық жүзбе қанаты, жұп көкірек қанаты, бір жұп құрсақ жүзбе қанаттары бар. Ал құйрық немесе екі арқа және бір құрсақ асты (аналь) жүзбе қанаттары болады. Сонымен қатар балықта жақсы қозғалуына әсер ететін торсылдақ болады. Торсылдақтың атқаратын қызметі су түбіне бату және су бетіне жеңіл көтерілу, балықтардың кейбір түрлерінде дыбыс толқынын күшейтетін резонатор, ал кейбір балықтарда дыбыс шығаратын мүше.

Қосмекенділер - құрлықта тіршілік етуге бейімделген алғашқы омыртқалы жануарлар осыған байланысты көптеген түрлерінде екі жұп аяғы бар, артқы аяқтары ұзын болады, сондықтан секіріп қозғалады. Аяқтары негізінен үш бөлімнен тұрады. Алдыңғы аяқта қар, білек, алақан сүйектерінен, артқы аяқта сан, сирақ, табан сүйектерінен тұрады. Алақаны төрт саусақты, табан бес саусақты.

Құстардың алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Қанаттың қалақшасын түзетін ұзын қауырсындар - қанатты қағушы қауырсындар деп аталады. Қанаттың үстіндегі ірі қағушы қауырсындар денені ауада ұстайтын қалықтау бетін құрайды. Құйрықтағы ірі қауырсындар құстың ұшу бағытын өзгертуге және қонған кезде ұшуды баяулатуға жәрдемдесетін бағыттаушы қауырсындар.

Құстың беломыртқалары сегізкөз бен құйрықтың алдыңғы омыртқалары бірігіп жамбас сүйектері тұтасып қозғалмайтындай болып байланысады. Оларда дене артқы аяқтарға берік мықты тірек болып табылады.
Сүтқоректілердің тірек қимыл жүйесінің құрылысы қосмекенділер мен жорғалаушыларға ұқсас. Әрине әр түрдің қозғалуы соған байланысты тірек - қимыл жүйесінің өзіне тән ерекшеліктері бар.
19 695
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жасыл эвглена — жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілердің қатарынан екеуін де біріктірген қарапайым жәндік. Колониялы талшықтылар.
Жасыл эвглена — жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілердің қатарынан екеуін де біріктірген қарапайым жәндік. Колониялы талшықтылар.
Жасыл эвгленаның құрылыс ерекшеліктерін, жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілері бар екендігін түсіндіру. Оқушылардың өзара қарым - қатынас жасау іскерліктерін қалыптастыру.
Омыртқалы жануарлардың қозғалуы
Омыртқалы жануарлардың қозғалуы
Омыртқалы жануарлардың қозғалу мүшелері жүйесімен танысуды балықтан бастайық. Балық суда тіршілік ететіні белгілі. Сондықтан оның су ішінде еркін қозғалуын қамтамасыз ететін мүшелері мен мүшелер жүйесі жақсы жетілген.
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері
Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, №2 Абай атындағы лицейде биология пәні мұғалімі Садықанова Бикеш Жекенқызы
Көпжасушалы жануарлардың қозғалуы. Тірек-қимыл жүйесінің құрылысы
Көпжасушалы жануарлардың қозғалуы. Тірек-қимыл жүйесінің құрылысы
Атырау қаласы, Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші Өнер Академиясының биология пәнінің мұғалімі Альмира Рахимова
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы
Атырау қаласы, Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші Өнер Академиясының биология пәнінің мұғалімі Альмира Рахимова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×