Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пластидтер - мембраналы органиод

19 маусым 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: §16 Пластидтер - мембраналы органоид

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға пластидтер және мембраналы органоидтер туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметі тоқталып өту.
Дамытушылық: Оқушыларға пластидтер және олардың маңыздылығын ашу, білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларға түрлі ойын элементін пайдаланып ойын еркін жеткізуге, ашық айтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Дәстүрлі
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: СТО элементтері, Блюм жүйесі, ауызша баяндау, сұрақ жауап,
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сурет, муляж, электронды оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың пән аралық байланысы: География, химия.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпты қалыпқа келтіру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
І топ «Саркосома» тобы «Блюм жүйесі»
Білімі Митохондрия қандай мағына білдіреді.
Түсіну Митохондрияны зерттеген ғалымдарды атаңдар?
Қолдану Берілген суретті мәнін анықтаңыздар?
Синтез Митохондрияның негізгі қызметі

ІІ топ «Биобласт» тобы «Блюм жүйесі»
Білімі Митохондрияның ішкі мембранасы қандай қызмет атқарады
Түсіну Митохондрияның құрамы қандай?
Қолдану Митохондрияның өткізгіштері қандай?
Синтез Митохондриялардың пайда болуы жөнінде гипотезалардың неше тобы бар:

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Видеоролик көрсету «Митохондрия»

ІҮ. Жаңа сабақты баяндау.
Пластидтер – түрлі заттардың синтезі, оның ішінде ең бастысы фотосинтез үрдісі жүретін органоид. Ол өсімдіктердің клеткаларына ғана тән. Пластидтер өсімдіктердің клеткаларының зат алмасу үрдістерінің жануарлар клеткаларынан ерекшелендіреді.

Пластидтердің үш типі бар: түссіз (мөлдір) – лейкопластар, жасыл – хлоропластар, реңі қызыл - сары түсті – хромопластар.
Әрбір пластид екі қарапайым мембранадан тұратын өзінің қабығымен қоршалған. Пластидтерді зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша пластидтер ұрық пен түзуші ұлпалардың клеткаларында болатын түссіз пропластидтерден пайда болады.

Хлоропластар – балдырлардың талломдары, жас сабағы, піспеген жемістерінің клеткаларында болатын сопақ және диаметрі 4 - 5 мкм болатын домалақ пішінді жасыл түсті пластидтер.

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез үрдісі хлоропластарында жүреді. Хлоропластар тек қана жарық бар жерде жетіледі. Хлоропласттарда хлорофилл және каротиноид пигменттері кездеседі.

Бір мезофилл жасушасында 40 - 50 хлоропласттар, ал жапырақтың бір миллиметр квадратында 500 000 - ға жуық хлоропласттар кездеседі. Цитоплазмада хлоропласттар клетка қабықшасына паралель орналасады.

Ақуыздар мен липоидтардан басқа олардың құрамдарына 4 пигмент кіреді: хлорофил a, b, каротин және ксантофил. Жапырақтарда хлорофил a хлорофил b - ға қарағанда үш есе артық болады. Кейбір балдырларда хлорофил b жоқ болып, оның орнына c және d хлофилдері кездеседі.

Пластидтер - барлығы протопластидтен түзіледі. Олар бір - біріне ауысады. Лейкопласт хлоропластқа, картоп түйнегі жарықта жасыл түске; хлоропласт ағарады; жарықсыз қалған үй гүлінің жапырағы ағарады, күзде қызыл - сары түске айналады; ал хлоропласт пластид дамуындағы соңғы кезең, өзгермейді.

Хлоропластар. Хлоропластар - митохондриялар сияқты қос мембраналы органоид. Оның құрылысы митохондриялардың құрылысына ұқсас болғанымен, көптеген айырмашылықтары бар. Хлоропластардың пішіні көбіне сопақша болып келеді. Оның ұзындығы - 5 - 10мкм, ені - 2 - 4мкм. Олардың саны өсімдіктің түріне қарай түрліше болады. Хлоропластардың ішкі қабатында жалпақ мембраналы тилакоидтер және оның матриксін құрайтын строма нәруызы көп кездеседі.

Тилакоидтер бірінің үстіне бірі орналасып, граналар түзеді. Бір гранада 50 - ге дейін тилакоидтер болады. Хлоропластың барлық граналары өзара мембрана арқылы байланысады. Хлорофилл пигменті тек осы граналардың қуысында орналасқандықтан фотосинтез процесі жүреді. Хлоропластар бөліну арқылы көбейеді.

Хромопластар. Хромопластарда әр түрлі – сары, қызыл, қоңыр, т. б түсті пигменттер болады. Олар жемістердің, жапырақтардың, гүлді өсімдіктердің күлте жапырақшаларының жасушаларында болады. Осыған байланысты түстері түрліше болады. Эволюциялық дамуда хлоропластың маңызы зор. Пішіні дөңгелек үшбұрышты ине тәрізді. Түрлі - түсті пигмент каротин мен ксантофил болады.

Лейкопластар. Олар ұрықтық ұлпалардың жасушаларында, споралар мен аналық гометалардың цитоплазмаларында, тұқымдарда, түунектерде, тамырда, көптеген дара өсімдіктердің эпидермистерінде болады. Лейкопластарда крахмал синтезделіп, жинақталады. Крахмал қор заты ретінде глюкозадан лейкопластарға келетін амилосинтетаза ферменттерінің әсерінен түзіледі. Қорыта айтсақ пластидтер тек өсімдік жасушасында кездеседі.

Ү. Сабақты бекіту.
1. Алтын сандық.
І топ «Саркосома» тобы
1. Хлоропластардың пішіні қандай?
2. Хлоропластардың ұзындығы мен ені қандай?
3. Хлоропластардың қалдыңғы қандай?
4. Бір гранада неше тилакоид болады?
5. Хлорофил қай жерде орналасқан?

ІІ топ «Биобласт» тобы.
1. Этиопластар дегеніміз не?
2. Пластидтер қалай көбейеді?
3. жапырақтың 1 мм2 қанша хлоропласт бар?
4. Хлоропластың басты қызметі неде?
5. Тірі хлоропластардың құрамында қанша ақуыз, липдтер, майлар болады?

2. Не? Қайда? Қашан?
1. Ақуыздар мен липоидтардан басқа олардың құрамдарына неше пигмент кіреді және оларды ата?
2. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде хлоропластардың формасы қандай?
3. Хлоропластың құрамындағы нуклеин қышқылдары мен рибосомалардың рөлі қандай?
4. Фотосинтездің формуласы қандай?

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
ҮІІ. Оқушы білімін бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. Осы тақырыпты оқып келу. Астындағы сұрақтарға жауап беру.
26 793
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Cелекцияның генетикалық негіздері
Cелекцияның генетикалық негіздері
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №29 Т. Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ақбота Ахметова
Мутациялық өзгергіштік
Мутациялық өзгергіштік
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №29 Т. Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ақбота Ахметова
Мембранасыз органоидтер
Мембранасыз органоидтер
Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушыларға мембранасыз органоидтер туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметі тоқталып өту.
Жануарлар селекциясы
Жануарлар селекциясы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №29 Т. Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ақбота Ахметова
Ұлпалар. Эпителий ұлпасы мен дәнекер ұлпасының құрылысы мен қызметі
Ұлпалар. Эпителий ұлпасы мен дәнекер ұлпасының құрылысы мен қызметі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №29 Тұрмағанбет Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ақбота Ахметова
Цитоплазма. Эндоплазмалық тор – мембраналы органоид
Цитоплазма. Эндоплазмалық тор – мембраналы органоид
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының биология пәні мұғалімі Утарова Жанат Жакиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×