Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлар селекциясы

19 маусым 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы:§55 Жануарлар селекциясы

Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға жануарлар селекциясы генетикалық негіздері туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметі тоқталып өту.
Дамытушылық
Оқушыларға жануарлар селекциясы генетикалық негіздері және олардың маңыздылығын ашу, білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін шыңдау.

Тәрбиелік
Оқушыларға түрлі ойын элементін пайдаланып ойын еркін жеткізуге, ашық айтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Дәстүрлі
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: СТО элементтері, ауызша, баяндау, сұрақ жауап,
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сурет, муляж, электронды оқулық, интерактивті тақта, тірек – сызба.
Сабақтың пән аралық байланысы: География, химия.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпты қалыпқа келтіру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Алтын балық.
Шарты: топ жетекшілері тақтаға шығып екі сұрақ қойылады, сол сұраққа 1-ші жауап берген оқушыға алтын балық беріледі. Алтын балықтың сиқыры ойналады.
1. Жасанды немесе индукциялы мутагенез дегеніміз не?
2. Радиациялық және химиялық мутагенез дегеніміз не?

І топ. «Жас қыран»
1. Қай ғалым, қай жылы радий сәулелерімен әсер ету арқылы саңырауқұлақтардың жаңа мутантты формаларын алды?
2. Дж. Стадлер қай жылы, қай өсімдікке тәжірибе жүргізді.
3. Формальдегид пен этилениминнің мутагендік қасиетін анықтаған ғалым?
4. Полиплоидия дегеніміз не?
5. Қырыққабатпен тұрыпқа тәжірибе жүргізген ғалым?
6. Автополиплоидия дегеніміз не?
7. Н. В. Цициннің жүргізген тәжірибесі қандай?

ІІ топ «Жас тұлпар»
1. Полиплоидия нешеге бөлінеді?
2. Дж. Миллер қай жылы дрозофила шыбынынан мутацияны анықтады?
3. Қыша газының мутагендік әсерін анықтаған қай ғалым?
4. 1932 ж В. В. Сахаров қандай тәжірибе жасады.
5. Аллополиплоидия дегеніміз не?
6. Қазіргі кезде қанша мутагендік қосылыс бар?
7. Химиялық мутагендерді ата?

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
Жануарлар селекциясында қолданатын жалпы әдістер, өсімдіктер селекциясына ұқсас болғанмен, олардың өз табиғатына байланысты ерекшеліктері бар. Ауыл шаруашылығы малдары тек жынысты жолмен көбейеді. Олардан қолдан жасанды жолмен мутация алуға болмайды. Алынған жағдайда олардың тіршілік қабілеттілігі төмен және әр түрлі ауруларға бейім келеді. Жануарлар селекциясында экстерьерлік (лат. экстерьерлік — сыртқы) белгілері бойынша сұрыптау жүргізеді, яғни олардың дене құрылымы мен әрбір мүшесінің бір - біріне үйлесімділігі негізге алынады. Сұрыптаудың екінші түрі — ұрпақтары бойынша сынау. Бұл әдісті жануарлардың тұқымын жақсарту мақсатында қолданады.

Мысалы, тауықтың жұмыртқалағыштығын арттыру үшін қоразды таңдап алып, мекиенінің (аналық) ұрпақтарының жұмыртқа әкелу өнімділігін, аналықтан алынған ұрпақпен және тұқымның орташа өнімділігімен салыстырады. Егерде мекиеннен алынған ұрпақтардың өнімділігі жоғары болса, онда қоразды аталық ретінде тұқымдарын асылдандыруға қолданады. Қазіргі жануарлар селекциясының негізін салушы ғалым М. Ф. Иванов ұрпақтары бойынша сынау арқылы жоғары өнім беретін Украинаның далалық ақ шошқа тұқымын және Аскания - 1 қабанын алды. Бұдан басқа жүнінің сапасы жоғары Аскания рамбульесі қойының тұқымын және сүтті бағыттағы ірі қара малдың Кострома тұқымын шығарды.

Қазақстандағы мал тұқымдары
Қой тұқымдары: Қазақтың арқар - мериносы. Бұл академик М. Ф. Ивановтың ұсынған әдісі бойынша биязы жүнді қойды таудың тағы арқарымен будандастыру арқылы шығарылған, дүние жүзіндегі бір ғана қой тұқымы. Қазақтың арқар - мериносын шығаруда, негізінен, шағылыстырудың сіңіре будандастыру және зауыттық будандастыру тәсілі қолданылды. Үшінші үрпақтың будан қошқарлары қандас саулықтарымен (ата жанынан қуғанда) шағылыстырылады. Осының нәтижесінде төртінші ұрпақ алынды. Бұл ұрпақтың қошқарлары да қандас саулықтармен шағылыстырылды. Бұдан бесінші ұрпақ алынды. Жұмыстағы негізгі мақсат — қойдың тұқымдық жаңа тобын, биік таулы жердің жағдайына бейімделген биязы жүнді қой тұқымын шығару болды. Іріктеу және жұп таңдау, басқа да күрделі жұмыстарды орындаудың нәтижесінде қойдың отандық жаңа тұқымы — қазақтың арқар - мериносы шығарылады. Авторлары: Ж. С. Бутарин, А. И. Есенжолов, Е. В. Большакова, А. И. Жандеркин. Республика көлемінде қойлардың бір қатар асыл тұқымдары бар. Олар: қазақтың биязы жүнді қойы, авторы: В. А. Бальмонт. Дегерес қойы — авторлары: В. А. Бальмонт, Т. Б. Бөкенбаев, М. А. Атлетов, Т. С. Садықүлов, А. Б. Байжұманов, т. б. Еділбай қойы — халықтық селекциялық жолмен алынған. Құйрықты қойлардың ең жақсы тұқымы. Жергілікті құйрықты қойлардың тұқымын асылдандыру үшін Еділбай тұқымының таза көпшарларымен будандастыру жүргізеді.

Қаракөл қойлары көп ғасыр бұрын Орталық Азияда, Бұхарада шығарылған. Қазір қаракөл қойлардың қара, көк, сұр, қызғылт, қызыл қоңыр, шатурн түсті түрлері бар. Ірі қара мал тұқымы. Қазақтың Ақ бас сиыры қазақтың жергілікті сиырын қалмақ бұқасымен будандастырып, одан алынған ұрпақты Герофорт тұқымымен шағылыстыру арқылы алынған. Қырдың қызыл сиыры — Солтүстік Қазақстанда шыққан бұл тұқым қазақтың жергілікті сиырын Швицкий бұқасымен будандастыру арқылы алынған. Симменталь ірі қара малы және Әулиеата ірі қара малы тұқымдары бар. Жылқылардың тұқымдары:
1. Қостанай жылқысы — авторлары: В. А. Хитенов, А. Моторико.
2. Көшім жылқысы — авторлары: Ю. Н. Барминцев, А. И. Беляев, М. В. Борисов, С. С. Рзабаев.
3. Мұғалжар жылқысы — Ю. Н. Барминцев, И. Н. Нечаев, С. С. Рзабаев, А. Жұмағүлов, Г. Бегімбетова.

Шошқа тұқымдары. Халықты етпен қамтамасыз етуде шошқа шаруашылығының алатын орны ерекше. Басқа үй малдарымен салыстырғанда, шошқа ұрпақ - өрбіту мерзімінің қысқалығымен, ұрпағының көп болуымен және шапшаң өсетіндігімен ерекшеленеді. Елімізде шошқаның жергілікті тұқымын жетілдіру мен жаңа тұқымын шығаруда шетелдерден әкелінген тұқымдарын (Англия, Дания, Ирландия, т. б.) Англияның ірі ақ тұқымды шошқасы Беркшир шошқасын орташа ақ шошқа, ірі қара шошқа, салпаңқұлақ ақ шошқа, Ландрос, дюран шошқасы, гемпширлік шошқа, т. б. жергілікті қолтұқымдарымен будандастырып, шошқаның етті, етті - майлы бағыттағы тұқымдары алынды. Осымен қатар шағылыстыру процесіне шошқаның жабайы түрі — Ортаазия қабандары да қатыстырылды. Осындай әдіспен Қазақстанда алғаш рет шошқаның "Жетісу" тұқымы алынды. Жетісу шошқасы — етті - майлы тұқым. 1978 жылы Қазақ ғылым академиясының эксперименттік биология институты шығарған. Авторлары: В. А. Ли, П. А. Еськов, С. Қалдыбаев.

Ү. Сабақты бекіту.
Кесте толтыру.
Селекцияның әдістері
Қысқаша сипаттама беру
Ұрпақ бермеу себептері
Тұқым беруді қалпына келтіру тәсілдері
Алыстан будандастырудың мысалдары
Ауыл шаруашылығы мен сұрыптау үшін маңыздылығы
1. Өсімдіктерді алыстан будандастыру
2. Жануарларды алыстан будандастыру

Білімді жүйелеу.
Шарты: екі топқа мәтін беріледі. Сол мәтіннен қысқаша түсінік айту. (20 слайд)
І топ. «Жас қыран»
«Қазақстанның қол жеткен табыстары»
ІІ топ «Жас тұлпар»
«Жануарлар селекциясында қолданылатын будандастыру әдістері»
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
ҮІІ. Оқушы білімін бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.
34 973
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Биологиядан оқу бағдарламасына сай алған білімдерін әрі қарай жетілдіру мақсатында қарастырылады.
Жануарлар селекциясы
Жануарлар селекциясы
Ақтау қаласы №14 орта мектептің биология пәні мұғалімі Р. Д. Досаева
Cелекцияның генетикалық негіздері
Cелекцияның генетикалық негіздері
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №29 Т. Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ақбота Ахметова
Пластидтер - мембраналы органиод
Пластидтер - мембраналы органиод
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №29 Т. Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ақбота Ахметова
Мутациялық өзгергіштік
Мутациялық өзгергіштік
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №29 Т. Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ақбота Ахметова
Мембранасыз органоидтер
Мембранасыз органоидтер
Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушыларға мембранасыз органоидтер туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметі тоқталып өту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×