Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар

30 шілде 2013, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Сынып: 7
Биология
Сабақтың тақырыбы: Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға білім тереңдету мақсатында қосмекенділер, олардың тіршілік етуі, қосмекенділердің түрлері жайында мағлұмат беру
Тәрбиелілігі: Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйласымдықты ояту. Топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Экологиялық сауаттылықтарын аша отырып, қоршаған ортадағы тіршілік иелеріне қамқорлық жасай білуге баулу.
Дамытушылығы: Әр түрлі білім көздерін қолдана білу (мәтін, сурет,
жинақтамалар, слайд және электронды оқулықтар). Оқушылардың ойлау, есте ақтау қабілеттерін дамыту
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың өтілу әдісі: «Үшөлшемді жүйе технологиясы»
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, видеоролик, қосымша оқулықтар, интерактивті тақта
Басқа пәндермен байланысы: география, информатика

Сабақтың барысы:
І. «Көпір» кезеңі ( 5 – 7 мин )
І. 1 Ұйымдастыру сәті
І. 2 Алдыңғы тақырыптың ІІІ кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйден аяқтап келгендерін тексеру;
І. 3 «Көпір» тапсырмалары
Сүйекті балықтардың ерекшеліктері?
Сәулеқанатты балықтар
Саусаққанатты балықтар туралы не айта аласыңдар?
Бекіре балығының маңызы қандай?
Балықтардың терісінде болатын ерекше мүше?
Қара уылдырық алынатын балықтар
Торсылдағы болатын балықтар

Сүйекті балықтарға тән белгілердің тұсындағы сандарды қою арқылы кестені толтырыңдар
Сүйекті балықтар

1. қорытпа, шоқыр, пілмай, латимерия,
2. Жұпбалық, тұтасбас, акула
3. терісі ірі қабыршақтармен қапталған
4. терісі плакоидты қабыршақтармен қапталған
5. желбезегінің сыртында сүйекті қақпағы бар
6. желбезек саңылауы тікелей сыртқа ашылады
7. тоқ ішегі мен аш ішегінің шекарасында ұсақ тұйық өскіндері бар.
8. тұмсығы алға созылыңқы
9 торсылдағы болады
10 клоакасы бар
11 аналь тесігі бар
12 іштей ұрықтанады
13 сырттай ұрықтанады
14 уылдырығының саны көп
15 уылдырығының саны аз
ІІ кезең ( топтық жұмыс )
Жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау:
А) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері орындайды. ( )
Ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды ( )
Нәтижесі ауызша марапатталады.

Теория бойынша «Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім? Не? Қашан? Қандай? Не істеді?)
“Кім жылдам?”
● Қосмекенділер қандай отрядтарға бөлінеді?
● Ересек қосмекенділер қандай мүшелері арқылы тыныс алады?
● Қосмекенділердің қан тарату жүйесінің қандай ерекшеліктері бар?
● Қазақстанда мекендейтін құрбақаларды ата?
● Жетісулық бақатістің дене тұрқы қанша см?
● Қосмекенділер қос жынысты ма, дара жынысты ма?
● Қосмекенділердің ұрықтануы қалай жүреді?
Слайд арқылы суреттерге қарап отырып, сұрақтарға жауап беру.
Теория бойынша: «Түсіну»
(неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады)
● Неліктен қосмекенділер деп аталады?
● Не себепті қосмекенділер терісі арқылы тыныс алады?
● Қосмекенділердің пайдасын түсіндіріңдер
Теория бойынша: «Талдау»
• Салыстыр
• Айырмашылығы неде?
• Ұқсастығы неде?
• Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек.
Немесе тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады
Венн диаграммасы арқылы салыстырыңдар:
Құйрықты қосмекенділер
Құйрықсыз қосмекенділер
Ұқсастығы

Тақырыптың басты идеясы неде?
.....................................................................................................................................

Теория бойынша: «Жинақтау»
(Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр с. с басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы « тақырыптың баты идеясына» жазған жауабына қойылады )
Тақырыптың басты идеясын схема түрінде толтырыңдар:
Қосмекенділер:
Құйрықты -------------
Құйрықсыз ---------------
Аяқсыз -----------------------

Оқулықпен жұмыс () төмендегі « Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына « Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлекция жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады. Нәтижесі ауызша марапатталады.
Практикада: «Қолдану»
(оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі)
«Биологиялық диктант»
● Қосмекенділердің терісі......,....... және...... болып келеді.
● Қосмекенділерде алғаш рет.................. пайда болған.
● Қомекенділер........... жынысты жануарлар.
● Қосмекенділер ежелгі..................................... пайда болған.
● Аяқсыз қосмекенділерде..... де,................................ болмайды.
● Құйрықсыз қосмекенділердің................... түрлері бар.
●.............. құрбақасы Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.
Практикада: «Баға беру»
(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сұрақтар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады) ( топтық жұмыс )
Қалай ойлайсыңдар?
Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген қосмекенділерді қалай қорғауға болады?

ІІІ кезең ( кері байланыс бағалау кезеңі ) Жеке жұмыс
Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп ( әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар ) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды 3 минут қорытынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйден аяқтап келеді. Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

І деңгей ( 5 балл ) Әр тапсырманың бағасы - 1 балл
Теория бойынша: «Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім? Не? Қашан? Қандай? Не істеді? деген сияқты сұрақтарға жауап баратын толық ақпараттар іріктелініп, ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады)
«Біліміңді сына»
• Алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалы жануарлар
• Тік ішектің кеңейіп келген соңғы бөлігі?
• Қосмекенділердің дернәсілдерінің тыныс алу мүшесі?
• Кіші қанайналым шеңбері екінші өзбен қалай аталады?
• Қосмекенділердің дернәсілдерінің атауы?
• Қосмекенділердің Қазақстанда таралуы
• Жетісулық бақатістің құрылысы
Практикада: «Қолдану»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)
o Қазақстанда мекендейтін бақалар тұқымдасының түрлерін атаңдар ( көл бақа, үйіртұмсық бақа, шөп бақа, сібірлік бақа, қызылаяқ бақа )
o Аяқсыз қосмекенділер қалай ұрықтанады? ( іштей ұрықтанады )
o Тәжірибелік зерттеу жұмыстарында кеңінен қолданылатын қосмекенді? ( көл бақалар )
ІІ деңгей ( 5 балл + 4 балл = 9 балл ) Әр тапсырманың бағасы – 1 балл
Теория бойынша: «Түсіну»
(Неліктен? Себебі? Не үшін? деген сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады )
Себебін анықта:
● Қосмекенділердің миының көлемі балықтарға қарағанда үлкендеу. Себебін анықтаңдар
Теория бойынша: «Талдау»
Қосмекенділер ------------- Ерекшеліктері ---------------- Ұқсастықтары
Құйрықты
Құйрықыз
Аяқсыз

Қосмекенділердің отрядтарын ата және берілген жануарларды отрядтарға бөл
(Тритон, шөп бақа, жасыл құрбақа, жетісулық бақатіс, саламандра, құртпошым, көл бақа, цейлондық жыланбалық )
Қосмекенділер отряды ------------------- Жануарлар

Қосмекенділердің дернәсілдері мен ересектерінің құрылыс және тіршілік әрекеттерінде қандай айырмашылықтар бар?
Тақырыптың басты идеясы неде?
Барлығына ортақ қасиет:............................................................................................
Практикада: « Қолдану» (ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқасы орындалады)
• Жүрегі.... қуысты, қан тарату жүйесі........., қан айналымы... шеңберлі жолмен жүзеге асады.

ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл ) Әр тапсырманың бағасы – 1, 5 балл
Теория бойынша: «Жинақтау»
(қорытынды шығаруға бағытталған мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кете, сызба, ребус шеш деген сөздер тапсырма шартында болу керек )
Сұрақтарға жауап бере отырып, қосмекенділерге тән белгілерді сызбаға түсіріңдер

o Қосмекенділер туралы ғылым қалай аталады?
o Олардың тіршілік ететін ортасы не?
o Денелері немен қапталған?
o Аузындағы тілінің қандай ерекшелігі бар?
o Тыныс алу мүшелеріне не жатады?
o Қанайналым жүйесінің ерекшелігі неде?
o Бас миының құрылысы қандай?
o Бақалардың есту мүшесінің ерекшелігі?

Практикада: « Баға беру»
(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады )
Қалай ойлайсыңдар? Көл бақасымен зерттеу жұмысын жүргізетін болсаңдар, қандай бағытта жүргізетін едіңдер?
Баллды бағаға айналдыру шкаласы:
• 11 - 12 балл – бағасы «5» (92%- 100%);
• 7 - 10 балл - «4» (58%- 83%);
• 5 - 6 балл - «3» (42%- 50%);
• 5 баллдан төмен – «сыннан өтпеді» (ешқашан «2» қойылмайды, себебі сынақтан өтуге міндетті).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 876
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қосмекенділер класы
Қосмекенділер класы
Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділер класы. Жалпы сипаттамасы. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы
Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері
Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, №2 Абай атындағы лицейде биология пәні мұғалімі Садықанова Бикеш Жекенқызы
Омыртқалы жануарлардың қозғалуы
Омыртқалы жануарлардың қозғалуы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарбұлақ ауылы, №78 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Қайыпбаев Дархан
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы
Атырау қаласы, Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші Өнер Академиясының биология пәнінің мұғалімі Альмира Рахимова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×