Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зәрдің түзілуі және шығарылуы

05 тамыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Зәрдің түзілуі және шығарылуы
Сабақтың мақсаты:
● Білімділік: зәрдің түзілу кезеңдері туралы тың мәліметтер беріп, білімдерін кеңейту
● Тәрбиелік: Зәр шығару жолдарының аурулары туралы ойлана білуге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу
● Дамытушылық: Зәрдің түзілу кезеңдеріне талдау жасап білуге, бүйрек жұмысы, бүйрек аурулары туралы түсініктеме беруге үйрету
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сабақ басталғанда мозайка арқылы үш топқа бөліндік. Әр топқа топбасшы сайланды.
І топ. Білгіштер
ІІ топ. Тапқырлар
ІІІ топ. Алғырлар
Әр топбасшыға және топ мүшелеріне сабақ барысында кім жауап бергенін, қалай жауап бергенін, қандай тапсырмаларға қатысқанын саралап, сабақ соңында қорытындылап бағалау керек екені ескертілді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Ыдырау өнімдерін шығаратын мүшелерді ата?
2. Зәр шығару жүйесіне қандай мүшелер жатады?
3. Бүйректің құрылысы қандай?
4. Нефронның құрылысы?

ІІІ. Сергіту сәті: Қара жорға биі
ІV. Миға шабуыл: Зәр туралы не білетінімізді еске түсіру

V. Жаңа сабақты түсіндіру:
Зәрдің құрамы:
• 96%- ы су
• 1, 5 % бейағзалық заттар, хлорлы натрий көбірек, сульфаттар, фосфаттар, калий, кальций, магний карбонаттары аз мөлшерде
• 2, 5 % ағзалық заттар болады, несепнәр (мочевина), зәр қышқылы
• Тәулігіне 1, 2 - 1, 6л зәр бөледі
• Урохром пигменті зәрге сарғыш түс береді

Бүйректе зәрдің түзілуі 2 кезеңнен тұрады: сүзілу(фильтрация) және қайта сіңірілу (реабсорбция).
Сабақты әрі қарай жалғастыру үшін әр топқа постер құруға тапсырма берілді.
І топ. Бүйрек жұмысына ішімдіктің әсері.
ІІ топ. Бүйрек аурулары.
ІІІ топ. Бүйрек гигиенасы.
Әр топ оқушылары топбасшымен бірге оқулықты пайдалана отырып постер құруға белсенділікпен кірісіп кетті. Берілген уақыт біткеннен кейін әр топтан бір оқушы тақтаға шығып өз постерін қорғады.

Бүйрек жұмысына ішімдіктің әсері:
• Бүйрек жасушалары зиянды заттарды шығара алмайтын болады
• Жасушалар қабынып, зәрмен бірге ағзадан қажетті нәруыз бөлініп, сыртқа шыға бастайды
• Ішімдікпен уланған бүйрек бүрісіп, зәрдің бөлінуі тоқтайды

Бүйрек аурулары:
○ Уремия (зәрліқан) – қанда несепнәр мөлшері шектен тыс көбейеді
○ Нефрит – бүйрек қабынуы, бактериялар тудырады, зәр түзілу баяулайды
○ Бүйрек тасы(уролитаз) – зәр құрамындағы қатты заттар зәр жолында қатайып, тасқа айналады (зәр қышқылы, кальций фосфаты)
○ Қуықтың қабынуы(цистит) – қуыққа салқын тигеннен зәр тоқтамайды.
○ Энурез (шыжың) – түнде зәр тоқтамау. Бадамша бездерінің жұлын қызметінің бұзылуынан болады.
○ Уролог – бүйрек ауруын емдейтін дәрігер.
○ Гемодиализатор – жасанды бүйрек аспабы.
Бүйрек гигиенасы:
○ Салауатты өмір сүру
○ Өте ащы, өте тұзды тағамдарды пайдаланбау
○ Ішімдіктен, есірткіден, темекі тартудан аулақ жүру
○ Әртүрлі қабынуға қарсы аурулардың алдын алу
VI. Жаңа сабақты бекіту:
Бүгінгі сабаққа қатысы бар дәйексөздерге тоқталайық.
• Урохром – зәрге сарғыш түс беретін пигмент

• Фильтрация – сүзілу, зәр түзілудің І - кезеңі
• Реабсорбция – қайта сіңірілу( лат ”абсорбция”- сүзілу, “ре” – кері қайту)
• Уремия - бүйрек қызметінің бұзылуы, қанда несепнәрдің мөлшерінің шектен тыс көбеюі, зәрліқан ауруы.
• Нефрит - қанның нәруызы азайып, қан сарысуының ұлпа сұйықтығынан суды сору әрекеті төмендейді
• Ренин - жарақаттанған бүйректен қанға бөлінеді, қантамырларын тарылтып, қан қысымын көтереді
• Уролитаз - бүйрек тасы, зәр құрамында қатты заттар көбейіп кетсе, зәр жолында қатайып, тасқа айналады
• Энурез - балаларда түнде зәр тоқтамау
• Уролог - бүйрек ауруларын емдейтін дәрігер

Бекіту сұрақтары:
● Зәрдің құрамы қандай?
● Ересек адам тәулігіне қанша зәр бөледі?
● Бүйректе зәрдің түзілуі неше кезеңнен тұрады?
● Бірінші реттік зәр түзілу
● Екінші реттік зәр түзілу
● Бүйректің қызметін реттеуге қатысатын гормон?
● Зәрдің түзілуіне ауаның, температураның, тамақтардың әсері бар ма?

Шығармашылық жұмыс: “Бүйректеріңізді сақтаңыздар” тақырыбына жазған эссе, шығарған өлеңдерін қорғайды.
Бүйрек құрсақ қуысында,
Бел омыртқа тұсында.
Үрмебұршақ пішінді.
Сол жақ бүйрек сәл төмен,
Өйткені сол жақ бүйрекке,
Бауыр салмақ түсірген.
Артерия, вена, жүйкелер,
Кездескен бүйрек қақпасында.
Бүйрек сүзгіш қызметін атқарған,
Керексіз заттан қанды түгел тазартқан.

VII. Бағалау: Әр топтың топбасшылары мұғалімнің көмегіне сүйене отырып, өз топ мүшелерін бағалады.
VIII. Үйге тапсырма: Зәрдің түзілуі және шығарылуы.
Терінің құрылысына презентация дайындау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
35 243
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелерінің аурулары
Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелерінің аурулары
Бүйрек аурулары, олардың алдын алу жолдарын айта отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу;
Зәр құрамы, зәрдің түзілуі. Бүйрек аурулары, себептері, оның алдын алу
Зәр құрамы, зәрдің түзілуі. Бүйрек аурулары, себептері, оның алдын алу
Адам зәрінің құрамы 96 су, 1, 5 - ы бейоргникалық заттар, 2, 5 органикалық заттар. Зәрде хлорлы натрийдің мөлшері көбірек, сульфаттар, фосфаттар,, калий, кальций, магний карбонаттары аз мөлшерде болады. Әсіресе несепнәр, зәр қышқылы көбірек
Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы
Зәр шығару мүшелер жүйесінің құрылысы
Атырау қаласы, Балықшы кенті, Абай атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Жұмабаева Райса Биғалиқызы
Терінің маңызы мен құрылысы
Терінің маңызы мен құрылысы
Атырау қаласы, Балықшы кенті, Абай атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Жұмабаева Райса Биғалиқызы
Терінің құрылысы мен қызметі
Терінің құрылысы мен қызметі
Биология пәні мұғалімі: Демеугалиева Гулнафис
Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы. Тері аурулары
Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы. Тері аурулары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Саулебаева Роза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×