Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары

24 қазан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары мен қасиеттерін атауларымен танысу.
Дамытушылық: Жылқы бойындағы қадір - қасиетін түсіндіре отырып, оқушыларды ізденпаздылық және тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың алған білімін іс жүзінде қолдануға, жан - жақты ізденуге, талаптануға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, жекелей топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, тірек - сызбалар, суреттер
Сабақ технологиясы: В. Ф. Шаталовтың тірек - сызба әдісі бойынша оқыту.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Мақсат қою кезеңі.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Ой қозғау.
Жылқы - сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі. /тірек – сызбалар арқылы түсіндіру.

Қымыз - Бие сүтінен жасалатын аса құнды, емдік тағам
Уыз қымыз - биені алғаш байлағандағы жаңа ашытылатын қымыз
Бал қымыз - сүр қаза қосып әбден өлтіріліп пісілген, бабы келген қымыз
Тай қымыз - бір күн сақталған қымыз
Дөнен қымыз - үш түн сақталған сапалы қымыз
Сары қымыз - шөп буыны қатып, күзде сауылған биенің дәмді, қуатты, шипалы қымызы
Бесті қымыз - төрт күн сақталған сапалы қымыз
Қысырдың қымызы - қыста құлынсыз сауылатын биенің дәмді, қуатты, шипалы қымызы.
Түнемел қымыз - көп тұрған немесе үстіне саумал қосылған сапасы төмен қымыз
Саумал – бие сүті

Жасы Жынысы Еркек Ұрғашы
Жаңа туған төл Құлын
Еркелетіп атауы Құлыншақ
Мерзімінен ерте туғаны Марқа құлын
Мерзімінен кеш туғаны Кенже құлын
6 айдан 1жасқа дейінгі Жабағы
1жастан 2жасқа дейінгі Байтал
2 жастан 3 жасқа дейінгі Тай Құнажын
3 жастани 4жасқа дейінгі Құнан Дөнежін, Байтал
4 жастан 5 жасқа дейінгі Дөнен Бие
6 жастан 8 жасқа дейінгі Ат айғыр, Бесті Дөнен
9 жастан 11 жасқа дейінгі Қартаң
11 жастан 14 жасқа дейінгі Кәртамыс
15 жастан 18 жасқа дейінгі Кәрі
18 жастан 20 жасқа дейінгі Лақса, Жасаған
20 жастан 22 жасқа дейінгі Жасамыс

«Аламан бәйге» ойыны
/Аламан бәйгеге ойынының шарты сурет арқылы түсіндіріледі./

Сыныпқа сұрақтар беріледі.
1. Ат құлағында ойнайтын қара күштің иелерін қалай атайды?
/шабандоз, аткер, сайыпқыран, атшабар бала/
2. Аттың сынын қыры мен сырын білетін адамды қалай атайды?
/Ат сыншысы, атбегі, бапкер/
3. Ердің қандай түрлері бар?
/Ағаш ер, күміс ер, құланды ер, ойма ер, алтынмен апталған ер, күміспен күптелген ер/
4. Жылқының жасына байланысты атаулар қалай аталады?
/Құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті ат, бесті бие/
5. Қоян құлақты
Жылқы тұяқты
Сұрғылт түсті
Көнбіс, күшті /Есек/
6. Аттан биік, қойдан аласа /Ер/
7. Алты аяқты төрт көзді,
Екі ауызды бір сөзді
Ынтымақпен елкезді. /Атқа мінген адам/

Шығармашылық жұмыс
1 - топ
/Өлең жолдары арқылы толықтыру/
Арудан асқан жан бар ма,
Жылқыдан.............../асқан мал бар ма?/
................................. сүті сары бал
................................. асқан дәм бар ма?
Желіде құлын жусаса,
Сәні келер ұйқының,
Жылқы қолдан............../тойған соң/
Қызығы кетер күлкінің
2 - топ
Суреттер арқылы жылқыны өлең жолдары арқылы суреттеу.
Жігіттің көркі жылқыда
Жылқы етінен жасалатын тағам аттарын жазыңыздар

Сіз білесіз бе?
*Жылқының еті мен қымызының емдік қасиеттері бәріне белгілі. Ал оның өзге де өнімдерімен ертеде қазақ халқы түрлі ауруларды емдеп келген.

*Қатты суық тиіп, белінен шойырылған адамды жылқының терісіне ораған. Немесе оның тезегімен, көңімен де емделген. Жаздыкүні науқастың басынан өзге денесін түгел жылқының көңіне көміп тастайды. Қызған көңнің ішінде науқас 1, 5 - 2, 5 сағатқа дейін жатуы керек. Сонда ол денедегі барлық суықты тартып алатын көрінеді.

*Жылқы қылының беріктілігімен қоса, емдік қасиеті де бар екен. Қылды жағып, күлін аузы уылған баланың ауызына, адамның күйген жеріне сепсе, күйіктің орыны тез жазылады.
*Денеге қотыр шықса, жаңа сауған биенің сүтіне шомылу керек. Қотырды кетіргенімен қоса, теріні жақсы қоректендіреді. Ал шаш түсе бастаса, қымызбен жуса пайдалы.

*Аттың жүрек майын қыздырып, асқазан қыжылына ішкен. Онымен қоса, өкпесі ауырған адам ол майды шикілей жеген.
*Жарықты /грыжа/ қатты қыздырылған жылқы майын жағып емдеген. Сондай - ақ үсіген адамның дене мүшелеріне жылқы майын /қыздырылмаған/ жақса, тез жазылады екен.

Қорытындылау:
Сабақты өлең жолдары арқылы аяқтау.
Атқа мін қазақ!
Ат үстінде туып қазақ сәбиге,
Ат үстінде айтылады әлдиі,
Жерге тәй - тай баспас үшін сол бөбек.
Атқа шауып алуды ойлайды бәйгені!
Апыл - тапыл баспас бұрын алдымен
Атқа мініп үйренеді жәй күні.
Атсыз қазақтың ауасы да, даласы,
Атсыз бір күн тұра алмайды баласы.
Ат биікке шығаратын аспандай,
Онсыз - оның ашылмайды аясы.
Қайғысын да қуанышын бөліскен
Ат - көзінің бейне ағы мен қарасы
Кісінесе – тілдескендей иесімен
Аттың артық сықылды бағасы.

Үйге тапсырма: Жылқы шаруашылығы. Жылқы туралы аңыз - әңгіме дайындау
Бағалау
7 938
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жылқы – малдың патшасы
Жылқы – малдың патшасы
Жылқыға деген құрмет пен деген жанашырлық сезімдерін дамыту. Балалардың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.
Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары
Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары
Ақтау қаласы, №10 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі: Даулбаева Райхан Тажибаевна
Төрт түліктің төресі
Төрт түліктің төресі
Биология пәні мұғалімі Бахтыгереева Гулнар
Жылқы - малдың патшасы
Жылқы - малдың патшасы
Ақтөбе облысы, Алға қаласындағы "Алға мектеп-бақшасы"ММ 4 сынып оқушысы Миратұлы Темірлан
Биологиядан коучинг сабақ жоспарлары
Биологиядан коучинг сабақ жоспарлары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің жоғары санатты география-биология пәндері мұғалімі Жолдасбаева Алуаш Қонакбаевна
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы Егіншілік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×