Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қосмекенділер класы

16 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: Биология
Тақырыбы: Қосмекенділер класы
Үй тапсырмасын сұрау:
Сызықтық диктант
Дұрыс жауап – ●
Қате жауап – ○
1. Балықтардың тыныс алу мүшесі – өкпе.
2. Жүзбеқанат – дара және жұп.
3. Миы 5 бөліктен тұрады.
4. Балықтардың жүрегі – 3 бөлікті.
5. Шартсыз рефлекс – туа пайда болады, тұқым қуалайды.
6. Балықтар – қос жынысты омыртқалы.
7. Аталықбез – шоғал.
8. Балықтың даму сатысы – уылдырық, дернәсіл, шабақ, балық.
9. Балықтарда сезім мүшесі дамымаған.
10. Балықтардың арнайы сезім мүшесі – бүйір сызығы.

Қос мекенділер тіршілігі
Қос мекенділер әр түрлі тіршілік жағдайына қалыптасқан. Кейбір түрлері өмірін үнемі суда өткізсе (протейлер, сирендер, африкалық өкше тұяқты бақалар т. б.) енді бір өмірінің жартысын суда, жартысын құрлықта (құрбақа, көл бақа шөп бақасы және кавказдық саламандралар) өткізеді. Бақалардың кей түрлері өз өмірлерін тропиктік ормандарда ағаштарға өрмелеп өткізсе (африкалық өрмелегіш бақа, явалық ұшқыш бақалар), енді бірі жерді қазып (у сарымсақ бақасы, аяқсыз қос мекенділер түрі) тіршілік етеді)

Қос мекенділер әр түрлі жағдайда тіршілік етуіне қарамастан, еріксіз тіршілігіне қолайлы жағдай талғайды. Ондай жағдайда: ақпайтын жылы судың болуы, ауа ылғалдылығы, судың және топырақтың бір қалыптылығы жатады. Егер жылу +70, +80 С температураға дейін төмендесе, онда қос мекенділердің бәрі тоңазып, қимылдан қалады. Сол сияқты күннің өте ыстық болуы да қос мекенділер үшін қолайлы емес, онда қос мекенділердің терілері құрғап өле бастайды. Сол сияқты тұзды су мен сортаң жерлерде тіршілік ете алмайды. Сондықтан олар мұхит аралдарында кездеспейді.

Қос мекенділер жауынан қорғануы.
Қос мекенділердің қорғаныстық қабілеті онша жетілмеген. Ең әсерлі қорғанысы – тері бездері бөліп шығаратын улы сұйықтың. Улы сұйықтық құрбақаларда, жайын ауыз бақаларда, у сарымсақ бақаларда болады. Сондықтан бұларға аң, құстар жоламайды. Қос мекенділер қорғанытарында түр - түстерінің маңызы зор. Олар терісінің түстерін тіршілік ететін мекеніне қарай өзгертеді де жауларының назарынан тыс қалады. Қос мекенділер ішінде регенрацияға қабілеттілер де кездеседі. Мәселен, кейбір саламандрлар құйрықтарын үзіп тастай алады және ол кейін жетіліп кетеді. Сол сияқты саламандрлар денесінің басқа бөліктерін де жауына «сыйға» тарта алады екен. Қауіп төнгенде аяғын үзіп тастаған саламандрлардың аяғы қайта жетіле алатындығы дәлелденген.

Бекіту сұрақтары:
1. Бақаға не себепті ескерткіш орнатты?
2. Қосмекенділер деп неге атаған?
3. Қосмекенділердің даму сатысын ретімен атап бер.
4. Бақалардың қандай пайдасы бар?
5. Дернәсілдері не арқылы тыныс алады?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 861
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Биология пәнінен тест жинақтары. Балықтар класы
Биология пәнінен тест жинақтары. Балықтар класы
Сүйекті балықтардың қабыршақтарының сызықтарына қарап нені айыруға болады? - Балықтың жасын
Омыртқалы жануарларды қорытындылау
Омыртқалы жануарларды қорытындылау
Мақсаты: Оқушылардың білім сапасын көтеруде, танымдық қызығушылығын арттыруда ақпараттық коммуникативтік технологияның «Омыртқалы жануарларды қорытындылауда» тиімділігін көрсету.
Сүйекті балықтар класы. Жалпы сипаттама
Сүйекті балықтар класы. Жалпы сипаттама
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы №131 орта мектебінің биология пәні мұғалімі: Изтелеуова Динара
Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама
Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған мектебінің биология пән мұғалімі Құдасбаева Гүлназия
Балықтар жоғары класы
Балықтар жоғары класы
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің география, биология пәндерінің мұғалімі Алданазарова Камила Алданазаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×