Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен тұратын көше

24 ақпан 2014, Дүйсенбі
Сабақ тақырыбы: Мен тұратын көше
Сабақтың мақсаты:
Құрылыс материалдарынан құрылыстар салуға үйрету. Жақсы сапаға жетуге талпындыру ( дұрыс жоспарлай алу, түстерді сәйкестендіре орналастыру) бастаған істі аяқтауға дағдыландыру.
Туған ауыл, қалаға, көшеге ыстық ықыласпен қарауға баулу.
Ұжымды жұмыс барысында бір - бірімен ізгі қарым - қатынаста болуға, өзара сыйластық пен достыққа тәрбиелеу. Атқарылған істің сапасы ұжымның әрбір мүшесінің бірлесе жұмсаған күш - жігеріне байланысты екенін түсіндіру.
Керекті құралдар:
құрылыс материалдары, суреттер, әліппе - дәптерлер. қосымша безендіруге қажетті заттар: ағаштар, машиналар, т. б.
Әдіс - тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, үлгіні талдау.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар:
Көшелерді атау, өздері тұратын көше жайлы әңгімелеу.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезең:
• Қажетті оқу құралдарын даярлау.
• Қажетті үлгі суретті тақтаға дайындау
Сұрақ: сендер не көріп отырсыңдар?
- мына әдемі үйлерді кімдер салады екен?
- Ал балалар сендер мен жұмбақ жасырамын, жауабын тауып көріңдер.
Ұзын - ұзын, ұзын жіп
Ұзына шыққан жан бар ма?
Ақырын басқан жан бар ма?
Ұшына шықпас жалғанда. (Жол)
Күзде киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды. (Ағаш)

Көшенің сәні ағаш екенін айтып, ағаштың пайдасы туралы әңгімелеу.
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр (автобус).

Құрылысшы – кім ол. Оны басқаша қалай тауға болады? Құрылысшылар білімді, еңбекқор болса, не жақсы болады?
Ал егер құрылысшы білімсіз, жалқау болса, не жаман болады? (құрылыс қисық, көріксіз, тегіс емес)
Бүгін сендер құрылысшы болып, өз қаламызға жаңа көше тұрғызасыңдар. Үлгі суретке қараңдар.
Әліппе дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті:
Топ - топ етіп басамыз,
Жалаудан күн жасаймыз.
Жаса - жаса жарқын күн,
Жаса - жаса алтын күн.

Балалардың өздік жұмыстары. (үлгіге қарап құрастыру)
Қорытынды:
- Сонымен балалар сендер бүгін нені құрастырдыңдар, не жасадыңдар?
- Зәулім үйлерді кімдер жасайды?
Мадақтау, бағалау.
19 091
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үйді немен тұрғызамыз
Үйді немен тұрғызамыз
Балаларды құрылысшы мамандығымен таныстыру, құрылыс материалдарынан өз үйін құрастыру, ойлануға, өздігінен әрекет етуге баулу
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Әртүрлі пішіндер мен элементтерден өз бетімен өрнек құрастыру. Балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Көкөністер
Көкөністер
Мына суреттерді қарашы, біз қандай әдемі көкөністерді жинаанбыз! Қызыл қызанақ, жасыл бұрыш, сия көк баклажан... Қандай ашық, қанық түстер! Ашық бояулармен осы суретті қазір - ақ салғың келеді. Ал бұл жұмысты орындауға саған қосымша түстер
Жүк машинасы. Гараж
Жүк машинасы. Гараж
Құрылыс материалдарымен таныстыру және жүк машинасын құрастыру, құрылыс материалдарын пайдалануға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту арқылы сүт таситын машина құрастыра білуге үйрету.
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нысанбаев Бақберсін Ізбасарұлы
Шашақты сүлгі
Шашақты сүлгі
ЖББОМ № 65 мектеп. Мектепке даялық тобының қол еңбек сабағы. Мұғалімі: Бекова Ақбота Токеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×