Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дос іздеген бота

11 ақпан 2015, Сәрсенбі
«Дос іздеген бота» ертегісінің сахналық көрінісі. Ж. Қалжанова.
Қойылымның мақсаты:
Балаларды таныс ертегі кейіпкерлерінің рөліне, диалог, монолог түрінде сөздерді дыбыс ырғағына келтіре айтуға үйрету. Ертегіге деген қызығушылығын арттыру арқылы сахнада өзін - өзі еркін ұстауға қалыптастыру.
Көрнекілік: Жайлау бейнесі, аңдардың киімі.

Қатысушы кейіпкерлер:
Боталы түйе
Мысық
Ит
Әтеш
Бақа
Лақ
Қозы
Ара

Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.
Бір күні анасы:
- Боташым, мен саған жақсы достан басқаның бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қызық емес,- дейді.
Бота әндете жолға аттанады.
Бота, бота, ботамын,
Ақылды боп атандым
Тостақандай көзім
Әдемімін өзім.
Мысықты кездесіреді:
- Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін,- дейді бота боздап.
- Мяу - мяу, мияулаған мысықпын,
Өзім тым пысықпын,
Кел екеуміз дос болайық.
- Жоқ - жоқ сен сияқты дос емес.
Бота итті кездестіреді.
- Аф, аф,
Атым менің Саққұлақ,
Жүремін ылғи шапқылап.
Кел екеуміз дос болайық.
Бота әтешті кездестіреді.
- Ку - ка - ре - ку,
Алқызыл менің айдарым
Таңмен ерте тұрамын,
Кел екеуміз дос болайық.
Бота бақаны кездестіреді.
- Бақылдаған бақамын,
Қызыққа күнде батамын.
Бота лақты кездестіреді.
- Мен ақпын,
Секеңдеген лақпын
Кел екеуміз дос болайық.
Бота қозыны кездестіреді.
Мен қозымын,
Момақанның өзімін.
Кел екеуміз дос болайық.
Бота Араны кездестіреді.
- З - з - з, кел екеуміз дос болайық,
Гүл терейік, бал жинайық.
- Жоқ, жоқ сен сияқты дос емес.
Ара ашуланып қуа жөнеледі. Бота зорға дегенде қашып құтылады.
Анасы: Дос таптың ба, ботам?
- Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен.
- Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек.
Бота қуанып достарын шақырып алады.
22 047
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дос іздеген бота
Дос іздеген бота
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.
Дос іздеген бота
Дос іздеген бота
Оқушылардың үй жануарлары туралы алған білімдерін тексеріп, бекіту. Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Түйе, бота
Түйе, бота
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ішіндегі түйенің ерекшелігіне тоқталу. Оның еті де, сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру.
Дос іздеген бота
Дос іздеген бота
СҚО, Петропавл қаласының №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп - кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ескендірова Қымбат Неғметжанқызы
Дос іздеген бота
Дос іздеген бота
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі Аймуханова Нурбике Сагынжановна
Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпі
Семей қаласы, Қ.Рысқұлбеков атындағы 33 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ерменова Алмагул Мұқатаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×