Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көліктер

18 қазан 2015, Жексенбі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Қайықбаева Гүлбарам

Тақырыбы: Көліктер
Мақсаты: Балаларға көлік туралы түсінік беру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде), атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету. Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту. Балалардың қызығушылықтарын дамыту. Жол ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Көрнекіліктер: Тақырып мазмұнына байланысты слайдтар, таратпа материалда

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Тұлға аралық байланысты орнату
Балаларды топқа бөлу.

III. Сыныптың білім деңгейін анықтау.
Өтілген материал бойынша сұрақтарға жауап беру.
Біздің еліміз қалай аталады?
Еліміздің рәміздерін ата.
Отан, Қазақстан, Астана сөздеріне сөйлем құрау

Отан туралы тақпақтар айту.
Отан – сенің ата – анаң
Отан – досың, бауырың
Отан - өлкең астанаң
Отан – аудан, ауылың
Отан - осы достарым
Көңілге мұны түйе біл
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл.

IV. Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелер.
Балалар сендер саяхат шыққанды ұнатасыңдар ма?
Саяхатқа немен шығуға болады? (автобуспен, машинамен, самолетпен, т. б...)
Осыларды бір сөзбен қалай атауға болады?
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы (Көліктер)

V. Қызығушылық пен назарын аудару
Жұмбақтар шешу. (слайд)
Өздігінен жүрмейді, жарыспайды,
Кісі мінсе жарыстан қалыспайды.
Аяғы екеу болғанмен ізі жалғыз,
Сағатта талай жерді қарыштайды (велосипед)

Бір жануар домаланған екі көзді,
Адамның ықпалымен жүреді өзі.
Сияды ішіне оның төрт - бес кісі,
Жарқырап түнде жортса екі көзі. (автомобиль)

Қанаты бар, жаны жоқ,
Табаны бар, аяғы жоқ.
Өзі ұшады, аспанда жүреді,
Теңізден де, таудан да өтеді. (Ұшақ)

Пырылдар көкте инелік,
Инелік емес үй делік. (Тікұшақ)

Үйрек емес, қаз емес,
Балық емес судағы,
Өзі жүзе біледі.
Жемі көмір және май,
Шешуін кім біледі? (Пароход)

VI Негізгі бөлім (слайд)
1. Оқушылар біз бүгінгі сабағымызда көшедегі машиналардың атқаратын қызметтері жайлы толығырақ мәлімет алайық
Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс
малы: түйе, жылқы, піл, есек, сиыр, бұғы, ит, т. б. жатады. Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы - қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды. Ғылыми - техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте - бірте автомобиль, пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 223
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Менің Отаным"
"Менің Отаным"
Мақсаты: Балаларды Отан – сүйгіштікке баулу, еліміздің рәміздерімен таныстыру. Әдісі: сұрақ – жауап, әңгіме. Көрнекілігі: ҚР президентінің портреті, еліміздің рәміздері, Астана қаласы туралы суреттер. Ұйымдастыру кезеңі:
Көліктер
Көліктер
Балаларға көлік туралы түсінік беру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде), атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету.
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана.
Мен өз Отанымның патриотымын!
Мен өз Отанымның патриотымын!
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көліктер
Көліктер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» балабақша тәрбиешісі Баймұратова Айсауле
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×