Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Зерде» интеллектуалдық ойын

16 ақпан 2018, Жұма
«Зерде» интеллектуалдық ойын
Мақсаты: оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, интеллектуалды, өнерлі де жігерлі, шығармашыл, еркін ойлай алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу. Оқушылардың білімдерін пысықтау. Алған білімдерін саралай отырып, оқу іс – әрекетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: түрлі тапсырмалар, жұмбақтар, мақал - мәтелдер слайд.
Түрі: сайыс

Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі көрермендер! «Зерде» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер! Бүгін ойын сайыс түрінде өтеді. /оқушылар ортаға шығады/
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық!
Бүгін сайыс төріне,
Есеп шешіп таласып,
Жұмбақ айтып аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Кең пейілді жігермен,
Келді міне көп білген,- демекші енді көпшілік қауым, күш жігері шалқыған, бұл жеңіс менікі деп артынған оқушыларды ортаға шақырайық.

Жоспары: Сайыс үш бөлімнен тұрады:
1. « Ғажайып жетілік» апта күндерін таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.
2. «Дода» ұяшықтар таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру
3. «Бәйге» жұмбақтар шешу, мақалдарды жалғастыру.

Жүргізуші: Енді сайыскерлеріміздің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтейік.

Ойын барысы бойынша сайыста сендерге әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерін қажет.

Жүргізуші:
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де есеп,
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек,- деп, « Ғажайып жетілік» бөлімінде әркім өз таңдаған ұяшықтарындағы апта күндерінің берілген сұрақтарына жауап береді. /әр дұрыс жауапқа 1 - ұпай/

Дүйсенбі:
1. Кеңістікті қалай бағдарлаймыз?
2. 1 - ден, 10 - ға дейін өсу ретімен сана.
Сейсенбі:
1. Заттарды өлшемі бойынша қалай салыстырамыз?
2. 1 - ден, 10 - ға дейін кему ретімен сана.
Сәрсенбі:
1. 10 - ға дейін реттік санау.
2. 5 - санының көршілерін тап.
Бейсенбі:
1. 12 - санынан кейін қандай сан тұрады деп ойлайсың?
2. Қандай сандарды екі таңбалы сандар дейміз?
Жұма:
1. Салыстырудың қандай тәсілдерін білесің?
2. 10 11 сандарды салыстыр.
Сенбі:
1. 1 - аптада неше күн бар?
2. 1 - ден, 20 - ға дейін өсу ретімен сана
Жексенбі:
1. 1 - ден, 10 - ға дейін Реті бойынша сана
2. 15 19 сандарды салыстыр.

Жүргізуші:
Бүгінгі күн сайыста,
Ешкімнен сен қалыспа,
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста,- дегендей келесі бөліміміз «Дода» деп аталады.
Бұл бөлімде пән атаулары жазылған ұяшықтарды таңдап, ұяшықта жасырылған сұрақтарға жауап береді. Ойлануға уақыт беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан.
1 - кітап:
1. Сөйлемнің неше түрі бар? / 3 - түрі бар /
2. Бақа сөзінде неше буын бар? /2 - буын /
2 - кітап:
1. Дыбысты нешеге бөлеміз? /дауысты, дауыссыз /
2. А - дыбысы қандай дыбыс? / дауысты жуан /
3 - кітап
1. Сөз дегеніміз не?
2. Н - дыбысы қандай дыбыс?
4 - кітап
1. Табиғатта өзін - өзі ұстау ережесін айтып бер.
2. Қ. Р. Мемлекеттік рәміздерін ата.
5 - кітап
1. Қандай мамандық иелерін білесің?
2. Отбасы мүшелерін ата
6 - кітап
1. Оқуға қажетті құралдарды ата
2. Дене тазалығы үшін қандай заттар қажет
ІІІ - тур Бәйге:
Жұмбақтар:
1. Сансыз ойлар бетімде,
Сайрап жатыр бар тілде.
Керекпін мен әр күнде
Өшпейді бір әрпім де \кітап\

2. Тілі жоқ өзінде,
сөзі бар ізінде. \қалам

3. Қате жазып жаңылсаң,
Тазалайды ол бәрін \өшіргіш\

4. Өзі тас, өзі ақ
Дәмін татсаң ащы - ақ. \тұз\
5. Арқама асамын,
Мектепке асығамын. \сөмке\
6. Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. \кітап\

Мақалды жалғастыр:
1. Еңбек адамды өсіреді,
Жалқаулық адамды өшіреді.
2. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.
3. Кітап – асыл дос
4. Мектебім – алтын бесігім
5. Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен

6. Оқусыз білім жоқ
Білімсіз күнің жоқ.

Жүргізуші:
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Әділқазы, сіздерге сөз береміз,
Жеңімпаздар кім болып сарапталды?
Қорытынды:
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз. Әділқазы алқасына сөз беру.
8 686
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық ой – жұмбақтар сыры
Математикалық ой – жұмбақтар сыры
Жұмбақты дұрыс шешу үшін цифрлардың орнына қойылған әріптерді тиісті сандармен алмастыру керек.
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Уа халайық! Халайық! Бәріне жар салайық Бүгінгі ойын төрінде Математика елінде Математика тілінде Есеп шешіп жарысып Жұмбақ шешіп аңдысып Шабыттасып шалқысып Есеппен ән салысып Көңілді ойын жасайық
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Башимова Гүлшат Мұхтарқызы
Жанұя және математика
Жанұя және математика
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылы, № 107 орта мектептің математика - информатика пәні мұғалімі Қарақұлова Айсұлу Нұғыманқызы
Тапқырлар сайысы
Тапқырлар сайысы
ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы математика пәнінің мұғалімі Жанузакова Аяулым Жанатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×