Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқырлар сайысы

20 желтоқсан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Математика
ШҚО, Катонқарағай ауданы,
Катон ауылы математика пәнінің мұғалімі
Жанузакова Аяулым Жанатовна

Тапқырлар сайысы
Мақсаты: 1) Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
2) Дидактикалық, логикалық т.б. ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу.Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.
3) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
Математикалық сайыстың барысы:

1-жүргізуші: Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық!
Бүгін сайыс төріне,
Математика тілінде,
Есеп шешіп таласып,
Жұмбақ айтып аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Кең пейілді жігермен,
Келді міне көп білген.
Демекші енді көпшілік қауым, сыртта тұрып толқыған, күш жігері шалқыған, бұл жеңіс менікі деп, артынған оқушыларымызды ортаға шақырайық.

2 - жүргізуші: Сәлеметсіздер оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін естіп тұрып
Оқығанын миға тоқушылар.
Бүгінгі “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар ” сайысымызға
Қош келдіңіздер! (2-еуі бірге)
Сайысымызға 5-7 сыныптар аралығынан 7- оқушы қатысып отыр. Жеті оқушы қатысу себебі, қазақта жеті саны киелі сандардың бірі болып саналады. Жеті күн, жеті амал, жеті қазына, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ата, жеті құбылыс, жеті жетім, жеті шәріп, жеті ғалам сияқты ұлағатты ұғымдар бар.

1-жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Әділ қазылар алқасы:

2-жүргізуші: Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушылар:

1-жүргізуші: Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, »- деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.

2-жүргізуші: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің
керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.

1-жүргізуші: Математикалық сайыс – бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.

2-жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер - деп сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтелік:
1. Білім сайысы
2. Мақал –сөз мәйегі
3. Есепке кім жүйрік
4. Кім көп біледі
5. Математикалық жұмбақтар
6. Қас-қағым сәт
7. Қорытынды

1-жүргізуші: Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз - деп, білім сайысында логикалық есептер шығарамыз.
Экрандағы есептерден әр оқушы өз нөмірлеріне сәйкес есептерді шығарады.

1. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100)
2. 1т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма? (Бірдей )
3. 4 827 105 санындағы үш цифрды ең кіші сан шығатындай етіп сыз. Сонда қандай сан шықты? (2 105)
4. Сандар қатарындағы келесі санды тап? 20, 21, 23, 24, 26, 27, … (29)
5. Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір-бірден). Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады? (16)

6. Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақпен қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (17)

7. Көл тоғанды қырға бар
Келіп қонды тырналар.
Жұптан қонып сол жерде
Отыр екен он жерде
Санап берші тырналар
Қанша болды ол жерде? (20)

2-жүргізуші:
Ал, балалар, балалар
Мақал –мәтел айтайық.
Қиындыққа қайыспай
Асулардан асайық –деп, берілген мақалдарды жалғастырайық.әркім өзіне сәйкес нөмердегі мақалды айтады.
1-жүргізуші:
1. Бір тал кессең.....( он тал ек).
2. жеті рет өлшеп..... (бір рет кес)
3. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
4. отыз тістен шыққан сөз, ....( отыз рулы елге тарайды)
5. екі құзғын таласса, ....(бір қарғаға жем болар)
6. бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
7. Алтау ала болса ауыздағы кетеді...(

2-жүргізуші:
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек - деп, Есепке кім жүйрік? Сайысында әркім өзіне берілген есептерді шығарады.

1-жүргізуші: Көрерменсіз жалғыз қалар жүйріктер
О, оларсыз көңілдерде күй бітпес!
Математика жайлы сұрақтар бар аздаған
Ал, көрермен жауабын айт, билік бер!

Келесі сұрақтар көрермендерге арналады.

1) Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді. (апта күндері)
2) Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағына қарамай. (натурал сандар)
3) Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 минут ұшты, ал қайтарда сол жылдамдықпен 90 минут ұшты. Бұл қалай? (1сағ 30мин=90 мин)
4) Үш ат жегілген күйме 1 сағатта 15 км шауып өтті. Әрбір ат қандай жылдамдықпен шапты? (15км/сағ)
5) Тоғайда 10 қырғауыл отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (екеуі)
6) Барлық Араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең? (0)
7) 10 центнер темір ауыр ма, 1 тонна мақта ауыр ма? (тең)
8) 7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық та, 310-нан кем. Берілген санды тап. (307)

2-жүргізуші:
Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен –деп “Кім көп біледі?” сайыс ында әр оқушыға 7 сұрақтан қойылады. Оған кім тез және қанша уақытта жауап беретіні ескеріледі.

1-жүргізуші:
5-сыныпқа
1. Санауда қолданылатын сандар? (натурал)
2. Санның ең үлкен бөлгіші неге тең? (санның өзіне)
3. 2-ге бөлінбейтін сандар не деп аталады? (Тақ сандар)
4. Қандай сандар 5-ке бөлінеді? ( 0 мен 5- ке аяқталатын сандар)
5. Жай сандардың кестесін жасаған грек ғалымы кім? (Эратосфен)
6. 1/2-ге кері сан? (2)
7. Ғасырдың жартысы неше жыл? ( 50жыл)

2-жүргізуші:
5-сыныпқа
1. Неше цифр бар? (он)
2. Кез келген натурал санның бөлгіші? (1)
3. 2-ге бөлінетін сандар не деп аталады? (Жұп сандар)
4. Қандай сандар 10-ға бөлінеді? (0-ге аяқталатын сандар)
5. Ең кіші натурал сан, (1)
6. Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0-ге)
7. 3-ке кері сан? ( 1/3)

1-жүргізуші:
6-сынып
1. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді?
(диаметр)
2. Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең? (1)
3. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан (нөл)
4. 9-ға қарама қарсы сан (-9)
5. -99, 9 бен 1 қайсысы үлкен? (1)
6. 0-ден үлкен сандар (оң сандар)
7. Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі (теріс сан)

2-жүргізуші:
6-сынып
1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (нөл)
2. Қарама қарсы сандардың қосындысы неге тең? (о)
3. Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді? (радиус)
4. | - 10 | мен 1 қайсысы үлкен? ( | - 10| )
5. Екі санның қатынасы не деп аталады (пропорция)
6. 0- ден кіші сандар (теріс сандар)
7. Ең үлкен уақыт өлшемі? (ғасыр)
1-жүргізуші:
7-сынып
1. Кеңістіктегі фигуралар қасиетін зерттейтін геометрия бөлімі (планиметрия)
2. Координаталар жүйесін енгізген ғалым (Р. Декарт)
3. Вертикаль бұрыштар қандай болады (тең)
4. Үшбұрыштың ішік бұрыштарының қосындысы (180 )
5. Жазықтықтағы бір бірімен қиылыспайтын түзулер (параллель)
6. Санның бір дәрежесі неге тең? (санның өзіне тең)
7. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан қабырғасы (катет)
2-жүргізуші:
7-сынып
1. Кез келген санның нөл дәрежесі ( 1)
2. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем (теорема)
3. Бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)
4. Тұстас бұрыштардың қосындысы (180)
5. Екі қабырғасы тең үшбұрыш? (тең бүйірлі үшбұрыш)
6. π санының жуық мәні неге тең? (3, 14)
7. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (перпендикуляр)

1-жүргізуші:
7-сынып
1. Геометрия терминінің мағынасы ( грек сөзі жер өлшеу)
2. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы (180 )
3. Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неше градустан (60)
4. Квадрат функцияның графигі (парабола)
5. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем (аксиома)
6. Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырғасы (гипотенуза)
7. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (тең қабырғалы үшбұрыш)

2-жүргізуші: ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына –дей келе, математикалық жұмбақтар сайысында кім жылдам қол көтерсе сол оқушы жауап береді.
1-жүргізуші:
1. Бес ін, бес іннің аузы бір ін? (қолғап)
2. Жүз төрт түйме, он бір ине?(есепшот)
3. Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар(киіз үй)

4. Шекер жейтін аққұтан
Бір қазыққа байланды
Аузына тістеп шекерін
Ол қазықты айланды (циркуль)

5. Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз (цифр)
6. Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап?(х)

7. Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай?( натурал)

2-жүргізуші: 6-сайыс сайысымыздың соңғы кезеңі «Қас –қағым сәт»
1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
2. Үш әкесі мен алты ұлы серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Әрқайсысына 6 алмадан тиді. Бұл қалай болғаны? (7 –адам т-2-атасы, 2-әкесі, 2- баласы)
3. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан? (1, 2, 3)
4. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр. (98)
5. Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар?(15 минут)
6. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой Бәрін білсең санап қой. (17)

7. Үй иесі: Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іш те маған бер деген екен.
Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.
Сонда үйдегі адам нешеу, ұры қанша?

1-жүргізуші:
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл – ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайям, әл – Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді.
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

Ендеше, әділ қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушымызды атап өтсе.
11 011
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Зерде» интеллектуалдық ойын
«Зерде» интеллектуалдық ойын
Оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, интеллектуалды, өнерлі де жігерлі, шығармашыл, еркін ойлай алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу. Оқушылардың білімдерін пысықтау. Алған білімдерін саралай отырып, оқу іс – әрекетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету есептеу дағдыларын жетілдіру.
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Уа халайық! Халайық! Бәріне жар салайық Бүгінгі ойын төрінде Математика елінде Математика тілінде Есеп шешіп жарысып Жұмбақ шешіп аңдысып Шабыттасып шалқысып Есеппен ән салысып Көңілді ойын жасайық
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
Жанұя және математика
Жанұя және математика
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылы, № 107 орта мектептің математика - информатика пәні мұғалімі Қарақұлова Айсұлу Нұғыманқызы
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×