Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


В дыбысы мен әрпі

09 қаңтар 2013, Сәрсенбі
«№6 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Тайжанова Жулдыз Мараловна


Пәні: Сауат ашу
Тақырыбы: «В дыбысы мен әрпі»
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларға В дыбысы мен әрпін таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгерту.
2. Дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Буын туралы түсініктерін кеңейту.
3. Балаларды ізеттілікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: қызыл, көк текшелер, қала көшесіндегі көліктер бейнеленген сурет.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-(...)
- Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы. Себебі бүгін бізде көптеген қонақтар отыр.
Өткен сабақты қайталау:
- Балалар, өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?
- (һ)
- Һ дыбысы кездесетін қандай сөздерді білеміз?
- (жи-һаз, гау-һар, ай-да-һар, жау-һар т.б.)
- Дұрыс айтасыңдар. Енді біз бүгінгі сабағымызда тағы жаңа бір дыбыспен танысамыз.

Жаңа сабақ:
Бәріміз мына суретке назар аударайық!
- Суретте не көріп тұрсыңдар?
- Қала көшелерінде қандай көлік түрлері кездеседі?
- Жолаушылар тасымалдайтын қандай көлік түрлерін білесіңдер?
- Сендер әуе кеңістігінде қолданылатын қандай көлік түрлерін білесіңдер?
- «Ізетті бала» тақпағын оқып беремін.
Трамваймен жүрсем де,
Автобусқа мінсем де,
Үлкенге де, кішіге,
Сәбиі бар кісіге
Тұрып орын беремін,
Ізетті боп келемін.
Ал мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
- (велосипед)
- Велосипед сөзі қандай дыбыстан басталады?
- В дыбысынан басталады.
- Айтылуына қарай қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?

В дыбысы- ұяң дауыссыз дыбыс. Ол В әрпімен таңбаланады.
(В дыбысы орыс тілінен енген сөздерде кездесседі)

«Велосипед» сөзіндегі қалған дыбыстарды текшелермен белгілету.
- «Велосипед» сөзінде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?
- (бес дауыссыз, төрт дауысты).
- Неше буыннан тұрады?
- (төрт буыннан)
- Неге?
- (себебі төрт дауысты дыбыс бар).

Оқулықпен жұмыс:
Әліппе- дәптердегі буындарды оқыту.
- ва, -во, -ви, -ве, -ав.

DVD дискіден слайд- шоу көрсету.

Қол жаттықтыру жұмысы.
- Әліппе- дәптеріміздегі В дыбысының әріп таңбасын бастырып жазамыз.

Мәтінмен жұмыс.
Балаларға оқулықта берілген шағын мәтінді оқып беремін.
- Мәтін не жайлы?
- Қай сөздерде В дыбысы кездеседі? Өздеріне оқытамын.

Дидактикалық ойын:
Көрнекі құралдар: сөздер жазылған карточкалар.
Ойынның барысы: Бір бала ортаға шығып қоржыннан карточка алады. Карточкаға жазылған сөзді оқиды және сол сөзді қатыстырып сөйлем құрайды. Құрай алмаған жағдайда топ балалары көмектеседі.

Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің

Ой дамыту тапсырмасы:
- Мына суретке назар аударамыз. Нелердің суреттері бейнеленген?
- (ванна, диван, вагон)
- Дұрыс айтасыңдар. Бұл суреттер бойынша бізге мынандай тапсырмалар берілген.
Бірінші тапсырма: сөздерді өз атауларымен байланыстыр.
Екінші тапсырма: ВАН буыны бұл атаулардың нешеуіне ортақ?
Үшінші тапсырма: Қай атауда ВАН буыны жоқ? Соны көрсет.

Сабақты қорытындылау:
- Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- В дыбысы қандай дыбыс?
- В дыбысы кездесетін қандай сөздер білеміз?
- Дұрыс айтасыңдар. (сабақта жақсы қатысып, белсенділік танытқан балаларға жұлдызша беріп мадақтау). Сонымен балалар біздің бүгінгі сауат ашу сабағымыз аяқталды.
18 733
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Сауат ашу (48 сағат)
Ф дыбысы мен әрпі
Ф дыбысы мен әрпі
Ф дыбысы мен әрпі жайында түсініктерін арттыру, Ф дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға баулу.
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Сабақтың тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі (слайд)
М дыбысы мен әрпі
М дыбысы мен әрпі
М дыбысымен таныстыру. М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сөздерді буынға бөлуге, есту арқылы сөз арасынан табуға үйрету. 2. Балаларға М дыбысы ба
С дыбысы және әрпі
С дыбысы және әрпі
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі Қошимова Айгүл Сарсенбайқызы
Ё дыбысы мен әрпі
Ё дыбысы мен әрпі
Ё дыбысы мен әрпін таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгерту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×