Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары

06 қаңтар 2019, Жексенбі
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары
Мектепке дейінгі жасындағы баланы оқытып тәрбиелеуде қарапайым математикалық түсініктерін оқытумен олардың логикалық ойлауын дамытуының сабақтастықты қамтамасыз ету мәселесі өте өткір қойылып отыр.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, қиялын жүйелі ойлауға, шығармашылық қабілеттерін түрлі әдістер арқылы дамытуға түрлі әрекеттер жасау керек. Нәтижелерге жету үшін ТРИЗ технологиясының әдіс - тәсілдерін пайдалануға болады. Олар:
• Қарама - қайшылықты шешу әдісі – ұсынылған заттар мен құбылыстарды әр қырынан қарау;
• Сиқырлы объектілер әдісі – балаға таныс объектінің сипаттарын екініші бір объектіге таңып айту, қолдану;
• Жүйелік жақындау әдісі – бір - бірімен тығыз болатын бөлімдерден құрылған жүйені біртұтас ретінде түсініп беру;
• Салыстыру әдісі – заттар мен объектілердің ұқсастық, ерекшеліктерін анықтау.
Сонымен қатар балалардың ойлау қабілеттері салыстыру, анализ, синтез, абстракция, жалпылау және нақтылау ойлау операциялары арқылы жүзеге асады.

1. Салыстыру - оқып үйренетін объектілердің ұқсастықтар мен айырмашылықтарын ойша тағайындау әдісі. Салыстыру әдісін қолданғанда мына қағидаларды басшылыққа алған жөн:
1. салыстыратын объектілері біртекті болуы шарт;
2. оқып үйренетін объектілері айырықша мәні бар белгілері бойынша салыстырылуы тиіс;
3. объектілерді салыстыру толық аяқталуы тиіс.

2. Анализ - қарастырылатын затты немесе құбылысты талдау, жіктеу, ажырату. Оны құрайтын элементтердің қасиеттеріне, сипатына қарай жіктеу, бөлу, оның әрбір элементін немесе бір жақтарын жеке - жеке қарастыру.

3. Синтез - жинақтау, қосу, құрастыру, біріктіру - анализге қарама - қарсы логикалық үрдісті білдіретін ұғым. Синтез бөліктердің, элементтердің, қасиеттердің байланысын, өзара әсерін айқындап, нәрсенің, заттың тұтас тұлғасын білдіреді.

4. Абстракция - ол елемеу, дерексіз затты белгісінен, қасиетінен ажыратып, ойша дерексіздендіру, дерексіз ұғыммен тұжырымдалатын және табиғаттың немесе қоғамның материалдық міндеттерін, үрдістерінің ішкі мәнін бейнелейтін ой. Ол абстракциялаудың, яғни болмыс құбылыстардың мардымсыз, үстірт жақтарымен қасиеттерін елемей, олардың жалпы, ең мәнді белгілерін оймен айқындау нәтижесі болып табылады.

5. Жалпылау - объектілер мен құбылыстардың тек берілген класына тән қайсыбір ерекше қасиетін ойша айыру, белгілеу әдісі.

6. Нақтылау - неғұрлым жалпыдан жекеге көшу әдісі. Нақтылау екі түрде кездеседі:
1. ойдың жалпыдан жекеге, дербестікке ауысуы;
2. объектінің әр түрлі қасиеттері мен белгілерін айқындау арқылы абстракті - жалпыдан дербестікке ауысуы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары жүктеу
5 579
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
Балалардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандардың таңбалануын үйрету. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Орта жастағы балалардың логикалық ойлау қабілетін акт арқылы дамыту
Орта жастағы балалардың логикалық ойлау қабілетін акт арқылы дамыту
Заманауи кезеңде бағдарлама талаптарын тиімді іске асыру және білім сапасын арттыру мақсатында педагогтардың күш - жігері мектеп жасына дейінгі баланың ақыл - ой тәрбиесін жетілдіруге бағытталады.
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (анализ, синтез, индукция, дедукция) ықпал етеді.
Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру
Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл - ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.
Білім сапасын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жүргізу
Білім сапасын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жүргізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×