Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Орта жастағы балалардың логикалық ойлау қабілетін акт арқылы дамыту

03 маусым 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Орта жастағы балалардың логикалық ойлау қабілетін акт арқылы дамыту
1. Жобаның өзектілігі.
Заманауи кезеңде бағдарлама талаптарын тиімді іске асыру және білім сапасын арттыру мақсатында педагогтардың күш - жігері мектеп жасына дейінгі баланың ақыл - ой тәрбиесін жетілдіруге бағытталады.
Ойлау операциялары адамның қоршаған ақиқатты тану құралы болып табылады, сондықтан, ойлау операцияларының дамуы жан - жақты дамыған тұлғаның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады.
Балаларда бастауыш математикалық ұғымдарды дамыту үдерісінде АКТ - ды пайдалану педагогикалық ықпал етудің түзету және оқу - дамытушылық міндеттерін үйлестіруге, мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуының заңдылығы мен ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
Зерттеу мақсаты – орта мектеп жасына дейінгі балаларда ойлау операцияларының даму үдерісін АКТ құралдарымен әдістемелік қамтамасыз ету.
Зерттеу нысаны – орта мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау операциялары.
Зерттеу мәні – АКТ құралдары арқылы орта мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау операцияларының даму үдерісі.
Зерттеу болжамы – орта мектеп жасына дейінгі балаларда ойлау операцияларының даму үдерісі оны дамыту барысында келесі мүмкіндіктерді қолданған жағдайда барынша сәтті өтеді: қызықты материал, логикалық жаттығулардың түрлері, АКТ қолданылатын жұмыстардың түрлі формасы мен әдістері.
Зерттеу міндеттері:
- мектепке дейінгі педагогика мен психологиядағы ойлау операциялары дамуының теориялық негіздерін зерттеу;
- орта топтағы мектеп жасына дейінгі балаларда логикалық тәсілдердің қалыптасу деңгейін анықтау;
- орта мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік беретін компьютерлік ойындар жүйесін жасау және апробациялау;
Зерттеу әдістері:
 теориялық талдау, синтез, түйіндеу және нақтылау әдістері;
 бақылау;
 педагогикалық тәжірибе әдісі;
 зерттеу мәліметтерін сандық талдау және сапалық өңдеу әдісі.
Зерттеуіміздің ғылыми жаңалығы – осы мәселені зерттеудің кең ауқымын талдау негізінде және мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау операцияларының дамуының практикалық тәжірибесін, диагностикалық срез нәтижелерін талдау негізінде АКТ - ды қолданумен өтетін сабақтар жүйесі жасалды.
Жұмыстың тәжірибелік мәні орта мектеп жасына дейінгі балаларда көру арқылы қабылдау, зейін, логикалық және бейнелі ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін сабақ жүйесін жасауда. Сонымен қатар тапсырмаларды баланың танымдық дамуын диагностикалауға да қолдануға болады. Ойындар жүйесін тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс тәжірибесінде қолдана алады.
Тәжірибе Өскемен қаласы әкімдігінің №3«Балбөбек» балабақша - бөбекжайында, КМҚК базасында өткізілді. Эксперименттік «Ботақан» топ тәрбиешісі – Куркембаева Алина Муратханқызы. Топта барлығы 32 бала. Осы балалармен жұмыс істей отырып эксперименттік топ және бақылау тобы деп бөлдім.

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалды дамуының ерекшеліктері.
Баланың дамуы ерте жаста басталғанда ерекше нәтижелі. Балаларға зор танымдық белсенділік, жаңаны қабылдауға деген бірегей қабілеттілік тән. Бірақ, егер бұл қасиеттерді уақытында дамытып, ізденбесе, олар біржола жоғалып кетуі мүмкін. Баланың интеллектуалды дамуы алдын - ала болжанбайды; ол жағдайға байланысты тоқтатуға, баяулатуға немесе жылдамдатуға болатын үдеріс.
Интеллект (латынның intellectus сөзінен шыққан – ұғыну, түсіну, аңғару) психологиялық ғылымда «жеке тұлғаның ақыл - ой қабілетінің тұрақты құрылымы» ретінде қаралады [1, 114 б.].
Балалардың интеллекті – баланың социумда бейімделуін қамтамасыз ететін жас мөлшері нормасына қатысты танымдық үдерістердің даму жүйесі. Когнитивті психологияда интеллект дамуының негізгі теориясы деп әр түрлі жастағы балаларды бақылай отырып өз қорытындысын жасаған Пиаже кезеңі теориясын атауға болады [2].
Бірінші кезең – сенсомоторлық кезең (0 - 1 жас).
Екінші кезең – операциялардың алдындағы (1 - 7 жас).
Үшінші кезең – нақты операциялар (7 - 12 жас).
Төртінші кезең – формалды операциялар (12 жастан кейін).
Осылайша, баланың интеллектуалды дамуы кезеңдердің заңды ауысымымен сипатталады, онда әрбір өткен кезең келесісін дайындайды. Әлбетте, бала бұл кезеңдерді қатаң күнтізбе бойынша өтпейді; өзгеріс бірте - бірте және әр балада әр түрлі уақытта іске асады.
Логикалық ойлау – бұл ойлаудың бір түрі, оның мәні – ұғым, пайымдау, ой қорытындысын логика заңдары негізінде пайдалану, оларды іс - әрекетпен салыстыру, ара қатынасын белгілеу немесе сипаттау және объективті ақиқатты өзгерту мақсатында бар білімді үйлестіруге мүмкіндік беретін себеп - салдарлық заңдылықтармен байланысты ойлау операциясы [3, 123 б.].
Логикалық операциялар: салыстыру, жалпылау, талдау, жинақтау, жіктеу, сериация, үйлестік, жүйелеу, абстракциялау.
Логикалық ойлаудың негізгі формаларына келесілер жатады: пайымдау, ой қорытындылау, ұғым.
Ойлаудың дамуы үш кезеңнен өтеді:
1. Көрнекі - қимылдық, яғни, бала әрекет, қимыл арқылы ойлайды.
2. Көрнекі - бейнелі, яғни, бала бейнелер көмегімен ойлайды.
3. Сөз - логикалық, яғни, бала ойша ойлайды.

2 «Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» ұғымы психологиялық - педагогикалық әдебиетте
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар (АКТ) – ақпаратты пайдаланушылар мүддесіне сай ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату, көрсету және қолдану мақсатында біріктірілген әдістер, өндірістік үдерістер мен бағдарламалық - техникалық амалдардың жиынтығы [4].
Ақпараттық технологиялар – бұл ақпаратты алу, түрлендіру, беру, сақтау және пайдалану әдістері мен амалдары [5].
Ақпараттық технологияларды олардың функционалдық тағайындалуы бойынша жіктеуге болады. А. В. Дворецкая АКТ - ға мыналарды жатқызуды ұсынады: презентациялар, үйретуші ойындар және дамытушы бағдарламалар, дидактикалық материалдар, тренажер - бағдарламалар, виртуалды тәжірибе жүйесі, электронды оқулықтар, электронды энциклопедиялар [6, 157 б.].
Оқытудың жалпы жүйесінің бір компоненті ретінде қарастырылатын ақпараттық технологиялар ақпаратқа қолжетімдікті жеңілдетіп, оқу әрекетінің вариативтілік, даралану және саралану мүмкіндіктерін ашып қана қоймай, оқытудың барлық субъектілерінің өзара әрекетін жаңаша ұйымдастыруға, оқушы білім беру әрекетінде белсенді әрі теңқұқылы қатысушы бола алатын білім беру жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
№3 Балбөбек балабақша - бөбекжайының тәрбиешісі
Куркембаева А. М.
Орта жастағы балалардың логикалық ойлау қабілетін акт арқылы дамыту. жүктеу
2 828
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге үйрету, тәрбиелеу деген сөз. Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сұлулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау,
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (анализ, синтез, индукция, дедукция) ықпал етеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары
Мектепке дейінгі жасындағы баланы оқытып тәрбиелеуде қарапайым математикалық түсініктерін оқытумен олардың логикалық ойлауын дамытуының сабақтастықты қамтамасыз ету мәселесі өте өткір қойылып отыр.
Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу қабілетін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу қабілетін дамыту жолдары
Сөйлеу қабілеті – психикалық және сапалы дамудың маңызды шарты болып табылады. Л. С. Выготскийдің тұжырым бойынша «сөйлеу танымның күрделі және ең жоғарғы түрі болып есептелінеді».
Мектеп жасына дейінгі баланың таным процесінің дамуы
Мектеп жасына дейінгі баланың таным процесінің дамуы
Казталов ауданы, Жаңажол ауылы, "Шаттық" балабақшасында педагог – психологы Мыңбаева Әселім Аянбекқызы
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×