Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әртүрлі жұмбақтар

14 сәуір 2019, Жексенбі
Әртүрлі жұмбақтар
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)

Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат - қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)

Сырты жасыл қатты,
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)

Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
(қауын)

Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
(қияр)

Ағайынды бәрі:
Шықса - көк,
Түссе - сары.
(жапырақтар)

Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз)

Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)

Жіп - жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.
(қарындаш)

Екі басты айдаһар
Бәрін қырып жояды.
Екі аяқпен жер тіреп.
Қағазды жеп қояды.
(қайшы)

Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат.
Бұл не сонда?…
(сағат)

Бұтағында азығы
Ортасында қазығы.
(алма)

Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)

Жазу жазып жалықпаған,
Жаза - жаза арықтаған.
(бор)

Қиналып көтеріп,
Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді,
Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)

Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.
(мысық)

Бір - ақ сөз біледі
Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді
Және жоқ қонысы.
(көкек)

Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)

Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)

Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран)

Аспанда жүзеді,
қанатын қақпайды.
жерде де жүреді,
бауырлап жатпайды.
(ұшақ)

Бір - біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі - бері көшіп.
(поезд)

Сымға асылып,
Жүр асығып.
Дыз - дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді,
Ол не, ал кім біледі?
(троллейбус)

Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)

Дәмін татсаң – тәтті - ақ,
Түсін көрсең - әппақ.
(қант)

Тырау - тырау тырналар,
Тау басына жорғалар.
Еті арам, сорпасы адал,
Ол не балалар?
(аралар)

Қолы бар,
Саусағы жоқ.
Мойны бар,
Басы жоқ.
(көйлек)

Ұзын мойны,
Екі ішек,
Қатар - қатар тепкішек.
Басып көрсең бір - бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
(домбыра)

Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде,
Өңі кірер даланың.
(жаңбыр)

Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн)

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдап дабылын ол қағып тұр.
(найзағай)

Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл, сары, жасылды,
Көкте бір зат асылды.
(кемпірқосақ)

Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық.
Көрінбей кетіп қалыпты.
(аяз)

Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады.
(сабын)

Әдемі түнде,
Мен жүрсем, жүреді бірге.
(ай)

Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ - сылқ күледі.
(бұлақ)

Қыстай жегіп қос атты,
Көктем шыға босаттым.
(шаңғы)

Шіркіннің өзіне обал - ақ,
Жүреді аяқта домалап.
(доп)

Үрлесең жеп - жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк - теңбіл,
Бұлтқа да жетеді.
(шар)

Қарап тұрсаң өзіңе,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Тура сенің өзіңе
(айна)

Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр.
(бағдаршам)

Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін
(көз)

Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.
(телефон)

Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
(аю)

Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ.
(қоян)

Үстінде теңізші киімі,
Жануар болып тұр, қиыны.
(зебра)

Аяғы бар, басы бар,
Арқасында тасы бар.
(тасбақа)

Орманда оның тұрағы
Тоқ - тоқ етіп тұрады.
(тоқылдақ)

Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен,
Секіріп тастан түскен.
(ешкі)

Бұл не қылған ер еді?
Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі,
Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді.
(түйе)

Екі найзасы бар,
Екі айнасы бар.
Төрт аяғы бар,
Бір таяғы бар.
(сиыр)
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жұмбақтар топтамасы
10 009
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді көкөністер
Көңілді көкөністер
Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Көкөністер мен жемістер туралы жұмбақтар
Көкөністер мен жемістер туралы жұмбақтар
Әр желінің асты толған көк қоян, Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. (қияр)
Жұмбақтар жинағы
Жұмбақтар жинағы
Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім. Жаңбыр одан өтпейді, қабат - қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді. (орамжапырақ)
Білім. Өтебай Тұрманжанов
Білім. Өтебай Тұрманжанов
Өтебай Тұрманжановтың «Білім» атты өлеңімен танысамыз. Тұрманжанов Өтебай (15 желтоқсан 1905, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Жалғызағаш ауылында дүниеге келген. 1978 жылы қайтыс болған.) – жазушы.
Жұмбақтар әлеміне саяхат
Жұмбақтар әлеміне саяхат
«Ақбота» балабақшасы Қайрғалиева Бағдагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×