Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз өмірдің гүліміз! (Даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий)

22 мам 2019, Сәрсенбі
БІЗ ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ! (Даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий)

Мақсаты: Балалардың даярлықта алған білімдерін тексеру, қорытындылау.
Міндеттері:
1. Балалардың білімдерін пысықтау, өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру.
2. Сөздік қоры мен тіл байлықтарын дамыту.
3. Үлкендерді құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: шар, гүлдер, мерекелік жазулар.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізушілер сахнаға шығады.
1 - ші жүргізуші: Қымбатты ата - аналар, қадірлі қонақтар, құрметті мұғалімдер бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді даярлықпен қоштастырғалы отырмыз. Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын.

2 - ші жүргізуші:
Өтті қызық көп күндер
Жеті жасқа жеттіңдер
Барасыңдар сыныпқа
Бір белестен өттіңдер
1 - ші жүргізуші:
Өсті ақыл ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың
Сахнаға балалар шығып тақпақтарын айтады.

1 - ші бала: Тамирлан
Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Даярлықпен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін

2 - ші бала: Гульвира
Ботақандай бөбек деп
Еркелеткен ұл - қызын
Анамызды ерекше
Қуантамыз біз бүгін

3 - ші бала: Нұрел
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ержетті деп бөбегім
Туған Отан қуансын
Туған дала қуансын

4 - ші бала: Сәуле
Жерде қар жатса да
Асыр салып ақпанда
Күнде ертемен мектепке
Келетінбіз ақ таңда

5 - ші бала: Айдос
Добым, добым домалақ
Қайда кеттің домалап?
Үстел үстін бүлдірдің
Тәрелкені сындырдың

6 - шы бала: Гүлзада
Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып, ән жаттап
Оқып, жазып үйрендік

7 - ші бала: Мәди
Сүйген өз ұл - қызын
Бөбегім деп аянбай Мектебім өз үйім
Тәрбиешім болды анамдай

2 - ші жүргізуші: Ән: «Ақ көгершін» орындайтын «Өркен» даярлық тобының оқушысы Байжанұлы Дінмұхамет.

1 - ші жүргізуші: Балалар бізге қонаққа «Сауат ашу» мен «Әліппе» келе жатыр, кәне қарсы алайық.(Балалар амандасып қарсы алады)

Әліппе сөзі: Армысыңдар, жас достар
Армысыңдар, ата - ана
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға
Білім деген ғажайыптың
Әліппесін меңгерер
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден

Сауат ашу: Біз сендер даярлықпен қоштасып жатыр дегенді естіп қонаққа келдік. Енді өнерлеріңді, білімдеріңді әліппеге көрсетіңдер.

2 - ші жүргізуші: Ал енді балалар біз білімдерімізді, өнерлерімізді әліппе мен сауат ашуға көрсетейік. Кішкентай әріптерді ортаға шақырайық.

1 - ші бала: Әлішер Әріптерді таныңдар
Бәрін жаттап алыңдар
Онда қызық ойын бар
Оған көңіл қойыңдар

2 - ші бала: Бауыржан Ойнаңдар да ойлаңдар
Қызығына тоймаңдар
Бәрін қарап шығыңдар
Әріп сырын ұғыңдар
3 - шы бала: Мөлдір
А дегенім ардақты
Ақ сүт берген анамыз
4 - ші бала: Жаннел
Б дегенім бал тілім
Біз бақытты баламыз
5 - ші бала: Ермек
Ә дегенім әншінің
Әнге айналған әуені
1 - ші жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!- деп мың бұралған бишілерімізді қарсы алыңыздар.
Би: «Шығыс биі» ортада бишілер тобы
2 - ші жүргізуші: балалар, математикадағы Тапқышбек деген жолдастарыңды білесіңдер ме? (Иә)
Бүгінгі кешімізге Тапқышбек те келе жатыр, кәне, қарсы алайық.(Тапқышбек келіп балалармен амандасады)
Тапқышбек: Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер математика әліппе - дәптеріндегі менің тапсырмаларымды орындап жүрдіңдер. Енді сендерді өз көзіммен көрейін деп бүгінгі қоштасу кештеріңді естіп келіп қалдым. Құр алақан келмей өзіммен бірге сендердің білімдеріңді тексеру үшін тапсырмалар ала келдім.
Тапқышбек: Ой, балалар, сендер бәрін біледі екенсіңдер. Бірінші сыныпқа даярлықтарың жақсы екен. Қаламызда сендер сияқты көп балалар бітіріп жатыр соларға да барайын, сау болыңдар.
1 - ші жүргізуші: Ән: «Ана» орындайтын «балдәурен» даярлық тобының оқушысы Тайгоныров Елжан.
Әліппе: Балалар сендерге ризамын білімді, өнерлі екенсіңдер бірақ ертегі тыңдағым келіп тұр. Маған ертегі қойып беріңдерші.
2 - ші жүргізуші: Ендеше ертегі тамашалайық.
«Балдәурен» даярлық тобы - «Бауырсақ»ертегісі
Біз өмірдің гүліміз! (Даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий) жүктеу
2 213
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Балабақшамен қоштасу кеші
Балабақшамен қоштасу кеші
Балабақшамен қоштасу кеші Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата - аналар! Балалардың балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне Қандыағаш қаласының №24 "Күншуақ" балабақшасының "Құлагер" тобының түлектері "Бақытты балалық шақ" Ұшағымен
Біз өмірдің гүліміз! (Даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий)
Біз өмірдің гүліміз! (Даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий)
Даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне арналған сценарий. Өтті қызық көп күндер Жеті жасқа жеттіңдер Барасыңдар сыныпқа Бір белестен өттіңдер
Жолың болсын балдырған!
Жолың болсын балдырған!
Балалардың жыл бойы алған білімдерінің, тәрбиелерінің, өнерлерінің нәтижесін көрсету. Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу - білімге деген қызығушылықтарын арттырып, Отанын, елін, жерін сүюге баулып, адамгершілікке,
Біріншіге барамыз!
Біріншіге барамыз!
1 – жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар! 2 – жүргізуші: Бармысыздар, ұстаздар мен ата – аналар! 1 – жүргізуші: Біздің сүйікті даярлықпен қимастықпен қоштасқалы отырған кішкене бүлдіршіндерімізді құрметпен қарсы алайық.
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
2 - Жүргізуші: Өте қызық көп күндер Алты жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Өсті ақыл, ойларың Өсті, міне, бойларың Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×