Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


И. Н. Мурашковска әдістемесі арқылы тіл дамыту сабағының конспекті

20 қаңтар 2013, Жексенбі
Павлодар облысы,
Баянауыл ауданы, Майқайың кенті,
№2 жалпы орта білім мектебі
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Галимжанова Роза Давлетовна

И. Н. Мурашковска әдістемесі арқылы тіл дамыту сабағының конспекті
Тақырыбы: «Жас ізшілер»
Мақсаты: Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Міндеттер:
Білімділік: - Сурет бойынша әңгіме құрастыруды үйрету
Дамытушылық: - Әңгімені жоспарға сәйкес құрастыруды жаттықтыру;
- Сюжетті әдеби сөздермен толықтыру, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;
- Шығармашылық қиялдарын дамыту;
Тәрбиелік:- Балаларды тыңдай білуге, табиғатқа сүйіспеншілік тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: «Қыс» суреті, «Бөл де қой», «Ал да қос» сиқыршылардың суреттері, схема - карточкалар, 3 түсті фишкалар, үнтаспа
Үлестірмелі: Әр топқа схемалар, ақ қағаз, қарындаштар, әр балаға бақылайтын құбыр, бағалау текшелер.
Әдісі: Көрнекілік, түсіндіру, сұрақ - жауап, көркем сөз, И. Н. Мурашсковска әдісімен жұмыс өткізу, дидактикалық ойындар, практикалық жұмыс.

Сөздік жұмысы: орманшы, бұғы, шетен ағаш, суықторғай, бұта, ізші.
Алдын-ала жүргізілген жұмыстар:
Орманшы, ізші туралы түсінік беру, қыста табиғаттағы өзгерістер туралы әңгімелесу, тақпақтар оқу.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық тренинг:
Армысың, алтын күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос
Міне, менің қолым бос!
II. 1. Кіріспе әңгіме:
- Өткен сабақта біз үлкендердің мамандықтарымен таныстық, ал кәзір оларды маған атап беріңдерші? (мұғалім, құрылысшы, егінші, тігінші, дүкенші, т. б.)
- Орманшы мамандығы туралы не білесіңдер? Ол немен айналысады?
- Дұрыс, ол орманды қорғайды, ормандағы жабайы аңдарды, құстарды, ағаштарды бақылап, оларға көмек көрсетеді. Ормандағы өзгерістерді байқайды.

2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Бүгін біз орманға саяхатқа барамыз, орманшы біздең көмек сұрады. Орманда не болып жатқаның, қандай өзгерістер болғанын орманшыға айтып береміз.
- Балалар, орманға қалай жетуімізге болады? (автобуспен, тікұшақпен, т. б.)
Сиқырлы сәт: - біз балалар, орманға сиқырлы ұшқыш – кілеммен барамыз. Бәріміз кілем үстіне отырып көзімізді жабайық, ал кілем бізді орманға жеткізеді.
(балалар кілем үстіне отырғанда үнтаспамени әң қою, тақтаға сурет ілу)

Ал, балалар, біз келіп қалдық, көздеріңді ашыңдар.
Сұрақтар:
- Балалар, суретте не салынған? қай жыл мезгілі салынған? Қалай білдіңдер? Суретті қалай атауға болады? («Қысқы орман», «Орманда»)

3. – Балалар, біз суретті анықтап қарап, не салынғаның айтып беруіміз керек. Осы істе бізге сиқыршы «Бөл де қой» көмек көрсетеді
(Тақтаға сиқыршының суреті ілінеді)

- Сендердің алдарында жатқан бақылайтын құбырды алып бір затқа дәлдеңдер, көргендеріңді маған атандар, ал мен сендердің олжаларыңды тақтаға схема түрінде бекітемін. Сабақ аяғында, мен ең көрімпаз балаға арнайы тапсырма беремін. Қанеки, егжей-тегжейге шабыт бастайық.

(балалар суреттегі бір-бір заттан атайды, тәрбиеші атаған затты схема түрінде тақтаға іледі)
4. Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел есейді,
Кіп-кішкентай ағаштар,
Біп-биік боп өседі.

5. Енді, екінші сиқыршы «Ал да қос» бізге көмекке келді (тақтаға сиқыршының бейнесі ілінеді)
- «Ал да қос» сиқыршы бізге бір-біріне қатынасы, байланысы бар заттарды қосуға көмектеседі. Алдарында аталған заттардың схемалары бар, сендер топқа бөлініп, олардың бір-біріне байланысын табуы қажет.

Кімге «Ал да қос» сиқыршы көмектесті, сол тақта алдына шығып байланысы бар заттарды сызықпен қосып, сөйлем құрастырып түсінік береді.(Мысалы: мен қоян мен түлкіні сызық арқылы қостым, өйткені түлкі қоянды аңдып жүр)

6. – біз суретті бөлшектерге бөліп, олардың бір-біріне қатынасын тауып сөйлемдер құрастырдық. Енді, осы сурет бойынша бізге әңгіме құрастыру қажет.
Қысқы орман.
Қысқы орман ғажап. Жер мен ағаштар ақ тонмен жамылған. Бұтақтан бұтаққа құстар ұшып жүр. Бұта арасында, шетен ағаш жидегінде суықторғайлар қызарып отыр. Қар үстінде аңдар мен құстар ізінен ою-өрнектер салынған. Орман ішінен жүгіріп шыққан бұғы, қоянды аңдып жүрген түлкіні шошытып жіберді.
(2 - 3 баланы тыңдау)

7. Қорытынды: бүгін біз жас ісшілер болып үлкен жұмыс өткіздік. Көп бақыладық, көп зерттедік, көп білдік, көпке үйрендік. Ал, енді сендер өз-өзіңді 3 түсті фишкалар арқылы бағалайсыңдар. Ол үшін қорапшадан фишканы аласыңдар, егер сабақта жақсы жұмыс істедім деп ойласаңдар қызыл түсті фишканы аласыңдар, орташа – жасыл, аз қатыстым деп ойласаңдар – көк түсті фишка (өз-өзін бағалау).

8. Үй тапсырмасы:
Әр балаға конверт ішіне мазмұнды сурет салып беру. Үйде ата-аналармен бірге сурет бойынша әңгіме құрастыру, қағаз парағына жазып сыныпқа алып келу.
9 343
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар жинағы
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойындар
Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету. Ою - өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер.
Балабақша
Балабақша
Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету; сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінін дамыту. Балабақшада достарымен, үлкендермен қарым - қатынаста
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары
Шаңғы дайындығы сабағының күнделік жоспары Волейбол сабағының күнделік жоспары Тоғызқұмалақ сабағының күнделік жоспары
Сурет бойынша әңгіме құрастыру
Сурет бойынша әңгіме құрастыру
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Сатыбалдина Гулнур Маратовна
Геометриялық пішіндер қаласына саяхат
Геометриялық пішіндер қаласына саяхат
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Майқайың кенті, №2 жалпы орта білім мектебі Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Галимжанова Роза Давлетовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×