Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дене гигиенасы

26 наурыз 2020, Бейсенбі
Категориясы: Дене шынықтыру
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушының күн тәртібі дұрыс орындалуы.
Сабақтың бiлiмдiлiгi: Спортпен айналысуды, баланың денсаулығына зор маңызын жоғалтпайды.
Сабақтың тәрбиелiгi: Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Спорт құралдары: теориялық, дәптер, қалам
Өтетiн орны: Спортзал

САБАҚ ЖҮРІСІ:
І. Ұйымдастыру бөлімі - 3 мин.
ІІ. Жаңа материалды түсіндіру - 30 мин.
ІІІ. Бекіту сұрақтары – 7 мин.
ІҮ. Оқушыларды бағалау - 3 мин.
Ү. Үйге тапсырма - 2 мин.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеу, көңілін сабаққа аудару

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Дене тәрбиесi – бұл, ең алдымен, тән тазалығы. Оны медицинада “гигиена”, “гигиенаны сақтау” деп атайды. “Дене гигиенасы”,”өз денеңдi күту” деген сөздер спортпен немесе дене шынықтыру жаттығуларымен айналысатындардың ғана айтатын сөздерi емес. Оларға барлық адам да пайдаланып, мәнiн жете бiлуi керек. Кiшкентай кездерiңде “қолыңды жу”, “тiсiңдi тазала”,”шашыңды тара” деп ата - аналарың талай айтып және орындатып үйреткен сияқты, терiге күтiм жасаудың да үлкен мәне бар. Өйткенi адам терiсi денесiнiң бүкiл сыртын жауып, организмге сырттан болатын зиянды әсерлерден қорғайды. Аптап ыстықта да, азынаған аязда да дененiң қалыпты температурасын сақтап тұрады. Ауадағы толып жатқан кеселдi микробтарды денеге дарытпайды.

Терi қыртысында көптеген жүйке тарамдары болады. Олар суықты, ыстықты, ауруды, ауа тербелiсiн ажырата алады. Терi мен шаштың тазалығын сақтау үшiн оны сабындап жылы сумен жуып тұруы керек және киiмнiң таза болуын қадағалап отыру қажет. Өйткенi адамның бетi - қолы, мойны, дененiң басқа да ашық жерлерi тез кiрлейдi. Ал кiр дене ауруға оңай шалдығады.

Аяқ - қолдың тырнағын өсiрмей, уақтылы алып жүру қажет. Себебi, тырнақтың астына микробтар жиналады, аяққа ұдайы күтiм керек. Мәселен, дене тәрбиесi жаттығуларымен айналысқанда, далада қимылды ойындар ойнаған кезде аяққа көп күш түседi. Күн сайын аяқты жуған кезде оны жай шайып қана қоймай, сабынмен ұқыптап жуу керек. Сонда ғана әр түрлi терi ауруларынан сақтануға болады. Аяқтың терiсi еркiн тыныс алуы үшiн тым тар аяқ киiм киюге болмайды және жиi - жиi аяқ киiмдi шешiп, аяқты желдетiп, тырнақтарын алған жөн.

Ауыз қуысына да күнделiктi күтiм керек. Мысалы, ауру тiс көптеген кеселдi қоздырады. Микробтар организмге бұзылған эмаль, тiсте пайда болған саңылаулар арқылы өтедi. Таңертең және ұйқыға жатар уақытта тiстi тiс пастасымен тазалап жуып, тамақтанған соң ауызды жылы сумен шайған дұрыс.

Судың пайдасы өте көп. Салқын сумен шайынған соң /душ қабылдаған соң/ немесе дененi сумен жуғаннан кейiн құрғақ сүлгiмен сүртiну – баяғыдан қалыптасып, орныққан сауығу тәсiлi. Бұл денеге салқын тиюден, тұмау сырқаттарынан сақтандырады.

Салқын суды жиi қолданып тұрған кезде ғана пайдалы болмақ. Алайда мына бiр шартты ескерген жөн: судың температурасын бiрте - бiрте азайта /салқындата/ беру керек. Суық сумен жуынғанда, шайынғанда оның температурасын 32”- 34”С - тан бiртiндеп төмендете отырып, 18”- 20”С - қа дейiн жеткiзу керек.
Осындай сауықтыру шарасын жүйелi түрде қолданған жағдайда дене 7 – 9 айдан соң нығайып, беки бастайды. Тек бұл уақыт аралығында күз бен қыстың, сондай - ақ ерте көктемнiң барлық айы ену керек.

Дененi салқын суға үйрету – жақсы әдет. Пайдасы көп. Бiрақ оны күн сайын қабылдау қажет, салқын су астында кемiнде 20 – 30 секунд тұру шарт. Судың температурасын бiрте – бiрте 16 - 18”С жеткiзу қажет.

Спорт киiмдерiнiң тазалығына да үлкен көңiл бөлген жөн. Iш киiмдердi және шұлықты үнемi таза ұстау керек. Дене шынықтыру жаттығуларын орындағаннан кейiн спорт киiмдер мен аяқ киiмдердi шешiп, ұқыптап жинап қою қажет. Аяқ киiм мен спорттық жұмсақ аяқ киiм бөлек - бөлек пакетке салынуы тиiс. Спортзалда және қыс кезiнде далада жаттығуға арналған киiм өте ыңғайлы, денеге шақ болуы қажет.

ІІІ. Бекіту сұрақтары.
1. Дене гигиенасы
2. Адам анатомиясы. Ағзалардың қызметі.
3. Аурулардың алдын алу.
4. Қоршаған ортаның адамға әсері

ІҮ. Оқушыларды бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.
Күнделікті ақпараттардан денсаулық жөнінде рефераттар жазу.

Атырау қаласы,
Еркінқала орта мектебінің
дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Тлеумуханов Айбек Тулегенвич
31 069
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Дене жаттығуларына үйрету әдістемесі. Гимнастика
Дене жаттығуларына үйрету әдістемесі. Гимнастика
Дененің даму қасиеттерін іс - тәжірибе барысында пайдалана білуіне мүмкіндік жасауға үйрету. Топпен және ұжымдық жұмыс жасау арқылы, қатынас мәдениеті, адамгершілік құндылықтарын дұрыс қалыптастыруға бағыттау. Қозғалыс қимылдарын дамытып, дене
Қол добы ойынының элементтерін үйрету
Қол добы ойынының элементтерін үйрету
Гандбол ойынының элементтерін меңгеру. Иық, қол бұлшық еттерінің қимылдарын дамыту.
Салауаттылық – денсаулық кепілі
Салауаттылық – денсаулық кепілі
Оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, оны күту іскерліктерін дамыту
Дене шынықтыру пәнінен сабақ топтамасы
Дене шынықтыру пәнінен сабақ топтамасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, «Кинорежиссер А. Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі» КММ Дене шынықтыру мұғалімі Пшанов Буранбай Салкенович
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары (бастауыш сынып)
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары (бастауыш сынып)
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі Токов Мухит Касымович
Қазақша күрестің әдістері
Қазақша күрестің әдістері
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай селосы, Жангелдин орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Кайырбеков Сагдат Исламғалиевич
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×