Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әйел киімінде қаусырмалы омырауға арналған жағалар

12 маусым 2021, Сенбі
Категориясы: Дизайн
Әйел киіміне омырау торабы – жаға маңызды роль сәндік атқарады. Форма, өлшемдер мен композициялық шешім мейлінше алуан түрлі. Әйел көйлегінің жағасы негізгі детальдардан бөлек, олармен бірге де немесе детальдардың бірімен тұтастыра пішілуі мүмкін.
Жағаның үш түрі болады: тік, қайырмалы тік және жайылмалы.
Тік жаға желке негізінде негізінен тұрады. Мұндай жаға бір тіреуден ғана тұрады, ұштары кейде бантқа, галстукқа және тағы сол сияқтыларға айналып кетеді. Қондырмалы тік жағаның қайырмасы тік бұрышты жазық болады, ұзындығы ОА=Лвор. Артқы бойлықтағы Лг с мойын ойығы мен өңірдегі омырау ойығы Лг п ұзындықтарының қосындысына тең болады. Жағаның ені ОВ=2 – 4, 5 см. Егер төменгі жаға жоғарғы жағамен тұтастырыла пішілсе, онда детальдың ені екі еселенеді. Мұндай жағалардағы негіз жіптері жағаның орта тұсындағы жүйеге 45° бұрыш арқылы өтеді. Егер жағадағы негіз жіптері жағаның орта тұсына көлбей жүргізілсе, онда жаға қайырмасы бүктетілген жазық түрінде құрылады. Жаға жиегінің ұзындығы ОА=Лвор – 0, 5d, бұл жерде d – жағаның алдыңғы ұшының көтерілуі (төмендетілуі) (d=1... 4 см, АА=d). О мен А1 нүктелері толқылмалы сызық арқылы жалғасады. Жағаның жоғарғы кесіндісі осындай қисық жүйемен түрге келеді. Жаға ұшының конфигурациясы модельге байланысты. Жағаның ені ОВ=2... 4, 5 см. Тұтастырыла пішілген тік жағалар жіңішке және биіктеу болады. Тұтастыра пішілген жағалар артқы бойлық пен өңірдегі омырау чертеждеріне құрылады.
18 − сурет, б
Артқы бойлық чертежінде А және А2 нүктелерінен жоғары жағаның биіктігін АА12= А7А21= Һ шегеріп тасталынады, мұндағы Һ=2... 5см.
Орталықтан тартылған секілді А2 нүктесінен солға қарай А21А22=1 – 1, 5 см. Пайда болған А22 нүктесі ирек сызық арқылы А12 нүктесімен және артқы бойлықтың иық кесіндісімен жалғастырылады.
Өңірдегі омырау чертежінде иық кесіндісі жүйесін оңға қарай жалғастырып, А4А41=АА12 кесіндісін шегереді.
Әдебиеттер тізімі.
1. « Әйелдер және балалар киімдерін дайындау технологиясы». Қ. Қучарбаева.
Т. Амреева, Г. Чмекеева. Астана: Фолиант 2010ж
2. «Киімді конструкциялау және тігу технологиясы» А. Асанова, Г. Тастанбекова Астана: Фолиант 2008
3. Бұйымның түйіндік өңделуі Т. Сулейменова. Астана: Фолиант 2009
4. «Ұлттық киімдерді жобалау және тігу технологиясы» С. Асанова. Астана2008ж.
5. Киімді модельдеу және көркемдік безендіру Г. Ә. Тәкішева, Б. Е. Асанова Астана: Фолиант 2008
6. «Тігін мамандығы» Б. Хамидолла, Қ. Жоламанова. Астана: Фолиант 2009
7. «Тігін бұйымының технологиясы» - Л. Куатбекова, Ү. Келесова. Астана - 2010ж.
 Үйге тапсырма: Суретке қарап сызбаны сыз.
4 667
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әйел шалбарын пішу. І өлшемге әзірлеу. І өлшем өткізу
Әйел шалбарын пішу. І өлшемге әзірлеу. І өлшем өткізу
Сабақтың мақсаты: Білімділік Оқушыларға әйел шалбарын пішу, І өлшемге дайындау және өткізу мақсатында кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, көз – дәлдіктерін дамыту.
Қондырма жеңді, жағалы әйел жейдесінің конструкциясын жасау
Қондырма жеңді, жағалы әйел жейдесінің конструкциясын жасау
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі Оқушыларға әйел жейдесінің түрлерімен таныстыру, конструкциясын жасауға үйрету. Берілген білімдерін практика жүзінде іске асыру.
Тік бұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері
Тік бұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Дарьинск жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің математика пәні мұғалімі Абишев Жұмабек Абдраманович
Жағалар
Жағалар
Манғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы № 2 орта мектептің технология пәні мұғалімі Тұрғаналиева Жеңіскүл
Қазақ халқының ұлттық киімдері
Қазақ халқының ұлттық киімдері
Алимбетова Ботагөз Болатқызы №197 қазақ орта мектебінің технология пәні мұғалімі Қызылорда қаласы
Иық бұйым негізі сызбасын тұрғызу (артқы бой)
Иық бұйым негізі сызбасын тұрғызу (артқы бой)
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×