Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр болсаң тауып көр

22 мам 2012, Сейсенбі
Категориясы: География
«Тапқыр болсаң тауып көр» ойыны. (5- сынып аралықтарында)

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімін тексеру, білімін пайдалан білу дағдысын қалыптастыру, сабаққа деген қызығушылығын ояту, өз ойларын, білімдерін жинақтап тұжырымдай білуге дағдыландыруды мақсат еткен сабақта оқушылардың өзін көрермендер алдында дұрыс ұстай білуге, мәдениеттілікке, алғырлыққа тәрбиелеу де қамтылды.

Көрнекілік: дүниежүзілік физикалық картасы, суреттер.
Ойынның жүргізілуі:

І бөлім.
І- тарау. Күн – жұлдыз.
ІІ- тарау. Жер ғаламшары.

ІІ бөлім.
Дене және табиғаттағы заттар. Тақырыпқа 2 минуттан жауап береді. Жауабы дұрыс болса, ойынды жалғастырады, аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығып отырады.

Ойынның барысы:
Әділқазылар оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін, төмен ұпай жинаған оқушыларды әр айналымда шығарып отырады. Соңында 2 оқушы қалады. 2 оқушыға 10 сұрақтан «Кім жылдам?» қойылып, сұрақта аты аталған жаратылыстану объектілері нені білдіретінін ойланбастан тез атау керек, соңында көп ұпай жинаған оқушы ойын жүлдегері атанады.

І- кезең.
5 а
1) Жаратылыстану бұл қандай ғылым? (табиғатты оқып үйренудің әртүрлі әдістері).
5 ә
2) Дене неден тұрады? (заттан).
5 б
3) Органикалық зат дегеніміз не? (белок, крахмал).
5 а
4) Табиғаттағы құбылыс дегеніміз не? (тірі және өлі табиғатта болатын өзгерістер).
5 ә
5) Табиғатты оқып – үйрену әдістері (бақылау, тәжірибе, өлшеу).
5 б
6) Ауаның қысымы (барометр - анероид).
5 а
7) Желдің бағыты? (флюгер).
5 ә
8) Жұлдызды аспанды зерттеуде үлкен үлес қосқан орта азиялық ғалым? (Ұлықбек).
5 б
9) Қазіргі кезде астрономдардың есептеуі бойынша қанша шоқжұлдыздар бар? (88).
5 а
10) Жер мен Күннің орташа ара қашықтығы? (150 млн.км).
5 ә
11) Ғаламшарлардың Күнді айналып өтетін сызығын қалай айтады? (орбита).
5 б
12) Жер тобына жататын ғаламшар? (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс).
5 а13) Ең бірінші ғарышкер? (Ю.Гагарин).
5 ә
14) Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Т.Әубәкіров).
5 б
15) Жұлдыз дегеніміз? (Жанып, жарқырап тұрған газды шар).
5 а
16) Темірқазық жұлдыздары қай жақта орналасқан? (солтүстікте).
5 ә
17) Ғарыш туралы ежелгі көзқарасты өзгерткен белгілі поляк оқымыстысы? (Н.Коперник).
5 б
18) Алғаш рет «Жер Күнді айналып жүреді» деген ойды айтқан ғалым? (Әл Бируни).
5 а
19) Марстың серіктері? (Фобос пен Деймос).
5 ә
20) Телескоптардың түрлері? (оптикалық, радиотелескоп).
5 б
21) Жер бетінің кішірейтілген түрі? (глобус).

ІІ- кезең.
Жер құрылысы.
Географиялық қабық? (литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера).
Неше материк және неше мұхит бар? (5 материк, 4 мұхит).
Архипелаг дегеніміз не? (аралдардың топтасып орналасуы).
Теңіздің неше түрі бар?
Жердің құрылысы? (қыртысы, мантия, ядро).
Аралдар нешеге бөлінеді? (материктік, жанартаулық, маржандық).
Өзендердің құрамдас бөліктері? (бастау, алабы, аңғар, жайылымы, саласы, сағасы).
Масштабтың неше түрі бар? (сандық, атаулық, ірі, орта, ұсақ).
Тау жыныстары? (магмалық, шөгінді, метаморфтық).
Топырақтың құрамдас бөлігі? (қатты, сұйық, газ тәріздес, тірі заттардан тұрады).
Судың неше күйі бар? (сұйық, қатты, бу).
Теңіз суының орташа тұздылығы? (1 метрге 35 г).
Шығанақ дегеніміз не? (мұхит, теңіз суларының құрлыққа сүйірлене немесе тереңірек ішке енген бөлігі).
Бұғаз деген не? (құрлықты бір-бірінен бөліп тұрған теңіз, көл, мұхит суларын бір-бірімен жалғастырып тұрған жіңішке сулы өткел).
Ауа? (газдардың қосындысы).

ІІ. Менен сұрақ – сізден жауап.

Ең ерекше бағалануы 1 ұпай.
5 а
Ең үлкен мұхит – Тынық
Ең суық мұхит – Солтүстік Мұзды мұхит
5 ә
Ең жылы мұхит – Үнді мұхиты
Ең ұзын –
5 б
Ең тұзды -
Ең кіші -

Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен – Ніл. Ұзындығы 667 км.
Ең суы мол өзен – Амазонка.
Қазақстандағы ең ұзын суы мол өзен – Ертіс.

ІІІ. Жұмбақ шешу.(15, 10, 5)
5 а
1) Кең байтақ, су ішуге болмайды (теңіз –море- .........)
5 ә
2) Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ қашады. (жел – ветер - ....)
5 б
3) Отқа жанбас, суға батпас. (мұз - лед- ....).

IV.
Мақал-мәтелдер. 10 ұпай.
Бір сөз айтылады, соған арнап мақал мәтелді жалғастыру.
5 а
1) Ауа. (Жұпар – ауа жанға дауа).
5 ә
2) Тау (Асқар тау алыстан көрінеді).
5 б
3) Ай (Ай жарық – қоян арық).

V. Сөз жұмбақ- құрастыру әр топқа.
10 ұпай.
5 а
1) Магнитофон.
5 ә
2) Теледидар.
5 б
3) Домбыра.

VI. Тәжірибе жасау әр сынып табиғаттағы құбылыстарға.
VІI. Кім жылдам?

Қорытынды.
І, ІІ, ІІІ орындарды анықтап марапаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 185
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталап, бекіту.
Информатика әлемінде
Информатика әлемінде
Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру. Ой - өрісін іс - жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Білімділер сайысы
Білімділер сайысы
Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өткен сабақты оқушы санасында бекіту.
Ойлы болсаң, озып көр
Ойлы болсаң, озып көр
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Көңілді тапқырлар
Көңілді тапқырлар
Музыка пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс Мараимова Ақбота
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×