Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Африка

20 қараша 2014, Бейсенбі
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Африка
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Африканың географиялық орнының ерекшеліктерін, жер бетінің сипатын, табиғатын түсіндіріп, оның тарихын, экономикалық, экологиялық жағдайлары туралы білімдерін толықтыру.
Білімділік мақсаты: Оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау. Африканың зерттелу ерекшелігін, қасиеттерін, даму ерекшеліктерін ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Білімге құштарлығын, дүние танымдылық көзқарасын, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып және саралап, деңгейлеп оқыту арқылы жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ғылыми деректерге сүйене отырып, халықтық тәрбие үлгілерін қолдану, өсіп - өркендеу тұрғысынан дұрыс қабылдауға, ұлтаралық сыйластыққа, шындыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, саяси карта, атлас, кескін карта, оқулық, қосымша оқулықтар, интерактивті тақта, плакаттар.
Сабақтың әдісі: Деңгейлік саралап оқыту арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту. М. М. Жанпейісованың әдісі бойынша.
Сабақтың түрі: комбинированный
Әдісі: репродуктивті, іздемпаз, иллюстратвті.
Көрнекілік: кітап, географиялық атлас, контур картасы, табиғат зонасының презентация, орман дыбысы, рефлексии карточкалары.

Сабақтың барысы
I. ұйымдастыру.
II. үй тапсырмасы
1. Ой шақыру
1. Анхель 6. Амазонка
2. Мариан 7. Титикака
3. Сахара 8. Анд
4. Гималай 9. Мадагаскар
5. Бриз

1. Кіріспе. /Слайд 3/
Сабақ барысында Африканың табиғи зоналарының орналасу аумақтарын, табиғи компонентерінің ұқсастықтарын, ерекшеліктерін анықтаймыз. Экологиялық пробемаларының шешу, алдын алу жолдарын байқаймыз.

2. тақырыптың өзектілігі. /слайд5/
Еске түсірейікші
1. «Табиғат зонасы дегеніміз не?»
2. Табиғат зонасының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
3. Африканың табиғат зоналарын атаңдар.
4. Африка материгінің орналасу ерекшелігі?

3. Жаңа материал. /слайд 6/
Материктің 40% саванналар мен сирек ормандар зонасы;
30% шөлді аймақтардан тұрады; Африка Гондвана материгінің бөлігі сондықтан оның кейбір өсімдіктері Оңтүстік Америка, Мадагаскар, Оңтүстік Азияда кездеседі.
өсімдіктердің 40 000 түрінің 9000 эндемик.
Қазақстанда өсімдіктердің 730 - дан астам түрі Эндемикге жатады. Олардың 175 түрі далалық алқаптарда, ал 540 – 570 түрі таулы өңірлерде таралған. Қазақстанның оңтүстігінде өсетін өсімдіктердің 165 – 170 - тей түрі Эндемиктер болып саналады. Мысалы; Қаратау қауы, Қаратау маралтамыры, Іле ұшқаты, Алатау бөденешөбі, Бетпақдала сылдыршөбі, Қарқаралы бөріқарақаты, Тарбағатай кемпіршөбі, т. б. Тек республика аумағында ғана кездесетін жануарлардың Эндемик түрлеріне – Түркістан шаяны, Балқаш алабұғасы, Жетісу бақатісі, Қарабалық, Іле жорға торғайы, Көк құс, Арал қаязы, Шу сүйрік қанаты, Тарғақ, Жұпар, Қаратау арқары, Жалман, т. б. жатады.
- балалар ойланыңдаршы, батысында Атлант мухитымен, шығысында Үнді мұхитымен, солтүстігінде Жерорта теңізімен, солтүстік - шығысында Қызыл теңізбен шектесіп жатыр. Мұнда ең ыстық температура тіркелген.
бұл қай материк? /слайд 7/

- нақты айтсақ қай тропиктік шөл?/слайд 8/
Сахара - араб тілінен «сахра»- біртұтас қоңыр құмды жазық. Оның көлемі - 7 млн. км 2 солтүстіктен оңтүстікке дейін 2 мың. км, батыстан шығысқа дейін 5 мың. км.

Шөлдің пайда болуы неге байланысты? /слайд 9/
Жылдық жауын – шашын мөлшері 100 мм аз түседі, ішкі аймақтарына жаңбыр бірнеше жыл қатарынан жаумайтын кездері де болады. жазда көлеңкенің өзінде +400 С,+500 С болып, шаңды, құмды, самум желдері жиі соғады. Түнде ауа температурасы тез төмендеп салқындайды. Бұл аймақта тәуліктік температура ауытқумен қатар жылдық ауытқулар да жоғары болады. Сондықтан шөлде физикалық үгілу қарқынды жүреді. Үгілу әсеріне тау жыныстары қиыршық тастарға айналғандықтан Сахарада тасты шөл көп. Тасты шөлді - Хамада деп атайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 130
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Аустралия
Аустралия
Аустралияның географиялық орнының ерекшеліктерін, жер бетінің сипатын, табиғатын түсіндіріп, оның тарихын, экономикалық, экологиялық жағдайлары туралы білімдерін толықтыру.
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық - географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Антарктида. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
Антарктида. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс орта мектебінің география пәні мұғалімі Қарашолақова Набат
Еуразия материгінің халқы және елдері
Еуразия материгінің халқы және елдері
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Абай атындағы мектеп-гимназияның география пәні мұғалімі Имашева Гуляим Хамзиновна
Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп – лицейдің география пәні мұғалімі Мәліков Қуаныш Мнажұлы
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат  жағдайлары мен ресурстары
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пәні мұғалімі Измамбетова Айбарша Итеменовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×