Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған өлкем - Жаңажол

06 сәуір 2015, Дүйсенбі
Категориясы: География
"Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебі" КММ
география пәнінің мұғалімі
Искаков Елубай Сагитович

Зерттеу жобаның негізгі мақсаты: Өзімнің кіндік қаным тамған жерім – Жаңажол ауылының әсем табиғатын аялау, көркейту, ата - бабамыз мұра етіп қалдырған кең жасыл өлкені одан әрі гүлдендіріп сәулеттендіре түсу, бояма түр бергеннен гөрі табиғи сұлулығын әрлендіру бүгінгі ұрпақтардың парызы екенін ұғыну.
Мақсатқа жету үшін алдыма мынандай міндеттер қойдым:
1. Зерттеу тақырыбы бойынша Жаңажол ауылының табиғаты туралы әдебиеттердегі мәліметтерді талдау.
2 Ауылдың тарихымен, мәдениетімен танысу.
3 Географиялық жағдайын бақылау.
4. Туған өлке табиғатының сақталу маңызы, олардың қорғалу жолдарын ұсыну.
Зерттеудің әдістері: талдау, байқау, бақылау, ақпарат жинау, сұрау

Зерттелетін тақырып: Жаңажол тарихы, туған өлке табиғаты, халқы, мәдениеті.

Зерттеудің нәтижелері: менің туған өлкемнің әсем табиғаты, келер ұрпаққа сақталып жетсе, ол мен үшін үлкен бақыт. Өйткені біз табиғаты, мәдениеті, тарихы арқылы кез келген елді мекенді танып біле аламыз. Осы менің туған өлке табиғатын сақтап қалу, көзімнің қарашығындай етіп сақтау, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу – ол біздің басты мақсатымыз.

«Жаһандану және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайында, қазақстандықтар адам дамуының басты салдарындағы таза ауыз су және табиғатты қорғау, мәселелерін шешу адамдық және адамзаттық борышы екендігін, адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс»
Н. Ә. Назарбаев

1. Кіріспе бөлім.
Аңдатпа
Қазіргі уақытта мектептің алдында тұрған негізгі мақсат - оқушылардың ой - өрісін жан - жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру және тәрбиелеу. Ал оқушыны жан - жақты дамыту дегеніміз, соның тек қана дене бітімі жағынан оны жетілдіру емес, сондай - ақ баланың жан дүниесін, рухани өсуін, қабілеті мен дарынының анықталып кең өрістеуі, парасатты ой мен адамгершілік көзқарасының қалыптасуы болып табылады. Оқушыларды туған өлке тарихымен таныстыру. Туған өлке топырағын ата - баба сүйегі жатқан қасиетті жер құрметтеуге, өлке тарихын үйретуге баулу. Жер, су аттары адамның қанын тасытатын, мақтаныш сезімге бөлейтін ұғым екеніне көз жеткізу. Атамекен тарихы, ең алдымен, өткеннің шежіресі, ата - бабаның өткен ұзақ жылы деп құрметтеу, сезімдерін ояту. Әрбір адамның кіндік қаны тамған жерді қастерлеп, оны аялап қорғайды. Бесік жырының әлди әуенінде баланың туған жерге, өлкеге әрқашан сағынышы орын алады. «Туған өлкем - Жаңажол» тақырыбы оқушылардың туған елге құрметінің, балалық махаббатының бір бөлшегі іспетті. Біздің ісіміз, табиғатпен қарым - қатынасымыз бен оны аялап, табиғи әсемдігін сақтауға үйрету, баба өсиетін қастерлеу мақсатында осы жұмысты ұйымдастырдық. Қазіргі таңда табиғатқа және тарихи жерлерге айрықша мән беріліп, көңіл бөлінуде. Осы тұрғыдан мен ой қозғап, туған өлкемнің әсем табиғат, демалу орталығы, жерлері жайында болмақ. Себебі, елімізде осындай табиғат пен аса маңызды жерлер барын әркім біле бермейді. Жұмыстың мақсатына жету үшін үлкен кісілермен әңгімелсім, әр түрлі басылымдардан, ғаламтордан материалдар жинадым, анықтадым, тәжірибе жинастырдым.

2. Негізгі бөлім. «Туған өлкем - Жаңажол»
2. 1. Ауыл тарихы.
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданына қарасты «Жаңа жол» ауылы XІX ғасырдың ортасында Есеней ауылы атанса, XX ғасырдың ширегінде атанды.
Ауыл облыстың батысында Қостанай облысының шығыс шекарасында орналасқан. Облыс орталығынан 200 шақырым, ауданнан 60 шақырым, селолық округтен (Майбалық, аталады - Святодуховка селосы, Сәбит Мұқанов кеңшарының орталығы) 22 шақырым, Бауман теміржол стансасынан 26 шақырым, Қостанайдан 285 шақырым жерге орналасқан.
Ауылдың солтүстігінде Қарамен ағашы, Солтүстік шығысында Аққұсақ, оңтүстігінде Бекбай томары атты жерлер бар. Айтуға қарағанда олар Нұралы руынан шыққан, XІX ғасырдың ортасында оларға дейін осы жерлерде тұрған кісілердің аттары, кейін Есеней уақытында Қостанай облысының оңтүстігі мен батысына көшкен. Қараемен ағашынан әрі Есеней Естемесов Құсмұрын дуанының сұлтан - правителі болғанда ауылы су алатын «Тәсібек» көлі Есеней бүркеуінен жалғасады. Қарағайлы, қайыңды, теректі сол бүркеу бірнеше шақырым жерге жағалай орланған. Есеней қайтқаннан кейін Ұлпан шаруа басқарып тұрған. Бүркеу ішінде 60 - 70 жыл болған жалғыз шырша өсіп тұр. 1978 жылы Ғабең соны көріп, тамашалап ол жалғыз болмауы керек деген екен. Кейінірек кеңшар директоры Тоқышев Тобыл тайгадан бала шырша алғызыпты. Қазір екеу. Ол шыршаға арналған ән және өлең де бар. Әні Жоламан Тұрсынбаевтікі, сөзі Мақсұт Әубәкіровтікі.
Сол бүркеудің шығысында үлкен бейітте Есеней, жұбайы Ұлпан, қызы Біжікен, күйеу баласы болыс Торсан жерленген. Зираттың шығыс - оңтүстігінде Ғабең туған жалдана біткен ағаш «Елтінжал» бар. Бұл жерді Ғабеңнің ұлы атасы Мүсірепке Есеней берген екен.

2. 2. Ауыл тарихы
Осы аталған ағаш, көлдің маңына 1929 жылы екі колхоз ұйымдасыпты. «Аққұсақ», маңына «Жаңажол» колхозы, алғашқы басқарма Табанақов Батқұл. Екінші колхоз сол маңда «Қараемен» ағашы бауырына «Жаңа ауыл» атты болып орналасыпты. Алғашқы басқармасы Ережепов Рамазан.
Содан кейін екі колхоз 1931 жылы «Жаңажол» атымен бірікті. Қазіргі ауыл тұрған жерге түскен. Бұл атаудың аталуына себепкер болған Шәйін Тілегенов - Сәбит Мұқановтың алғашқы ұстазы.
Бейбіт өмір басталғаннан 5 жыл өткесін, 1950 жылы Жаңажол, Сәбит, Октябрь, Жалтырша колхоздары біріктіріліп іріленген Сәбит Мұқанов атындағы колхоз болды. Іріленген колхоздың бірінші басқармасы болып, Сәбеңнің немере інісі Мұстафин Шәкен сайланды.
1957 жылы Жаңажол ауылы «Озерный» кеңшарының бөлімшесі болды. 1966 - 1975 жылға дейін аулымыз С. Мұқанов кеңшарының бөлімшесі болды. Жобасы ауылымыздың облыс «бұрын Қостанай облысына қарайтын), аудан (бұрын Пресногорьков), кеңшар араларына ауыса беруі бола берді.
Тек 1975 жылы Ғабит елге келгеннен кейін Ғабит атамыз үкімет алдында мәселе көтеру нәтижесінде Жаңажол, Октябрь, Жалтырша ауылдары бөлек «Жаңажол» кеңшарына айналды. Бөлек кеңшар болған соң ауыл алға баса басталды. Жаңа үйлер бой көтерді. Жаңажол туралы ұстаз болған Жантас Базарбаев ағамыз әнге де қосқан: «Жаңажол жастарының вальсі»
Сүйікті ауылсың Жаңажол
Жастарға таныссың Жаңажол
Алғашқы білімді сен беріп,
Ұшырдың өзіңнен Жаңажол.
Қайырмасы: Білімнің қайнары,
Жастарың жайдарлы.
Ғалым да инженер,
Мұғалім, дәрігер
Болатын жастарың бар әлі.
Мектебім ризамыз біз саған,
Құдіретті алыпқа ұқсаған.
Нұр құйып жастарға жыл сайын,
Болашақ өмірге нұсқаған.
Қайырмасы.
Ұл - қызың мәуелі жемісің,
Әніміз әуелер сен үшін.
Ғабит пен Сәбитті оқытқан,
Мектебім қандай еді игі ісің.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 514
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
Шығарма: Менің туған ауылым
Шығарма: Менің туған ауылым
Менің туған ауыл Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтың туған ауылы. Ауылдың орналасқан жерінің табиғаты өте бай. Айналасы 4 - 5 шақырымдай жерде биік - биік таулармен көмкерілген.
Туған жер. Өтебай Қанахин
Туған жер. Өтебай Қанахин
Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушылардың тілін дамыту, мәтіннен негізгі ойды анықтау.
"Туған өлкем" Өтебай Тұрманжанов
"Туған өлкем" Өтебай Тұрманжанов
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназияның бастауыш класс мұғалімі Қажығалиева Клара Жанұзаққызы
Қазақстаным
Қазақстаным
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Жалау Мыңбаев орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Балибаева Шынар
Табиғаты аса көркем, Қазақстан - туған өлкем (интеллектуалды сайыс)
Табиғаты аса көркем, Қазақстан - туған өлкем (интеллектуалды сайыс)
Астана қаласы, №14 мектеп – гимназиясының география пәні мұғалімі Ергалиева Нагима Уткелбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×