Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шығыс Қазақстан

10 шілде 2015, Жұма
Категориясы: География
Шығыс Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
1. Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы туралы білім қалыптастыру, табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарының алуан түрлілігін көрсету, оларға баға беру, дағдыларын бекіту.
2. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
3. Экологиялық проблемаларын анықтау және қоршаған ортаны қорғауды қалыптастыру.
Көрнекілігі: тірек - сызбалар, кесте, интерактивті тақта, Қазақстанның физикалық - әкімшілік картасы.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, іздену, проблемалық оқыту т. б.
Сабақтың түрі: Түрлендірілген сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, химия, биология, тарих, математика.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа дайындау. Оқушылар 2 топқа бөлінді.
Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеттер.
2 топқа бөлу: картамен, мәтінмен жұмыс істеу, сұрақтарға жауап беру, қорытынды шығару.

I. Қызығушылықты ояту кезеңі: Үй тапсырмасын тексеру.
«Армысың, аты әйгілі Қарағандым!
Жылуым, қара алтыным, қара наным.
Кімдердің пальмасынан артық маған,
Бозарған көде, жусан, қарағаның.»
(М. Мақатаев).

Логикалық тест.
1. Қазақстанда қанша облыс бар?
2. Қазақстан қанша экономикалық ауданға бөлінеді?
3. Орталық Қазақстанның аумағы қанша?
4. Орталық Қазақстанда өнеркәсіп салаларының жақсы дамығандарын ата?
5. Қарағандының басты маманданған саласы?
6. Орталық Қазақстанда дамыған көлік жолын ата?
7. Болат өндіретін толық циклді металлургия комбинаты орналасқан қала?
8. Осы ауданда біршама дамыған мал шаруашылығының саласы?
9. Негізгі мамандануы түсті металлургия өнеркәсіп орталықтары?
10. Орталық Қазақстандағы халық саны?

І. Ой қозғау кезеңі: М. Мақатаевтың «Алтай - Атырау» өлеңінен үзінді.
Армысың, ардақ - мекен, асыл - мекен!
Айрықша топырағың, тасың бөтен,
Бабалар бақыт іздеп кезуші еді.
Білмепті бақыттары қасында екен,
Ғасырлар сілемімен басулы екен.
Уа, Шығыс!
Жеріңде емес, көгіңде мен,
Үңіліп Бұқтырмаңа көңілденем.
Аспаныңа жыр сызып өтіп барам,
Құс болып сенен ұшқан темірменен
Керемет, керемет қой өмір деген!!!
Жаңа сабақтың жоспары:

ЭГЖ Шығыс Қазақстан Халқы
Табиғат ресурстары

Компьютерден Шығыс Қазақстанның картасы және Алтай, Тарбағатай таулары көрсетіледі.
Дәптермен жұмыс: Шығыс Қазақстан облысы.
Облыс орталығы - Өскемен қаласы.
Аумағы – 283, 2 мың кв. км
Халқы – 1 417 800 адам

ІІІ. Мағынаны тану кезеңі:
Тақырыптың мазмұнын өз бетімен игеру.
1 - деңгей: Сұрақтардың мазмұны:
1 - топ. (ЭГЖ, халқы) Сұрақтары:
1. Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық орнының ерекшелігі қандай?
2. Ауданның жер бедері, табиғаты қандай?
3. Осы ауданда жауын-шашынның таралу ерекшелігі туралы не білесіңдер?
4. Аудан халқының орналасу ерекшелігі қандай?
5. Ауданда қала халқының басым болуы неліктен?

2 - топ. (Табиғат ресурстары) Сұрақтары:
1. Шығыс Қазақстан қандай табиғат ресурстарына бай? Кен орындарын картадан көрсет?
2. Ауданда қандай жанатын пайдалы қазбалар бар?
3. Ірі өзендер мен көлдерді картадан көрсет?
4. Орман шаруашылығы туралы не білесің?
5. Шығыс Қазақстандағы негізгі минералды шикізат қоры % - пен алғандағы үлесіне талдау жаса?

ШҚО, Үржар ауданы, Жанай ауылы,
"Жанай орта мектеп» КММ география - биология пәндері мұғалімі
Агимбекова Базаргүл Алтынбекқызы

Толық нұсқасын жүктеу
6 161
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шығыс Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Шығыс Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Шығыс Қазақстан жер көлемі 277 мың шаршы шықырым. Бұл өте әдемі таулы аудан. Елімізде туризмді дамытуға үлкен рөл атқарады. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданына – Шығыс Қазақстан облысы кіреді.
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Алматы қаласы, «Шаңырақ» шағын ауданы, «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» география пәні мұғалімі Муталипова Мейрамгуль Ергалиевна
Солтүстік Қазақстан, ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Солтүстік Қазақстан, ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ЭГЖ, табиғат ресурстары, халқы, ауданның қалаларына сипаттама беру. Ішкі және сыртқы байланыстары, экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдарына тоқталады. Экономикалық қазіргі даму кезеңі,
Шығыс Қазақстанның шаруашылық географиясы
Шығыс Қазақстанның шаруашылық географиясы
Абдиев Ербол Сейсенбекұлы №197 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Қызылорда қаласы
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат  жағдайлары мен ресурстары
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пәні мұғалімі Измамбетова Айбарша Итеменовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×