Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шығыс Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы

26 қыркүйек 2016, Дүйсенбі
Категориясы: География
Күнделікті сабақ жоспары, география 8 сынып
Тақырыптар:
36 - сабақ. №8 сарамаңдық жұмыс
37 - сабақ. Шығыс Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы. Шығыс Қазақстанның шаруашылық географиясы
38 - сабақ. Батыс Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы.
39 - сабақ. Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы.
40 - сабақ. Солтүстік Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы. Шаруашылық географиясы


Тақырыбы: Шығыс Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы. Шығыс Қазақстанның шаруашылық географиясы
Білімділік мақсаты – Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайына тоқталу, әкімшілік - аумақтық ұйымдастыруы туралы білім беру мен ауданның табиғат жағдайына, ресурстарына, халқына және еңбек ресурстарына шаруашылықтық баға беру. Халықтың урбандалу деңгейін анықтау. Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларын, халыққа қызмет ететін және өнеркәсіптің көмекші салаларын анықтау, ауданның қалаларына сипаттама беру. Ішкі және сыртқы экономикалық байланыстар, экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдарына тоқталу.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой - өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым - қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 9 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік - аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)
V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)
VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)
VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:
І Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім - жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
ІІ Ең алдымен мұғалім балалардың Тесттер тапсырмасын тексереді. Сосын оқушылардың Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалалары туралы дайындаған баяндамаларды тыңдайды.
ІІІ Шығыс Қазақстан жер көлемі 277 мың шаршы шықырым. Бұл өте әдемі таулы аудан. Елімізде туризмді дамытуға үлкен рөл атқарады. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданына – Шығыс Қазақстан облысы кіреді. Табиғат жағдайының қолайлығын бағалай отырып, оны Орталық Қазақстанмен салыстырады.
Шығыс Қазақстанның экономикасын Кенді Алтайдың полиметалы, қалайы - вольфрам, ванадий, алтын, көмір, сирек кездесетін металдары құрайды.
Республика шаруашылығында Шығыс Қазақстанның алатын орнын анықтай отырып, бүгінде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі дамыған бірден - бір аудан екендігіне мысалдар келтіреді. Мұндағы кейбір кен орындары 18ғ өзінде дами бастаған. Түсті металлургияның жеңіл және тамақ өнеркәсібіне қажетті тетік жасауда алатын орны зор. Түсті металлургия мұнда толық циклмен жұмыс істейді. Бұл экономикалық ауданда минералды ресурстардың мол қоры шоғырланған. Шығыс Қазақстанда отын ресурстары аз болғанымен, су қоры Өскемен, Бұқтырма және Шүлбі СЭС - і (қуаттылығы 1350 мың кВт) және Ертіс тармақтарында орналасқан СЭС - ң тораптары жұмыс істейді. Ең ірісі – Бұқтырма су қоймасы, көлемі 550 шаршы шақырым, тереңдігі 11 м. Алтайда жер асты сулары көп. Түсті металлургия (қорғасын, мырыш, титан, магний, сирек металдар) өнеркәсіптің негізгі ортасы. Олар негізінен Өскемен, Лениногор және Зырян сияқты ірі қалаларда шоғырланған. Мұнда машина жасау өнеркәсібі дамыған, олар тау қопарғыш құралдар, конденсаторлар және электр станцияларына арналған құралдар жасайды. Электр энергиясын таудан басталатын ағысы қатты өзендерден алады. Химия өнеркәсібінен күкірт қышқылын өндірсе, ауданда ағаш өңдеу (Зырян, Шемониха) ісі де қолға алынған.
Бұрынғы Семей облысы алтын өндірудің ең көне және ірі ауданы болғанына көңіл аударады.
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы республика аумағының 10, 4% алып жатыр, өнеркәсіп өнімінің 10%, ауыл шаруашылығының 13% өндіреді. Халық тұтынатын тауарлармен аудан көлемін қамтамасыз етеді.
Кенді Алтай өнеркәсіп орталығынан басқа, Семей өнеркәсіп торабы – жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тон және тері өнімдері, аяқ киім фабрикалары қалыптасты.
Одан кейін мұғалім балаларға ауыл шаруашылығы деген тақырыпшаны оқып шығып, талқылаңдар деген тапсырманы береді.
Қалалардың ең ірілері – Семей, Өскемен, Риддер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
6 107
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлыбритания
Ұлыбритания
Ұлыбританияның экономикалық - географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Ұлыбританияның ЭГЖ - ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Шығыс Қазақстан
Шығыс Қазақстан
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы туралы білім қалыптастыру, табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарының алуан түрлілігін көрсету, оларға баға беру, дағдыларын бекіту.
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Алматы қаласы, «Шаңырақ» шағын ауданы, «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» география пәні мұғалімі Муталипова Мейрамгуль Ергалиевна
Солтүстік Қазақстан, ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Солтүстік Қазақстан, ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ЭГЖ, табиғат ресурстары, халқы, ауданның қалаларына сипаттама беру. Ішкі және сыртқы байланыстары, экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдарына тоқталады. Экономикалық қазіргі даму кезеңі,
Италия
Италия
Қызылорда қаласы, №215 орта мектебінің география пәні мұғалімі, магистрант Нұрымбаева Ақмарал Сейлбекқызы Сынып: 11 Сабақ тақырыбы: §10. Италия. Экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Сыртқы байланыстары.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×