Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қоршаған ортаның ластануы

15 қаңтар 2016, Жұма
Категориясы: География
География пәні мұғалімі Ахын Амалкан

Эпиграф: «Адам табиғатты тұтынушы ғана емес, сонымен қатар бағындырушы.
Біз бүгінде оған тәуелді ғана емеспіз, ол бізге тәуелді» Ш. Айтматов

Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаның ластануы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қоршаған ортаның ластануы мен қоғамның экологиялық мәселесі туралы білімін бекіту, тереңдету
Дамытушылық: Әр түрлі ақпараттармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, алған білімін нақты өмірлік жағдайда қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Экологиялық мәселелер мен қоршаған ортаның ластану сұрақтарын шешу бойынша оқушылардың адамгершілік, азаматтық ұстанымы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Сабақтың міндеті: Тақырып бойынша берілген проблемалық сұрақтарға талдау жасату, шешім қабылдау
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың түрі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, тапсырма орындату
Әдіс - тәсілі: Ауызша әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану - Экология
Көрнекілік: Фотосуреттер, ұлағатты сөздер, тірек - сызбалар, Қазақстанның физикалық картасы, карточка, тест

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа материалды игерту
ІV. Бекіту
V. Бағалау
VІ. Қорытынды
VІІ. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу. Оқу - құрал жабдықтарын қадағалай отырып, түгендеу.
Көңіл күйлеріне мән бере отырып, үйге берілген тапсырманы сұрау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылардың назарын үй тапсырмасына аударамын да, төменгі сұрақтарды қоямын:
1. Адамдардың шаруашылық әрекетінен табиғаттың өзгеруін неден байқауға болады?
2. Үлкен қалалардың шоғырлануы табиғи ортаға қандай әсерін тигізді?
3. Жер шарындағы адам санының күрт көбею неге әкеп соқты?
4. Табиғи жүйенің түпкілікті өзгеруінен қандай проблемалар туындауы мүмкін?
5. Ауа райының күрт жылынуының салдары қандай болмақ?
Бүгінгі сабақта үй тапсырмасы мынадай оқушылардан ауызша сұралады:
Қазбекова Г., Ақсақалов Ж., Советқали Ж., Мэлсов А., Дәулетбаева Ш.
Аталған оқушылардан үй тапсырмасы ауызша түрде сұралады. Ал қалған оқушыларға
карточкалармен жұмыс тапсырмасы беріледі.
Карточка № 1
Қазіргі кезде адамдардың шаруашылық қызметі табиғат тепе - теңдігіне қалай әсер етіп отыр
Карточка № 2
Орманға демалуға барғанда жаққан отынды өшірмесе табиғи ортаға қандай зиян келтіреді
Карточка № 3
Өнеркәсіп орындарының табиғатқа әкелетін залалы
Карточка № 4
Ерте кездегі адамдар табиғатты қалай пайдаланды
Карточка №5
Не себепті қала мен орманда ауаның құрамы біркелкі емес?
Карточка №6
Ауа қандай жағдайлардан ластанады?

ІІІ. Жаңа материалды игерту.
Кіріспе.
Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын мынадай проблемалық сұрақтар қоямын
1. Егер адам табиғатты қорғамаса қандай жағдай болар еді?
2. Табиғатты қорғау үшін қандай шара қолдану керек?
Оқушылармен бірігіп мынадай қорытынды жасаймын.
1. Өндіріс орындарында біртіндеп тазалаушы қондырғыларды орнату.
2. Зияны аз деген отын түрлерін пайдалану.
3. Қалдықсыз технологияға көшу.
4. Табиғи байлықты тиімді пайдалану.
5. Флора мен фаунаның жойылып кетуінен сақтайтын іс - шараларды жедел түрде ұйымдастыру.

Бүгін біздің өтетін тақырыбымыз «Қоршаған ортаның ластануы».
«Қоршаған орта» сөзіне түсінік беру. Қоршаған орта - адамдар, өсімдікпен жануарлар дүниесінің бірлесіп өмір сүру ортасы. Оның құрамына гидросфера, атмосфера, литосфера, биосфера мен жерге жақын ғарыштық кеңістік жатады. Адам табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан, табиғаттан тыс өмір сүре алмайды.
Ерте заманнан бері дүниежүзіндегі барлық адамдар өзінің өмір сүруіне қажетті заттардың бәрін табиғат қазынасынан алып келеді. Адамдар қажетті заттарды керегінше алып қана қоймай, олардың табиғи ортасының өзгеруіне әсер етіп отыр. Соның бірі қоршаған табиғи ортаның ластануы. Адамзат өмір сүріп жатқан қоршаған ортаның ластануы дегеніміз - ауаның, жер мен судың табиғи таза қасиеттерінің қолайсыз өзгерістерге ұшырауы. Олар адамдардың десаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне кесірін тигізуі мүмкін.
Жер қойнауынан жылына 100 млрд. тонна тау жыныстары қазып алынады. Оның тек қана 10%- ы ғана дайын өнім ретінде шықса, қалғаны өндірістік қалдық табиғатты нағыз ластаушы болып есептелінеді. Электр энергиясын алу үшін тонналаған отын жағылады.

Ауаны негізгі ластаушы көздер - автокөліктер. Жеңіл автокөліктер 1 км. Қашықтықтың өзіне төрт адамнан тұратын жанұяның бір жылдық оттегін пайдаланады. Екіншіден, зауыт - фабрикалардың түтіні, ауылдық үйлердің мұржаларының түтіні, орман өрттері т. б. Олар атмосферадағы су буларымен араласып, қышқыл жаңбырды түзіп, жерге жауын - шашын күйінде қайта түседі. Ондай жаңбырлар айналамыздағы егістік жерлерге, ормандарға, су жануарларына үлкен қауіп туғызып, олардың жойылуына әсер етеді. Аэрозольдерді пайдалану кезінде атмосфераға хлорфторкөмірсулар, транспорт жұмысы нәтижесінде – көмірсутектер (бензин және т. б.) бөлінеді.
Қышқылды жауын - шашын – суда күкірт қостотығымен азоттың еруі нәтижесінде түзілетін, жер бетіне жаңбыр, тұман, қар немесе шаң арқылы түсетін заттар. Көлге түсіп, қышқылды жауын - шашын балықтардың және бүкіл жануарлардың жаппай қырылуына әкеп соқтырады.

Қазіргі уақытта табиғи сулардың құрғауы және ластану қаупі тұр. Адамзат толығымен құрлықтардың жер беті суларына көлдер мен өзендерге тәуелді. Суды пайдалану ылғи өсіп отыр, ең бір қаупі – оның қорының таусылуы. Орта Азия өзендерінің суын ысырапсыз пайдалану – Арал теңізінің жойылуына әкеп соқты. Қауіп кеткен теңіз түбіндегі тұздар жүздеген км - ге желмен таралып, топырақтың тұздануын тудырады.
Теңіз сулары да ластанады. Өнеркәсіп өндірістеріне жақын жатқан өзендер мен ағын сулар арқылы теңізге жыл сайын миллиондаған тоннаға дейін химиялық қалдықтар құйылады. Мұнай өндіруші құралдардың бұзылуынан мұхитқа жыл сайын 5 млн. т мұнай түседі. Мұнай су бетінен буланып, бактериялармен ыдыратылады, бірақ оған дейін көптеген су жануарларын жойып, теңіз құстарына зиян тигізеді.

Топырақ шектен тыс пайдалану мен ластануға ұшырайтын ресурстардың бірі. Құнарлы топырақтың ауданының азаюының негізгі себебі - ауыл шаруашылықтың жетілмеуі. Жыртылған жердің құнарлы қабаты жауын-шашынмен немесе өзендермен (сулы эрозия) немесе желмен шайылады. Шамадан тыс суғару, әсіресе ыстық климаттарда топырақтың тұздануын тудырады. Бұл да ауылшаруашылық айналымынан түсудің бір себебі.
Негізінен топыраққа қауіпті радиоактивті ластану әсер етеді. Ұзақ өмір сүруші радиоактивті элементтер экожүйеде жүздеген жылдар сақталады. Олар жануарлар мен өсімдіктер организмінде жиналып, түрлі аурулар туғызады.
Қоршаған орта, табиғат туралы оқушылардың үйден дайындаған тақпақтары бар,
қанеки ол балаларды тыңдайық.
Өте жақсы балалар осы оқыған өлеңдеріңнің мағынасын түсініп, қорытынды шығарыңдар. Белгілі ақындар, ғұлама жазушылардың барлығы қоршаған орта, табиғатты анаға теңеген, анаңды қалай сүйсең табиғатыңды да солай сүйіп, қорғай біл. Табиғатты қорғау - отанды қорғаумен бірдей.

ІV. Бекіту.
Жаңа тақырыпты сұрақтар арқылы бекіту.
1. Қоршаған орта дегеніміз не?
2. Суды, ауаны не ластайды?
3. Топырақтың ластануы неге әкеп соғады?
4. Мысал келтіріңдер

СӨЗЖҰМБАҚ СҰРАҚТАРЫ
1. Қоршаған орта туралы ғылым
2. Жердің су қабаты
3. Атмосфераны негізгі ластаушы көздер
4. Семей полигонында қандай сынақтар жүргізілді
5. Жердің ауа қабаты
6. Зауыттардан, автокөліктерден шығатын зиянды зат

ЖАУАПТАР:
ЭКОЛОГИЯ
ГИДРОСФЕРА
КӨЛІКТЕР
ЯДРОЛЫҚ
АТМОСФЕРА
ТҮТІН

V. Бағалау.
Сабаққа қатысып отырған оқушылардың барлығын бағалау

VI. Үйге тапсырма.
«Қоршаған ортаның ластануы» мәтінін оқу, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру

VIІ. Қорытынды.
1. Адам табиғат перзенті. Ал табиғат біз өмір сүретін орта. Онсыз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан әрбір адамның өзі өмір сүрген ортаны қорғауға, аялауға міндетті. Әттең
бірақ сол қоршаған ортаға қалай болса - солай қарап, оның ластануына жол беретіндер көп.
Біздің міндетіміз қоршаған ортаны ластанудан, бүлінуден қорғау.
2. Бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақтарың бар ма?
3. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар балалар!
12 531
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – адам – қоғам (пікір талас)
Табиғат – адам – қоғам (пікір талас)
Қазақстандағы экологиялық проблемалар Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауыл шаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда.
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Оқушыларға ғылыми - техникалық прогрестің дамуы дүниежүзілік экологиялық проблемалардың қозғаушы күшіне айналғандығы, соның салдарынан Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайлар туралы білім беру.
Оттегінің табиғаттағы айналымы. Оттектің қолданылуы
Оттегінің табиғаттағы айналымы. Оттектің қолданылуы
Оқушыларды айналадағы ортаның тазалығын сақтау жауапкершілігін, азаматтық сезімдерін қалыптастыру. Экологиялық тәрбие беру.
Химияны оқыту үрдісінде экологиялық есептер шығару әдістемесі
Химияны оқыту үрдісінде экологиялық есептер шығару әдістемесі
Қоршаған ортаға индустриалды араласудың күшеюі жан – жақты ластануға әкеп соқтырды. ҚР - да қоршаған ортаның ластануы болмаған бірде – бір аймақ қалған жоқ.
Қоршаған ортаның ластануы
Қоршаған ортаның ластануы
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Айыртау орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Сагидуллаев Алтай Сагидуллаевич
"Тапқыр достар" интеллектуалдық экологиялық сайыс
"Тапқыр достар" интеллектуалдық экологиялық сайыс
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы білімдерін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×