Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Батыс Қазақстан экономикалық ауданы

01 желтоқсан 2016, Бейсенбі
Категориясы: География
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Сабақтың мақсаты: білімділік: Батыс Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық - географиялық жағдайы, табиғат ресурстары, халқы туралы білімдерінің негізінде, ауданның өнеркәсібі мен шаруашылығының маманданған салалары туралы түсіндіру.
дамытушылық: Оқушылардың экономикалық ауданға дұрыс сипаттама беруді, шаруашылығына дұрыс баға беруге, қосымша деректерді, оқулықтағы сурет, сызба - схема, кестелерді атлас, картаны пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. тәрбиелік: оқушыларды патриоттық, экологиялық, туған ел байлығын қорғап қадірлей білуге тәрбиелеу. Ұжымдық, жұптық жұмыс арқылы ұйымшылдықпен шығармашылық ізденіске баулу.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі:
Сынып оқушыларын Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларының суреттерін таңдату арқылы сыныпты 4 топқа бөлеміз, әр топ өзінің топ басшысын сайлайды. Топқа бағалау парағы үлестіріледі, топ басшысы бағалау парағына оқушының аты - жөнін жазады, бағалап отырады.

Үй тапсырмасын тексеру. Тест сынағын өткізу. (3мин). Кейін тақтадағы тест жауабының кілтімен бірін - бірі тексеріп, бағалайды.
1. Батыс Қазақстан шектеспейтін аймақ?
а) Шығыс
в) Солтүстік
с) Оңтүстік
д ) Орталық
е) барлығы
2. Батыс Қазақстанның халқы көп облыс?
а). Батыс Қазақстан
в) Ақтөбе
с) Атырау
д) Маңғыстау
е) барлығы
3. Батыс Қазақстан. қандай пайдалы қазбаларға бай?
а) мұнай - газ, хром - никель
в) көмір, мыс, маргенец
с) полиметаллдар
д) темір кені
е) аллюминий
4. Доссор, Мақат, Прорва кенорындары кездесетін облыс?
а) Батыс Қазақстан
в) Атырау
с) Маңғыстау
д) Ақтөбе
е) ешқайсысында кездеспейді
5. Қаражамбас, Қаламқас кенорындары кездесетін облыс?
а) Атырау
в) Батыс Қазақстан
с) Ақтөбе
д) Маңғыстау
е) ешқайсысында кездеспейді
Тест жауаптары, бағалау критерийі интерактивтік тақтада көрсетіледі.
1 – а, 2 – в, 3 – а, 4 – в, 5 - д
Бағалау 5+ “5” 4+ “4” 3+ “3”
Жаңа сабақты меңгеру. Қызығушылықты ояту кезеңі. ( Орал, Ақтөбе, Атырау; Ақтау қалаларының негізгі маманданған салалары мен өнеркәсіп тораптарының орталықтары туралы слайд, презентация түрінде көрсетіледі). Кластер стратегиясын қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын оята отырып тақырыпты ашу.
1. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының табиғат жағдайы шаруашылықтың қандай түрін дамытуға қолайлы?
2. Аудан қандай кен орындарына бай? 3. Батыс Қазақстан экономикалық ауданы өнеркәсіптің қандай салаларына маманданған? 4. Қай облыста мұнай көп өндіріледі.
? Мағынаны тану кезеңі. « ДЖИКСО» әдісімен әрбір топқа мәтіндер үлестіріледі, топ басшылары өз тобына түсіндіріп болғаннан кейін, келесі топқа түсіндіреді.
1 - топ. Батыс Қазақстан ауданының өнеркәсібі, маманданған салалары
2 – топ. Ауыл шаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіптері
3 – топ. Темір жол, құбыр, автомобиль, өзен, теңіз, әуе көліктері.
4 - топ. Қалалары негізгі маманданған өнеркәсіп салалары, даму проблемасы және болашағы, экологиясы.
Соңында әрбір топ өз тақырыбын топта талқылап алып, топтан 1 оқушы шығып қорғайды.

Қорғау тәртібі:
1. Уақытқа бағыну (әр топ 3 - 4 мин)
2. Жаңашыл болу
3. Проблемалық жағдайына тоқталу
4. Қазақстанның экономикасына қосар үлесін дәлелдеу.
(ірі қалаларына сипаттама беру үшін статистикалық мәліметтер, күнделікті газет - журналдан, интернеттен алынған соңғы деректер пайдаланылу керек)
Топтық практикалық жұмыс. 1 топтың тапсырмасы: Оқулықтың (233 бет, 135 – суретті) пайдаланып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Халықтың көбі қай салада жұмыс істейді?
2. Қай облыста адамдар ауыл шаруашылығында көбірек жұмыс жасайды? Карта мен атластан табыңдар.

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,
Потанин жалпы орта білім беретін мектебі
Тарих және география пәнінің мұғалімі
Елеусизова Нуркамал Мухтархановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 484
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасының экономикалық - географиялық жағдайының ерекшеліктері, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының салалары туралы жөнінде түсіндіру.
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы. География пәні мұғалімі Абдрахманова Клара Сайновна
Географиядан қысқа мерзімді жоспарлар
Географиядан қысқа мерзімді жоспарлар
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, "Шетпе гимназиясы"ММ - нің география пәні мұғалімі Елеуова Ақбала Алдоңғарқызы
Оңтүстік Қазақстан ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Оңтүстік Қазақстан ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Жаңаарқа ауданы, С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі: Шакенов Жанбол Толеубайұлы
Солтүстік Қазақстан, ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Солтүстік Қазақстан, ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ЭГЖ, табиғат ресурстары, халқы, ауданның қалаларына сипаттама беру. Ішкі және сыртқы байланыстары, экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдарына тоқталады. Экономикалық қазіргі даму кезеңі,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×