Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білгір географ (сайыс сабақ)

10 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: География
Тақырыбы: «Білгір географ»

Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдылықпен, тапқырлықпен жылдам жауап беруіне дағдыландыру

Сайысымыздың бірінші кезеңі -“Таныстыру”.
Әр топ өздерін таныстырады, төсбелгісі тексеріледі.
1. Топ – Азимут тобы.
2. Топ –Гималай тобы.

Сайысымыздың екінші кезеңі “Почта” деп аталады.
Сендердің алдарыңа қолымдағы хатты тастаймын, егер сендер азимут бойынша жүруді білсеңдер бұл хатты оқи аласыңдар

Сайысымыздың үшінші кезеңі –“Бәйге”
(екі топқа 10 сұрақтан қойылады. Оқушылар жылдам жауап берулері керек.

“Гималай “ тобына
1. Теңіз жағалауында соғатын жел (бриз)
2. Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктігі (абсолют биіктік)
3. Азимут түсбағдарының магнит тілінің солтүстік басының сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0-тан неше градусқа дейін есептелінеді (360)
4. Азимут түсбағдарының 90 –ы қай бағытқа сәйкес келеді. (шығыс)
5. Құрлықтың жан-жағынан сумен қоршалған шағын бөлігі. (арал)
6. Картада немесе глобуста белгілі бір градус сайын жүргізілген меридиан және параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болатын тор (градус торы).
7. Белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық орташа жай-күйі(климат).
8. Жер бетінде өлшенген қашықтықты қағаз бетіне түсіру үшін кішірейту дәрежесі (масштаб).
9. Таулар биіктігіне қарай нешеге бөлінеді. (3)
10. Жер шарында қанша жылу белдеуі бар. (5)

“Азимут” тобына
1. Планеталардың күн төңірегіндегі жолы (орбита)
2. Азимут түсбағдарының 180 қай бағытқа сәйкес келеді (оңтүстік)
3. Жер бетіндегі кез-келген нүктенің басқа нүктеден биіктік айырмасы (салыстырма биіктік)
4. Карталар масштабына қарай нешеге бөлінеді (3).
5. Жердің су қабығы (гидросфера)
6. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы 66, 5 ендік арқылы жүргізілген параллелдер (поляр шеңбері)
7. Құрлықтың теңізге, көлге сұғына кіріп тұрған, үш жағынан сумен қоршалған бөлігі (түбек)
8. Өзеннің ағып шығатын жері (бастау)
9. Биіктігі 400м-ден 1000м-ге дейінгі таулар қандай таулар (аласа таулар)
10. Абсолют биіктігі 200м-ден аспайтын жазық (ойпат)

Төртінші кезең “Сыр сандық”
Оқушылардың алдарына сандықша қойылады, ішінде тапсырмалар берілген. Оқушылар тапсырманы жылдам орындаулары керек.
Сандықшадағы тапсырмалар: жылдық орташа температураны есептеп шығару;
шартты белгілерді анықтау;
картадан бір нүктенің координатасын табу.

Бесінші кезең “Ойлан тап”.
Оқушылардың алдарына карта қиықтары беріледі, соны құрастырулары керек

Алтыншы кезең “Кім жылдам”
Ілініп тұрған шардың ішінде мұхиттарға байланысты тапсырмалар берілген. Әр топтан 1 оқушы шығып шарды жарып, ішіндегі тапсырманы картадағы әр мұхитта ілініп тұрған өз тобының аты жазылған қалташаға салады, орнына келіп отырғаннан кейін келесі оқушы шығады. Ойын ілініп тұрған шарлар біткенше жалғаса береді. Шар біткеннен кейін әр топтың қалташасындағы тапсырмалар тексеріледі.

1. Жер шарындағы ең үлкен; әрі ең терең мұхит. (ТЫНЫҚ)
2. 1520-1521 жылдары дүние жүзін айналу саяхаты кезінде Тынық мұхитын алғаш рет жүзіп өткен ғалым: Ф. Магеллан.
3. Бұл мұхитта ірі аралдар көп, тағы бір ерекшелігі басқа мұхиттарға қарағанда ең шағыны және таяз болып келеді. (Солтүстік мұзды мұхиты)
4. Ең жылы әрі ең тұзды мұхит (Үнді мұхиты)
5. Мұхит бөліктерін атаңыз (теңіз, шығанақ, бұғаздар)
6. Солтүстік полярлық аймақтан оңтүстік полярлы аймаққа дейін созылыңқы және аса маңызды кеме жолдары өтеді. (Атлант)
7. Дүниежүзілік мұхит бүкіл жер бетінің қанша пайызын алады (71)
8. Гидросфера деп нені айтады (мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, мұздықтар, жер асты сулары)
9. Теңіздердің қандай түрлерін білесіңдер. (шеткі, ішкі)
10. Дүниежүзілік су айналымының маңызы неде
11. Шығанақ дегеніміз не (мұхиттың н/е теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі.
12. Бұғаз дегеніміз не (екі жағынан материктер н/е аралдар жағаларымен шектелген енсіз су айдыны)
9 167
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Карточкалар
Карточкалар
1. Азимут дегеніміз не? 2. Бергштрих. Мысал келтір 3. План түсіру әдістері
Тұсбағар
Тұсбағар
Белгілі жерді бағдарлаудың еш қажеттігі жоқ, үйреншікті дағды арқылы жүреміз. Белгісіз жерде жүру, жолды дәлме - дәл табу тұсбағар арқылы жүргізіледі. Ол үшін тұсбағармен азимутты анықтайды
Жергілікті жерді бағдарлау
Жергілікті жерді бағдарлау
Азимут (арабша ас - сумут - жол) белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрыш.
Атажұрт этногеографиялық олимпиада
Атажұрт этногеографиялық олимпиада
Мұхиттар мен материктер географиясы бойынша оқушылардың деңгейін анықтау.
Азимут, бағдарлау
Азимут, бағдарлау
Мақсаты: - Оқушыларға компаспен жұмыс жүргізуді, азимут туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; - пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
План және карта
План және карта
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің география пәні мұғалімі Алашбаева Баян Әліпбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×