Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыр сандық құпиясы

07 ақпан 2013, Бейсенбі
Категориясы: География
Сыныптан тыс жұмыс 7а – 7 б сынып

Сыр сандық құпиясы
Мақсаты: Оқушылардың география пәнінен алған білімдерін жинақтау, ой-өрістері мен танымдық қабілеттерін дамыту, жан-жақты ойлау деңгейін бағалау; Сыныптан тыс жұмыс арқылы білімге құштарлығын арттыру.
Жабдықталуы-көрнекіліктері: компьютер, интербелсенді тақта, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Жүргізуші: Сыр сандықтың құпиясын ашпаққа,
Құпияның сырын көпке шашпаққа,
Алғырлар мен тапқырлар келді міне
Бар өнерді ортамызға салмаққа.
Ал, кәнеки, шығады кім ортаға
Біліміне сенімділері қорқа ма?
Бастайық енді ойынды бөгелмей біз
Отырсын сайыскерлер партаға.
Әділқазы алқасы емес нанымпаз,
Кім көп білсе сол болады жеңімпаз.

- Армысыздар, құрметті жиналған қауым! Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, «Сыр сандықтың» құпиясын ашып көрейік. Алдымен ойының шартын таныстырып өтейін. Бірінші кезекте алдарыңызда тұрған қақпаларды ашу керек. Әр қақпаның өз сыры бар. Ең алдымен осы қақпаларды ашатын ойыншыларымызды ортаға шақырайық.
1. Ойыншы:
2. Ойыншы:
Ойын шарттары:
І. қақпа – «Тас қақпа»-викториналық сұрақтар қақпасы. Бұл қақпаны ашу үшін 1 минутта 20 сұрақ қойылады. 10 сұрақтан жоғары жауап берген оқушы «Тас қақпаны» ашып, келесі қақпаға өтеді. Ал, 10 ұпай жинай алмаған оқушы орнына отырады.
ІІ. қақпа «Күміс қақпа» тапсырмалар қақпасы. Монитордан 3 сан көрініп тұрады. Сол нөмірдің артында сұрақ, тәжірибе немесе жұмбақтар жасырынып тұрады. Дұрыс шешімін тапқан оқушыға «Күміс қақпа» ашылады. Ойыншы келесі «Алтын қақпаға» өтеді.
ІІІ. қақпа «Алтын қақпа» тәжірибе қақпасы. Үш кубикті пайдаланып жасалынады. Бұл тәжірибенің қандай физикалық құбылысқа негізделгенің айту керек. Жауабы дұрыс болса, «Алтын қақпа» ашылады.
Алтын қақпаның арғы жағында – «Сыр сандық» бар. Сыр сандықтың құпиясы – бүгінгі күннің «жемісі» болып табылады.
Ал енді «Сыр сандықтың құпиясы» атты ойынымызды бастайық. «Тас қақпаның» 20 сұрағы бірінші ойыншыға қойлады.

1-оқушыға сұрақ.
1) Атмосфералық қысымды өлшейтін қандай құрал? /барометр/
2) Жердің тас қабаты? /литосфера/
3) Фонтан сияқты атқылайтын ыстық бұлақ? /гейзер/
4) Жер ядросында қандай температура болады? /3500oс/
5) Судың неше күйі бар? /үш/
6) Зат тығыздығының бірлігі /кг/м3/
7) Жердің шар тәріздес екенін дәлелдеген саяхатшы? /Ф. Магеллан/
8) Дүние жүзіндегі ең үлкен көл? /Каспии/
9) Өзен суы деңгейінің молығуы кезінде суға толатын өзен аңғары қалай аталады? /жайылма/
10) Мұхиттағы жүзіп жүретін мұзтау /айзберг/
11) Мұхит тереңдігін өлшейтін құрал? /эхолот/
12) Халқының саны жөнінде бірінші орын алатын мемлекет? /Қытай/
13) Белгілі жерде қандай да бір уақыт аралғындағы тропосфераның күйі қалай аталады? /ауа райы/
14) Азия мен еуропаны бөліп тұрған тау? /Орал/
15) Ең үлкен арал /Греландия/
16) Әл-Фараби қай қалада дүниеге келді? /Отырар/
17) Атмосфераның төменгі қабаты қалай аталады? /Тропосфера/
18) Ең үлкен материк? /Еуразия/
19) Астанасы Дели /Үндістан/
20) Адамзат неше нәсілге бөлінеді? /3/

2-оқушыға сұрақ.
1) Бүкіл құрлықты алып жатқан мемлекет? /Аустралия/
2) Қазақтар қай нәсілге жатады? /Монғолоид/
3) Дүниежүзілік мұхит көлемі Жер бетінің қанша пайызын алып жатыр? /61/
4) Іле өзенінде қандай су электр станциясы бар? /Қапшағай/
5) Өзендегі судың кенет көтерілуін қалай деп атайды? /Тасқын/
6) Дүние жүзіндегі ең көп халық /Қытайлар/
7) Желдің бағытын өлшейтін құрал? /Флюгер/
8) Ауа қабаты қаай аталады? /Атмосфера/
9) Тәулік бойында ауа қысымының өзгерісіне байланысты қалыптасатын желдің аты? /бриздер/
10) Орташа таулардың биіктігі /1000-2000м/
11) Алғашқы градус торлы картаны жасаған ғалым? /Эротосфен/
12) Жер көлемі ең үлкен мемлекет?/Ресей/
13) Ең құнарлы топырақ /Қара/
14) Дүние жүзіндегі ең биік ағаш /Секвойя/
15) Жылына екі рет бағытын өзгертетін жел? /Муссон/
16) Изотермалар деп нені айтады?/біркелкі температураны қосатын сызықтарды/
17) 1 м3ауадағы 1г су буы мөлшері қалай аталады? /қаныққан ауа/
18) Заттың үш күйін ата? /қатты, сұйық, газ/
19) Дүние жүзінің ең биік таулары /Гималай/
20) Еуразия аумағында орналасқан ең биік жанартау /ключи шоқысы/

3-оқушыға сұрақ.
1) Тіршілік мекен еткен жер қабығы /Биосфера/
2) Қазақ жерінде, Орта Азиямен Орталық Азияда ірі географиялық зерттеулер жүргізген ғалым /Ш. Уалиханов/
3) Ең соңғы ашылған материк? /Антарктида/
4) Тұздылықты өлшейтін өлшем бірлігі? /промилле/
5) Солтүстік бағыт пен жердегі заттың арасындаы бұрыш? /Азимут/
6) Будың сұйыққа айналу құбылысы /конденсация/
7) Жер бетіндегі экваторға параллель шарты түрде жүргізілетін сызық қалай деп аталады? /Параллель/
8) Жер бетінің жазықтықта кішірейтілген бейнесі /карта/
9) Мантияның қалыңдығы /2900км/
10) Жер қыртысының қозғалысынын бақылайтын аспап /сейсмограф/
11) Шығу тегі жөнінен шөгінді, жанғыш тау жынысы/тас көмір/
12) Атмосфера құрамындағы ең көп мөлшерде кездесетін газ /азот/
13) Қай материкте тұрғылықты халық жоқ? /Аустралия/
14) Ең кішкентай құс /калибри/
15) Беринг бұғазы қай мұхиттарды қосып жатыр? /Солтүстік, Тынық/
16) Ең ыстық материк?/Африка/
17) Дүние жүзінде неше климаттық белдеу бар?/13/
18) Қар жиналып, мұздыққа айналуы мүмкін болатын жоғарғы шекара қалай деп аталады? /қар шегі/
19) Ең суы мол өзен? /Амазонка/
20) Географияның атасы атанған /Эротосфен/

4-оқушыға сұрақ.
1) Каспиидің ең терең жері қанша метр?/1025м/
2) Саға дегеніміз не? /өзеннің құяр жері/
3) Дүние жүзіндегі ең енді бұғаз /Мазамбик/
4) Конденсация қандай құбылыс? /будың сұйыққа айналу құбылысы/
5) Х. Колумб саяхатқа шыққан жыл№ /1492/
6) Күнге ең жақын планета /Меркурий/
7) Жер мен күннің арақшықтығы /150 млн км/
8) Атлант мұхитының ең терең жері? /Пуэрто – Рико/
9) Күннен таралатын «әсеркүлгін»деп аталатын сәулені ұстап қалатын қабат? /Озон/
10) Желдің бағытымен күшін өлшейтін құрал?/Желбағар/
11) ең алып планета /Юпитер/
12) Қазақстандағы қорықтың саны /10/
13) Абсолют биіктігі 200-500метр дейінгі жазық қалай аталады? /қырат//
14) Жер көлемі етікке ұқсайтын ел? /Италия/
15) Дүние жүзіндегі ең ұзын тау /Анд/
16) Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама/Анхель/
17) Демографиялық саясатты ұстанатын ел/Қытай/
18) Пішініне қарай бұлттарды нешеге бөлеміз? /3/
19) Жердің су қабаты қалай деп аталады?
20) Дүние жүзіндегі ең ұзын үңгір /Флинт-Мамонт/

10 ұпайдан артық алған оқушыға тас қақпа ашылады. Ол енді күміс қақпаның шартын орындайды. Интербелсенді тақтадан шығып тұрған кез-келген санды таңдайды. Әр санда екі сұрақтан жасырулы

1 саны
1-сұрақ. Бейне сұрақ
Еуразия мен
Солтүстік Америка материктердің солтүстігінде орналасқан. Қысы қатты суық, жаз мезгілінде мұз бен қардан босаған жерлерде батпақты, тасты жерлерде сирек мүк пен қына өседі. Жануарлардан қойөгіз, ақ аю мен ақ түлкі кездеседі. Бұл қандай табиғат зонасы?
Жауабы: Арктикалық шөл

2-сұрақ. Жарты шарлар картасынан мына берілген координаталар бойынша географиялық нысандарды табыңыз:
540 о. е және 700б. б
650 о. е және 150 ш. б

2 саны
1-сұрақ. Бейне сұрақ
Еуразияның оңтүстігінде аралдарды алып жатыр. Жауын-шашынның жыл бойы мол түсуі, температураның тұрақты жоғары болуы тіршілік дүниесінің қарқынды дамуына жағдай жасайды. Бұл ормандарда өсімдіктердің 40 мыңнан астам түрі өседі, тек қана пальманың 300-дей түрі бар. Бұл қандай табиғат зонасы?
Жауабы: Экваторлық белдеудің ылғалды орманы

2-сұрақ. Жарты шарлар картасынан мына берілген координаталар бойынша географиялық нысандарды табыңыз:
750 с. е және 600ш. б
200 о. е және 460 ш. б

3 саны
1-сұрақ. Бейне сұрақ
Жер көлемі бойынша Ресей мен Канададан кейінгі 3 орында ал халық саны жөнінен 1орында. Астанасы Пекин. Бұл қай ел?
Жауабы: Қытай Халық Республикасы

2-сұрақ. Жарты шарлар картасынан мына берілген координаталар бойынша географиялық нысандарды табыңыз:
690 о. е және 910ш. б
800 о. е және 1400 ш. б

Күміс қақпаның шарттарына дұрыс жауап бермеген оқушы ойыннан шығады. Қалған оқушы келесі айналымға өтіп, алтын қақпаның шартын орындайды. Жауабы дұрыс болса алтын қақпа ашылады.
Тапсырма:
1. 3000 метр биіктікте термометр 00-ты көрсетеді. Егер 100 м-ге биіктеген сайын температура 0, 60С төмендейтін болса, осы мезгілде 3500м биіктікте температура көрсеткіші қандай болмақ? Жауабын есептеп шығар
2. Ұшақ 5000метр биіктікте ұшып келе жатыр. Егер жер бетіндегі атмосфералық қысымды анықтауға бола ма?

Оқушы тапсырманы орындағанша сыныптағы оқушылардың біреуі «Менің елім» атты әнді орындайдайды

Жүргізуші: Келесі кезекте залдағы көрермендермен сайыс. Ойыншы есепті шығарғанша сіздермен жұмбақ жасырып ойнайық. Олай болса, ойымдағы жұмбақтың жауабын дұрыс табуға тырысып көрейік

Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсін,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. /Ауа/

Аспан менен жердегі
Тұтылған боз пердені
Ұстайын деп көріп ем,
Ұстауыма келмеді. /Тұман/

Жолдың шаңын ұшырып,
Ағаштарды жұлқылап,
Бұттақтарды сындырып,
Көрінбей тұр зырқырап. /Боран/

Қанатсыз құс манып барады,
Көзінен жас тамып барады. /Бұлт/

Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті. /Күн күркіреуі/

Қоймасын қыс ақтарып,
Жапты ақ мамық. /Қар/

Шашылды көктен ақ моншақ,
Жоғалды бірден тапқанша – ақ /Бұршақ/

Алтын қақпаның шарттарына дұрыс жауап бермеген оқушы ойыннан шығады. Есептің жауабы дұрыс болса, алтын қақпа ашылады да, қалған оқушы «сыр сандықты» ашу үшін сұраққа жауап береді.

Сұрақ: Мұхит аралдарының ең ірі, шаруашылығы жақсы дамыған ел. 3, 5 млн халық тұрады. Астанасы-Веллингтон бұл қай арал?
Жауабы: Жаңа Зеландия

Жүргізуші: Тартысты бәсеке өзінің шарықтау шегіне де жеткен сияқты. Сыр сандықтың құпиясын ашпақ болған барлық қатысушыларымызға рахмет айта отырып, ортаға бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын шақырамыз /Жеңген оқушы мақтау қағазымен марапатталады/. Сау болыңыздар!
9 998
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зерде танымдық ойын
Зерде танымдық ойын
Оқушылардың жан - жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта.
Математикалық сандық
Математикалық сандық
Дайындап өткізген 3 - курс студенттері Күзенбай Б.Ғ., Ерденова Н.Е.
“Жарайсыңдар” (сыныптан тыс интеллектуалды тапқырлар кеші)
“Жарайсыңдар” (сыныптан тыс интеллектуалды тапқырлар кеші)
Алматы облысы, Cарқан ауданы, К. Ушинский атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Сабырқызы Анель
Ақылдылар мен тапқырлар
Ақылдылар мен тапқырлар
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы «Ленин атындағы орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Мергазина Анар Ерлановна
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Жігіт сұлтаны - 2013
Жігіт сұлтаны - 2013
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×