Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жетісу Алатауы

18 ақпан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: География
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Жетісу Алатауының географиялық заңдылықтарының негіздерін жан - жақты зерттеуге үйрету, таудың табиғат жағдайының өзіндік ерекшеліктерін өз беттерінше оқып, жаңа білімді игеруге бағыттау. Білімнің бірізділігін ескере отырып балаларды шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Кіріспе бөлімі.
1. Оқушылар картадан Қазақстанның басқа елдермен ортақ байланыстарын тауып түсінік береді.
2. Қазақстанның биік тауларының жалпылама табиғат жағдайына сипаттама

ІІІ. Негізгі бөлімі.
1. Мәтіннің мазмұнын ашу, дамыту үшін жаңа тақырыпты оқуға 7 минут уақыт беріледі
2. Мәтіндегі тақырыпшалар бойынша және қосымша тірек сөздерді оқушылар плакатқа жазу арқылы мазмұнды дамытады.
Тірек сөздер үлгісі.
1. Жетісу Алатауы.
2. Жер бедері.
3. Пайдалы қазбалар.
4. Бөліктері.
5. Геологиялық құрылымы.
6. Климаты.
7. Көлдері.
8. Өзендері.
9. Мұздықтары.
10. Табиғат зоналары.
11. Өсімдіктері.
12. Жануарлар дүниесі.
13. Табиғатын қорғау шаралары.
Оқушылар тірек сөздерді дамытуда слайдтар мен картаны пайдаланады, алдын ала берілген тапсырмалар бойынша ақын – жазушылардың өңірге қатысты жыр жолдарын оқып, шығармашылық қабілеттерін шындайды.
ІҮ. Алған білімді бекіту. Балалар өз беттерінше жаңа сабақ бойынша бір - біріне бес сұрақ беру негізінде. бүгінгі алған білімдерін өзара тексереді.
Ү. Қорытынды бөлімі. Оқушыларға жаңа сабақтан алған әсерін, білімін түйіндеу үшін дәптерге жеті сөйлем көлемінде, эссе жазуға төрт минуттай уақыт беріледі.
Тақырыбы: Жетісу Алатауы – жер жәннаты
ҮІ. Үйге тапсырма, бағалау. Оқу. «Жетісу Алатауының кәсіптік маңызы» тақырыбында әңгіме жазу.
Сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларға баға қойылып, әдемі табиғат көріністері бар суреттер таратылады.
Сабақты қорытындылау мақсатында берілген тапсырма

8«б» класс оқушысы
Нұрлыбекова Айдана
Жетісу өңірі тарихи өлке. Әсем табиғатындағы шүйгін шөбі, түгін тартсақ май шығатын жері, сарқырағын өзені, шыршалары, қарағайлы ормандары көрші елдерді қызықтырған, Сондықтан бұл өлкеде жиі - жиі шапқыншылықтар, соғыстар болған. Бірақ, біздің ата - бабаларымыз оны аманат етіп қалдырған.

8 «ә» класс оқушысы
Төлебаев Еркебұлан
Бүгін біз Жетісу Алатауы туралы жаңа білім алдық. Барлық биік таулар сияқты жоталарының асқар биік таулары, мұздықтардан тұратын куәсі болдық. Ерекше көгілдір таулардың арасында сулы, нулы әдемі Ой жайлау сияқты қазаншұңқыр барын білдік. Ағысы қатты, басын мұздықтардан алған Лепсі, Ырғайты, Ақсу сияқты өзендердің көркіне қарау да үлкен ғанибет. Мен өз елімде осындай ұжмақ жер болғанына қуанамын.
Жетісу Адатауының табиғатына ғашық болып, көптеген ақындар өлеңдер жазды. Мысалы атамыз Ж. Жабаев былай жырлаған:
Тізілген таулары бар Жетісудың
Ішінде орман, тоғай біткен нудың
Дариядай сол таулардан тулап толын,
Көресің тамашасын аққан судың
Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін.
Өрік, алма, алмұрт, жидек - жемістер көп
Бір татсаң аузыңнан дәм кетпейтін
18 684
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ұлыбритания
Ұлыбритания
Ұлыбританияның экономикалық - географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Ұлыбританияның ЭГЖ - ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары
Биік таулы өлкелер
Биік таулы өлкелер
Қазақстан биік таулы өлкелері туралы, биіктік белдеулер және табиғат ресурстары туралы білімдерін қалыптастыру. Әртүрлі тақырыптық карталармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды дамыту. Карта бойынша тауларға сипаттама беру дағдыларын
Тянь - Шань
Тянь - Шань
Тянь - Шань тауының ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Алтай
Алтай
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің тарих-география пәні мұғалімі Сманова Гүлназ Сантаевна
Сарыарқа
Сарыарқа
Мақсаты: 1. Сарыарқа өлкесінің географиялық орны, геологиялық құрылысын, пайдалы қазбалары туралы түсіндіру. 2. Географиялық талдау жасай отырып, сабақ моделі арқылы оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×