Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көлдер (6 сынып)

26 ақпан 2013, Сейсенбі
Категориясы: География
Тақырыбы: Көлдер (6 сынып)
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға көл туралы түсінік, оның маңызы мен түрлері жөнінде білім беру;
2. Жер бетіндегі сулары, соның ішінде көлдерді қорғауға оның адам үшін қажеттілігін түсіне білуге, үнемді пайдалануға тәрбиелеу;
3. Жаңа мағлұматтар беру арқылы ой - өрістерін кеңейту, негізгі объектілерді картадан таба білуге дағдыландыру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекі құралдар: Дүниежүзінің, Қазақстанның физикалық карталары, тірек сызба, кескін карта, атлас, бағалау парағы, топ атаулары, семантикалық карта
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: баяндау, топпен жұмыс, сұрақ – жауап, тірек – сызба арқылы ойлау.
Пән аралық байланыс: әдебиет, информатика, жаратылыстану, тарих
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушыларды 4 топқа бөліп, сабақтың мақсатымен, өтілуімен таныстыру.

II. Қызығушылықты ояту.
1. Кім қай жыл мезгілін ұнатады?
2. Оқушыларға жұмбақ айту арқылы сабақ тақырыбы белгілі болады.
3. Суға байланысты оқушылардың білетін өлең, тақпақ, мақал – мәтел, әңгімелерін айтқызу. Мысалы:
Көлдің көркі – құрақ,
Таудың көркі – бұлақ.
Су – табиғат анасы.
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар исі
Көкірек қанша жұтса тоясың ба? С. Сейфуллин
4. Ғ. Мүсіреповтің «Көлде» деген әңгімесі тыңдалады.
5. а) Көл дегеніміз не?
б) Қандай көлдерді білесіңдер? (Атап картадан көрсету)

III. «Ой қозғау» стратегиясы бойынша топтық жұмыс.
1 - топ. Көлдер
2 - топ Көл қазаншұңқырлары қалай пайда болады?
3 - топ Ағынды және ағынсыз көлдер, көлдердің батпаққа айналуы
4 - топ Көлдердің шаруашылықтағы маңызы
Оқушылар берілген тақырыпшаны оқи отырып, тарауларға жұмыс барысында талдау жасайд
Әр топтан бір оқушы шығып тапсырманы қорғайды. Қалғандары жолдастарының жауаптарын тыңдап, толықтырады. Картадан объектілерді дұрыс таба білуін қадағалайды.
IV. Мағынаны ажырату. Жаңа тақырыпты меңгергендігін анықтау үшін тірек - сызба арқылы сұрақтар беріледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 938
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Теңіздер мен көлдер
Теңіздер мен көлдер
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қосжар ауылы, №67 орта мектебінің география пәні мұғалімі Есепбаев Досбол
Қазақстан көлдері. Ірі көлдер
Қазақстан көлдері. Ірі көлдер
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №19 ОМ тарих және география пәні мұғалімі Тохан Манаргуль
Көлдер мен бөгендер
Көлдер мен бөгендер
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аралқұм стансасы, № 61 орта мектептің география пәні мұғалімі Тлеукабылова Жұлдыз
Көлдер
Көлдер
Қарағанды облысы,Бұқар жырау ауданы География пәнінің мұғалімі Мухтарова Данара
Көлдер
Көлдер
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Измамбетова Айбарша Итеменовна
Теңіздер мен көлдер
Теңіздер мен көлдер
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Джубанова Н
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×