Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отын - энергетикалық кешен

01 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: География
Тақырыбы: Отын - энергетикалық кешен (9 - сынып география пәні)
§6 Кешеннің ерекшелігі мен маңызы. Мұнай және газ өнеркәсібі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға еліміздегі жетекші сала аралық кешенді, оның елдің шаруашылығындағы негізгі міндеті жайлы жалпы мағлұмат.
Дамытушылық: Проблемалық тапсырмаларды шешу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақстандағы табиғат байлықтарын тиімді әрі қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: Карта, Трек схемалар, кестелер, атлас, кескін карта т. б.
Сабақты ұйымдастыру формасы: Оқушылармен амандасу.
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның әкімшілік - саяси картасы
Негізгі ұғымдар: отын өнеркәсібі, электр қуаты, энергетикалық ресурстар, мұнай - газ алабы, мұнай - газ құбырлары, ілеспе газ, газ құбыры жүйесі
Номенклатура: Маңғыстау алабы – Өзен және Жетібай, Қаражамбас, Қаламқас, Солтүстік Бозашы, Кеңқияқ, Жаңажол, Оңтүстік Торғай алабы – Құмкөл; Ақтөбе, Орал, Тараз, Қарағанды, Атырау

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындығын тексеру.
3. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

Жаңа тақырыпқа көшу үшін оқушыларға бірнеше сұрақ қояды:
1. Салааралық өндірістік кешен дегеніміз не?
2. Қазақстан өнеркәсібіндегі ең ірі салааралық өндірістік кешені қай кешен?
4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.
Ең алдымен тақырыпқа жалпы шолу жасайды.
Отын - энергетикалық кешен (ОЭК) – отын өнеркәсібі мен электр қуатын біріктіреді.
ОЭК
отын электр мұнай құбыры
өнеркәсібінің қуаты газ құбыры
салалары (ЖЭС, СЭС, (ЭЖТ)
(мұнай және АЭС)
мұнай өңдеу, газ, көмір)

Кешеннің негізін энергетикалық ресурстар құрайды. Қазақстанның ОЭК – і негізгі 4 ерекшеліктерімен сипатталады: 1) кешен отынның ірі ресурстары мен энергия қуатына сүйенеді; 2) отынды өндіру ішкі тұтынудан бірнеше есе асып түседі; 3) өте тиімді отын түрі табиғи газ бен мұнай болғанмен, негізгі энергия көзі көмір; 4) экологиялық проблемалар туындайды. Мұнай өнеркәсібі отын өнеркәсібіндегі жетекші ролді атқарады. Одан 300 түрлі өнім алуға болады. Қазақстандағы мұнай өнеркәсібі ХІХ ғ. аяғынан бастап дамыды.

1911 ж. Орал - Ембі мұнай - газ алабындағы Доссор кеніші игеріле бастады. Кейін Маңғыстау, Оңтүстік Торғай алаптары ашылды. Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде: «Шеврон - Тексако» (Теңіз), ҚӨБ концорциумы (Қарашығанақ). Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол, Құмкөл), «Қазмұнайгаз». Қазақстанның ең ірі ұлттық компаниясы. Мұнай өндіріс ауданынан темір жол арқылы цистерналарда, Каспий теңізі арқылы танкерлермен, негізгі бөлігі құбыр арқылы тасымалданады. Газ өндіру жеке сала ретінде 1920 ж. Игерілді. Қазір республикамызда ілеспе газбен бірге табиғи газ да өндіріледі.
Газ құбыр арқылы тасымалданады. Республикамыздағы өзекті мәселелердің бірі – бірыңғай газ құбыры жүйесін құру.

5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі:
1. Энергетикалық ресурстар қалай бөлінеді? 2. Мұнайдың қандай кен орындары бар? 3. Қазақстандағы ең ірі магистральді мұнай құбырларын ата. 4. Қазіргі кезде газ өнеркәсібі қалай дамуда? 5. Табиғи газ неше облысқа тасымалданады? 6. Транзитті газ құбырларын ата, картадан көрсет.

Бекіту сабағы
“Бақытты сәт ” ойыны
1. шарлар салынған қапшық немесе кішкене бөшке.
2. Секундомер (сағат)
3. Ортақ бағалау парағы
4. Фишкалар
5. Үй тапсырмасы (әр командаға 2 сұрақтан).
6. Конкурс тапсырмалары.
7. Жауап үлгілері.

Ойынның жүру барысы
Сынып 2 командаға бөлінеді, әр команданың өз Капитаны және атауы болады.

І гейм. “Бой сергіту”. Командаларға 8 сұрақ беріліп, оларды талдауға 5 минут бөлінеді. Команданың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады.

ІІ. Гейм. “Бөшкеден шыққан бас қатырғылар”. Команда мүшелері бөшкеден нөмірлері бар шарлар алып шығады. Жүргізуші әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды. Өз ішінде талқылаған соң, команда капитандары жауап береді.

ІІІ. “Жұмбақтас”. Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген команда ұтады. Егер жауап дайын болса, команда көк жалаушаны немесе қолын көтереді.
Сұрақтар: 1. Қазақстанда қандай ұлттық мұнай компаниясы жұмыс жасайды?
2. Қандай мұнай құбырларын білесіздер
3. Атластың отын - энергетика кешені картасынан мұнай - газ алаптарын және кен орындарын табыңыздар
4. Атластағы картадан газ алаптарын және газ кен орындарын табыңыздар
5. Теңіз мұнай кен орны қай жылы ашылды?
6. Дүние жүзі ең ірі газ конденсат кенішінің бірін аты.

ІҮ гейм. “Сен – маған, мен - саған”. Командалар бір - біріне 2 сұрақтан қояды (үй тапсырмасы).

Ү гейм. “Көсемдікке ұмтылу”. Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді. Ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады. Ал ең көп дұрыс жауап береген (4 - 7) балалар өз командасына қосымша ұпай (өздеріне баға: 4 - 5 жауап - 4 балл –”4” бағасын, 6 - 7 жауап - 5 балл –”5” бағасын) алады. (тест түрінде 12)
2, 3, 4, 5 геймдерді талқылауға 1 минуттан беріледі. Егер бірден жауап берілсе, онда осы үнемделген уақытын команда басқа сұрақты талдағанда пайдаланады. Әрбір дұрыс жауапқа команда 1 балл немесе фишка алады.

Жауап үлгісі.
1. Қазақстанда қандай ұлттық мұнай компаниясы жұмыс жасайды?
Жауабы: Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде: “Шеврон Тексако” (Қарашығанақ),

Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол), Канаданың “Петро - Қазақстан” компаниясы (Құмкөл) мұнайын игеруде.
Қазақстанның ең ірі ұлттық мұнай компаниясы “Қазмұнайгаз”.

2. Мұнай құбырларын картадан табыңыздар.
Жауабы: Ең ірілері Атырау - Новороссийск, Атырау - Самара, атырау – Орск, Омск - Повлодар – Шымкент – Чарджоу, Қарашығанақ – Атырау. Салынып жатқан ірі мұнай құбырының бірі Атасу - Алашаңқай (Қытай).
3. Атластың “отын - энергетика кешені “картасынан мұнай - газ алаптарын және мәтіндегі кен орындарды табыңдар.
Жауабы: Кен орындары 1960жыл Орал - Ембі мұнай - газ алабындағы Доссор
1970 ж. Қаражанбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы және т. б. Кен орындары.
Мұнайды Тереңірек қабаттардан тұз тұнбасының астынан Кеңқияқ және Жаңажол, алып Қарашығанақ, Теңіз мұнай кен орындары.
Кеңқияқ, Жаңажол, Қарашығанақ кен орын - ғы ілеспе газдан сұйық көмір сутегін бөліп алып – одан конденсат алды.
1980 ж. үшінші мұнай газ алабы - Оңтүстік Торғай ашылды. Ірі кен орыны Құмкөл.
1990 ж. басында ең үлкен мұнай - газ алабы ашылды. “Қазақстан Каспий шельф” компаниясы Каспий теңізінің Солтүстік қайраңнан ең үлкен мұнай кен орны қашанда ашты.

4. Атластағы картадан газ алаптарын және газ кен орындарын табыңыздар.
1960ж Маңғыстау мұнай – газ алабынан басталды. Қазіргі кезде республикада көптеген газ қорлары барланды. Бірақ 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орынының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына Қашаған, Имашев, Жаңажол жатады. Оңтүстік Шу – Сарысу газ алабы біртіндеп қолға алынып игеріле бастады.

5. Теңіз мұнай кен орны қай жылы ашылды?
Теңіз мұнай кен орыны 1979 ж. ашылды. Орташа тереңдігі 5500 - 6000 метр.
Дүние жүзіндегі ең ірі газконденсат кешенінің бірін ата.
Д. Ж. ең ірі газконденсат кенішінің бірі Қарашығанақ.

ІІ гейм Қазақстан аумағында әлемдік көмір қорының 3, 3% - ы шоғырланған көмір өндіруден сегізінші орында ал Ресеймен Украинадан кейінгі үшінші орында
В тобы жалпы қоры - 176, 6млрд тонна өндіру мүмкіндігі 21, 5млрд тонна

6. Сабақты қорытындылау:
1. Қазақстанның отын - энергетика кешенінің құрамы қандай?
2. Қазақстан ОЭК - нің негізгі ерекшеліктері қандай?
3. Қазақстанның ОЭК бойынша д. ж.- гі көрінісі немесе сипаты қандай?
7. Бағалау кезеңі:
8. Үйге тапсырма беру:
Қазақстанның отын ресурстары (мұнай, газ, көмір) кен орындары мен алаптарын кескін картаға түсіру.
45 865
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүние жүзілік отын - энергетика шаруашылығы. ТК - 2
Дүние жүзілік отын - энергетика шаруашылығы. ТК - 2
Отын түрлерін және электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау
Павлодар облысының отын - энергетикалық кешені (күнделікті сабақ жоспары)
Павлодар облысының отын - энергетикалық кешені (күнделікті сабақ жоспары)
Отын өнеркәсібі – облыстың басты энергиясының көзі. Павлодар облысында көмірді шығаратын 8 орын бар. Ең ірілері – Екібастұз бен Майкүбі бассейндері. Екібастұз көмір алаңы – Қазақстандағы ең ірі алаңның бірі. Оның жалпы қоры – 1208 млрд. т.
Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы (күнделікті сабақ жоспары)
Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы (күнделікті сабақ жоспары)
Шаруашылық ұғымына анықтама беру. Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақстанның шаруашылығына – кәсіпорындары - салалары - салааралық кешендерді сипаттау.
Пайдалы қазбалар
Пайдалы қазбалар
№14 мектеп - гимназиясының география пәні мұғалімі Ерғалиева Нағима Өткелбайқызы
Отын өнеркәсібі
Отын өнеркәсібі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп – лицейдің география пәні мұғалімі Мәліков Қуаныш Мнажұлы
Ресей шаруашылығының даму деңгейі және мамандануы, отын өнеркәсібі
Ресей шаруашылығының даму деңгейі және мамандануы, отын өнеркәсібі
Ресей шаруашылығының даму деңгейі және мамандануы, отын өнеркәсібі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×