Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаратылыстанушылар

05 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: «Жаратылыстанушылар»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, оларды табиғатты аялауға, өз Отанын сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: танымдық;
Сабақтың жоспары: Сайысымызды бастамастан бұрын әділқазылар алқасын сайлап аламыз. Сайыстың жоспарымен таныстырамыз. Сайыс 5 бөлімнен тұрады.

1. Таныстыру; 5 «а» «ә» «б» сыныптары арасынан 7 оқушыдан іріктеліп, топ құрады. Әр топ өз аттарымен, ұрандарымен, топ мүшелерімен таныстырады. (әр топқа 1минуттан, 3мин)
2. «Білімді бірді жығар»
Ұяшықтар арқылы сұрақтар қойылады, әр дұрыс жауап 10, 20, 30, 40, 50 балдық жүйемен бағаланады;(10мин)
3. «Ең, ең, ең.......»
4. «Адасқан әріптердің орнын тап»
а) тасеодир (астероид)
ә) аьаледнарб(альдебаран)
б) еслпоект (телескоп)

5. «Терминдердің мәнін аш»
а) «метаморфос» сөзін түсіндір (өзгертемін)
ә) «мантия» сөзін түсіндір (жамылғы)
б) «смог» сөзін түсіндір (улы түтін)

5. Топ капитандары жарысы; (Блиц сұрақтары арқылы)
Олай болса сайысымызда бастайық!
1. Таныстыру
2. «Білімді бірді жығар»
Ғалымдар:
10 ұпай – топырақтанушы ғалым (В. В. Докучаев)
20 ұпай – Диаметрі 50см болатын глобусты алғаш жасаған неміс географы (М. Бехайм)
30 ұпай – Дүниежүзілік тартылыс Заңын ашқан ағылшын оқымыстысы (И. Ньютон)
40 ұпай – 1595 жылы Еуропа елдеріне сипаттама берген Атласты шығарған кім? (Герард Меркатор)
50 ұпай – 1912ж 18. 01. күні Р. Амундсеннен кейін оңтүстік полюске кімнің экспедициясы жетті? (Р. Скотт)
Планета
10 ұпай – Жер тәріздес ғаламшарлар (меркурий, шолпан, жер, марс)
20 ұпай – ауданы 108 млн шақырымда орналасқан екінші ғаламшар (шолпан);
30 ұпай – ХVІІІ ғасырда, 1781 жылы неміс астрономы Вильгельм Гершель ашқан, 15 серігі бар ғаламшар (Уран)
40 ұпай - Айдың бетіне астронавтар неше рет қонған? (6 рет)
50 ұпай – Астероидтардың көп шоғырланған аймағы (Марс пен Юпитердің аралығы)
Мұхит
10 ұпай – Балық шаруашылығының 40%- ын беретін мұхит? (Атлант)
20 ұпай – Тұздылығы 36, 5‰ болатын мұхит? (Үнді)
30 ұпай – Енисей, Хатанга, Печора, Маккензи сияқты ірі өзендері бар мұхит (Солтүстік мұзды мұхиты)
40 ұпай - Ең терең жері – Зонд шұңғымасы тереңдігі, қай мұхитта орналасқан? (Үнді)
50 ұпай – поляр маңында температура 0, 5°С болатын мұхит (Тынық)
Күн жүйесі
10 ұпай – Күннен жарық жер бетіне қандай уақыт аралығында түседі? (8мин 20секундта)
20 ұпай – аспан күмбезінде түнде көрінетін шырақтардың жиынтығы қалай аталады? (жұлдызды аспан)
30 ұпай – Күн мен Жердің арақашықтығы (150 млн шақырым)
40 ұпай – Галактикалық жыл неше жылда айналып өтеді? (250)
50 ұпай – Жарық Галактиканы неше жылда кесіп өтеді? (100 000 жылда)
3. «Ең, ең, ең» (Әр дұрыс, жылдам әрі нақты жауапқа 10 ұпайдан)
1. Ең суық мұхит? (солтүстік мұзды мұхит )
2. Ең үлкен көл (Каспий теңізі)
3. Ең балыққа бай мұхит? (Атлант)
4. Ең тұзды теңіз? (Қызыл теңіз)
5. Ең аралы көп мұхит? (Тынық)
6. Ең үлкен құрлық? (Еуразия)
7. Ең ыстық құрлық? (Африка)
8. Ең кіші мұхит? (Солтүстік мұзды мұхит)
9. Ең терең шұңғыма? (Мариан шұңғымасы)
10. Ең ұзын өзен? (Ніл)
4. «Адасқан әріптертің орнын тап» (дұрыс әрі жылдам шешілген жауапқа
10 ұпай)
а) тасеодир (астероид)
ә) аьаледнарб(альдебаран)
б) еслпоект (телескоп)

5. Терминдің мәнін аш (толық ашылған жауапқа 10 ұпай)
а) «метаморфос» сөзін түсіндір (өзгертемін)
ә) «мантия» сөзін түсіндір (жамылғы)
б) «смог» сөзін түсіндір (улы түтін)
6. Топ капитандары сайысы; (Блиц сұрақтары арқылы)

І - топқа
1. Табиғатты танып - үйренушілердің неше әдісі бар? (3)
2. Жұлдыз дегеніміз не? (Бірнеше мың градусқа дейін қызып тұрған аспан денесі)
3. Күннің беткі температурасы (6000°С)
4. Тастардың, астероидтардың, кометалардың кішігірім бөлініп шыққан темір, тас бөлшектерін қалай атайды? (метеор)
5. Экватордың ұзындығы (40000 км)
6. Жазғы тоқырау күні (21 - 22 маусым)
7. Солтүстік полюске тұңғыш ту тіккен зерттеуші (Р. Пири)
8. Дүние бөліктерін ата (Еуропа, Азия, Аустралия, Антарктида, Африка, Америка)
9. Гранит, базальт, вулкандық шыны қандай тау жынысына жатады? (магмалық жыныстар)
10. Бұғаз дегеніміз не? (Екі елді немесе материкті бөліп жатқан су айдыны)

ІІ – топқа
1. Жас натуралистерге арналған неше қағида бар?(8)
2. Күн дегеніміз не?(табиғаттағы ерекше жаратылған сансыз көп жұлдыздардың бірі, жерге ең жақын орналасқан)
3. Күннің орталық бөлігінің температурасы (16 000 000°С)
4. Күнді айнала қозғалатын ғаламшарлар жолы қалай аталады? (Орбита)
5. Жердің полярлық радиусы (6357км)
6. Қысқы күн тоқырауы қай күндер арасы (21 - 22 желтоқсан)
7. Оңтүстік полюске алғаш жеткен зерттеуші (Р. Амундсен)
8. Жер бетіндегі мұхиттарды ата (Тынық, Атлант, Үнді. Солтүстік мұзды мұхит)
9. Гнейс, мәрмәр, кристалды тақтатас қандай тау жынысына жатады? (метаморфты)
10. Шығанақ дегеніміз не? (Құрлыққа қарай сұғына еніп жатқан су бөлігі)

ІІІ – топқа
1. Жер бетінің ауданы? (510 млн км²)
2. Галактика дегеніміз не? (Жеке жұлдыздардың тобы)
3. Жердің жасы (4, 5 - 4, 6 млрд жыл)
4. Әртүрлі пішінде қалыптасып, жер атмосферасынан тысқары жатқан өзіндік жұлдыздары, ғаламшарлары, астероидтары, кометалары бар кеңістік (ғарыштық кеңістік)
5. Жердің экваторлық радиусі (6378км)
6. Көктемгі күн теңелуі (21 - 22 наурыз)
7. Жер бедері дегеніміз не? (Жердің ойлы - қырлы беті)
8. Жер бетіндегі құрлықтарды ата (Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктида, Еуразия)
9. Бор, ұлутас, тас көмір қандай қай тау жынысы түріне жатады? (шөгінді)
10. Теңіз дегеніміз не? (материктер мен аралдар арқылы бөлініп жатқан мұхиттың бір бөлігі)

Қорытынды.
Осы өткен 5 бөлім бойынша танымдық сабағымызды қорытындылай келе, сайысып отырған 3 сынып өкілдерін жинаған ұпай саны бойынша бағалап, жеңістерімен құттықтаймыз!
12 868
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика патшалығында
Физика патшалығында
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Сапакова Алмаш Сериковна
Тіл мәртебесін ұлықтайық
Тіл мәртебесін ұлықтайық
«Құрылыс техникалық колледжі» МКҚК Өзін – өзі тану пәні оқытушысы Жангабулова Несибелди Кайдаровна
Тапқыр достар!
Тапқыр достар!
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
Информатика жұлдыздары
Информатика жұлдыздары
Ойынның мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Ақтөбе қаласы, №1орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Амангалиева Акмарал Сайлауовна
Сөз тапқанға қолқа жоқ
Сөз тапқанға қолқа жоқ
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×