Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Италия

10 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: География
Италия
Жер көлемі – 301, 2 мың км2
Халқы – 57, 5 млн адам (1998)
Мемлекеттік тілі - Италян тілі
Астанасы – Рим қаласы (2, 8 млн)
Басқару формасы – Парламанттік республика

Географиялық орны:
Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы
Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет.. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан - Марино) орналасқан. Әкімшілік - территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5 - еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино - Альто - Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули - Венеция - Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді.

Табиғаты
● Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы (Солтүстік) мен субтропиктік белдеуде (Оңтүстік) орналасқан.
● Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – (4807) Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар.
● Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына жалғасады. Оңтүстігінің қиыр шеті – Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы, жанартаулы келеді.

● Пайдалы қазбалары: тас көмір, лигнит, мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір кентасы, күкірт, т. б. Сынап кенінің табиғи қоры жағынан ел дүние жүзінде Испаниядан кейін 2 - орында..
Елдің басты өзені – По (ұзындығы 652 км) (Рим қаласы осы өзеннің жағасында орналасқан), үлкен өзендер қатарына Адидже, Брента, Рено, Арно, Тибр,
т. б. жатады. Ірі көлдерінің көпшілігі (Гарда, Комо, т. б.) Альпі тауында орналасқан. Жері құнарлы қоңыр топырақты және шалғынды. Альпінің 800 м - ге дейінгі биіктіктерінде жалпақ жапырақты (емен, үйеңкі) ормандар, ал онан жоғары қарай шамшат және қылқан жапырақты ормандар, ал ең жоғарғы бөлігінде субальпілік шалғындар өседі.

Падан (По) жазығында егіншілік жақсы дамыған. Апеннин тауы мен Сицилия, Сардиния аралдарында мәңгі жасыл шық тоғайлар, емен, шамшат ағаштары өседі. Альпі және Апеннин тауларында тау ешкі, жабайы мысық, сусар, күзен, абруц аюы кездеседі. Италияда 400 - ге тарта құс мекендейді. Көрші теңіздері балыққа бай.

Экономикасы
Италия – әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Ұлттық табыс көлемі (1146, 2 млрд. АҚШ доллары, 1997) жағынан дүние жүзінде АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франциядан кейін 6 - орында, оны жан басына шаққанда 3 - орында. Экономикадағы өнеркәсіп үлесі – 35, 6%, ауыл шаруашылығы – 3, 9%, қызмет көрсету – 60, 5%. Халқының 70%- ы – қызмет көрсету, 22%- ы – өнеркәсіпте, 8%- ы – ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды. Экономикасында шет ел капиталының үлесі үлкен.

Экономикасындағы негізгі салалары: машина жасау, автомобиль жасау, тамақ, химия, тігін, металлургия, т. б. Соңғы жылдары роботтар мен электронды жабдықтар өндірісі тез дамып келеді.

Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде. Астық өнімдерінен бидай, жүгері, күріш (Еуропада 1 - орында), оған қоса жеміс - жидек, жаңғақ, жүзім (90%- ы – шарап жасауға жұмсалады), помидор өсіріледі. Еуропалық одақтың талабы бойынша мал шаруашылығы аса дамытылмай, көбінесе, сүтті және етті мүйізді ірі қара өсіріледі. Теңіз саудасы жақсы дамыған: экспорттың 60 – 65%- ы, импорттың 80 – 90%- ы сауда флотының үлесінде (жүк тасу мөлшері бойынша әлемде 10 - орында).

Италия – аса ірі туризм орталығы (жылына 50 млн - нан аса адам туристер келеді). Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6 - орында. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еуропалық одақ елдері (ең алдымен Германия, Франция, Ұлыбритания) – 40%- дан астам, АҚШ (7%), Жапония, Орталық және Шығыс Еуропа елдері, т. б.

Қазақстанмен қарым - қатынас жақсы жолға қойылған. Еліміздің Президенті Н. Назарбаев 2 рет (1994; 1998) ресми сапармен Италияда болып қайтты. 1997 жылы Италия Президенті О. Л. Скальфаро Қазақстанда болды. Италия еліміз экономикасындағы шет ел инвесторлары арасында 7 - орында. Республикада 12 италиялық фирма өкілдігі, 46 бірлескен компаниялар жұмыс жасайды. Оның ішінде аса ірілері ретінде “Аджип” (Қарашығанақта), “Сайпен”, “Ди Анжели Индейстриз”, т. б. айтуға болады. Екі ел арасында қаржы, мәдениет, оқу - ағарту, туризм салалары бойынша да көптеген келісімдер жасалған. 1999 жылы Рим, Легче, Неаполь қалаларында Қазақстаннан табылған “Алтын адам” экспонатының көрмесі болып өтті.
Назар салып тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 715
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаратылыстану - математика бағыты бойынша тест жинағы 11 - сыныпқа арналған.
Жаратылыстану - математика бағыты бойынша тест жинағы 11 - сыныпқа арналған.
Азия елдері. 1 – тақырып. ШЕТЕЛДІК АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ. §1. Азияның саяси картасы мен аймақтары
ХІХ - ХХ ғғ. басындағы Италия
ХІХ - ХХ ғғ. басындағы Италия
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 2 мектеп – гимназиясының тарих пәні мұғалімі Узакбаевна Зарина Бактыбаева
Материктер климаты
Материктер климаты
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы №132 орта мектебінің география пәні мұғалімі Алашбаева Баян Әліпбекқызы
Ресей Федерациясы
Ресей Федерациясы
Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан аймақтық «Дарын» мектеп – интернатының география пәні мұғалімі Сержанов Фархад
Географиялық алаң
Географиялық алаң
Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.
Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы
Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Жаңқұлов Мейрамбек Шарапатұлы 8 класс Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы Мақсаты: А) Қазақстанның дүние жүзі және Евразия материгіндегі орны мен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×