Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы (шығармашылық сабақ)

18 мам 2013, Сенбі
Категориясы: География
Білімдіден шығады алғыр, шешен,
Шешендіктен болған ғой барлық көсем.
Сайра, шәкірт, суырып шарықташы,
Қалмасын бұл сабақта сенің есең
,- дей келе бүгінгі №247 орта мектебіміздегі 9 - сыныбымыздың география пәнінің «Солтүстік экономикалық ауданы» тақырыбындағы алғырлықтарымызды таныту үшін ұйымдастырылып отырған «Солтүстік экоаудан – Қазақстанның жүрегі» атты шығармашылық жұмысымызды бастауға рұқсат етіңіздер және белсене қатысыңыздар!!!

Шығармашылық жұмысымыз төмендегі құрылымдардан тұрады:
1 - кезең. Ұйымдастыру
2 - кезең. Баяндау
3 - кезең. Пысықтау
4 - кезең. Сергіту сәті
5 - кезең. Бекіту
6 - кезең. Бағалау
7 - кезең. Қорытындылау
1 - кезең Ұйымдастыру
9 – сынып оқушылары әрбір тақырыпты өз бетімен жеке меңгере білулері керек. Сол себепті де әр оқушы жеке команда болып сайысады яғни 13 оқушы 13 топ болып саналады. Бағалау жүйесі фишкалар арқылы анықталады. Кімде көп фишка сол жеңімпаз. Белсене ат салысарсыздар деп сенеміз, Іске сәт!!!

2 - кезең Баяндау
«Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы» жайлы түсінік беру
Мағжан, Сәкен ақын жырлаған Көкше - бұл. Көркіне көз тоймайды. Сұлулығына сұқтанасың. Туған еліңде осындай жер жаннатының барына шүкіршілік етесің. Көкше өңірі демалуға барған бір топ ақын - жазушыларды осылай бауырына тартты. Тылсым табиғаты құпия сырларына үңілтті. Өңірдің шырайы - шежіре, әр тасы - тарих, айшықты жері - аңыз...
Көгілдір шығанақ
Ертедегі аңыз бойынша, бұл жерде данышпан ақ түйе - сұлу бура өмір сүріпті. Жануар Көкшетаудың бөктерінде мамыражай кейіпте жайылып, мөлдір көл мен орман бұлақтарынан су ішеді. Ол бір қауіптің боларын сезген сәтте, Көкшенің шыңына шығып, адамдарға қауіптің болатынынан хабар береді екен. Бірде ханның мақтаншақ Қасым атты ұлы садақпен түйені жүрегінен атып, жарақаттайды. Бураның мұң - зары айналадағы жартасты жаңғырықтырып, оның қаны қасиетті көлге судай ағады. Түйе суға жете алмай жантәсілім етіп, тас боп қатады. Содан бері Көкшенің жанындағы үлкен тау (биіктігі теңіз деңгейінен 690 метр жоғары) Бурабай аталып кетіпті.

Оқжетпес
Оқжетпес (биіктігі - теңіз деңгейінен 400 метр жоғары) - Бурабайдың ең көрікті жері. Бұл бірегей жартас Көгілдір шығанақ (Әулиекөл көлінің солтүстік - батысында) жағасында орналасқан. Көптеген көріпкелдер жартастың жанынан еңкейген кемпірдің сұлбасын көрген, бірақ мұндай бейне бәріне көріне бермейді. Атақты ақын, ғалым, саяхатшы Шоқан Уәлиханов Оқжетпес туралы 15 аңыз жинаған.
Аңыздардың бірінде Көкше тауын Үш әпке жартасы мен олардың ағасы Оқжетпес жартасының анасы деп атаған. Олар туған жерді жау шапқыншылығынан қорғаған. Бірде сансыз жау көшпелілерге лап қояды. Үш әпке мен ағасы жаумен ұзақ шайқасады. Күштері қалмаған сәтте олар тас боп қатып, жауларының жолын бөгеген.
Бірінші тас - Үлкен әпке (534 м), екіншісі - Ортаншы әпке (460 м), үшіншісі - Кіші әпке (434 м), ал жанында конус тәріздес нағыз ердің кейпіндегі шың Оқжетпес тұр. Кейде Оқжетпесті пілге ұқсатады. Шынында, шыңның басындағы алып тас демалып жатқан пілге ұқсайды.

Жұмбақтас
Жұмбақтас - Әулиекөл (Бурабай) көліндегі Көгілдір шығанақ суында орналасқан биіктігі 20 метр болатын керемет тас арал. Ол шашы желбіреген жас қыздың бейнесін елестетеді. Егер Көгілдір шығанақ жағалауымен жүре берсең, тас қыз біртіндеп қартайып, ақырында көз алдымызда данышпан қарияның кейпі елестейді.
Жұмбақтас - бұл әйел тағдырының, оның жай таппаған жанының символы. Жартас бізден қаншалықты алыс болса, жас қыздың бейнесі соншалықты жас, ал қаншалықты жақын болса, ол соншалықты кәрі. Біздің өміріміздің пәлсапасы да осында.

Аңызға айналған орын бұл. Ол туралы рубаяттар бізді Абылай хан заманына сапар шектіреді. Бірде, ол қалмақтарды жеңіп, туған жеріне үлкен олжамен оралады. Тұтқындардың арасында жас сұлу қалмақ қызы болады. Жауынгерлер сұлу қыздың кімге бұйыратынына өзара бәстесіп жатты. Абылай хан оған күйеу жігітті өзі таңдауды ұсынды. Ол Оқжетпес жартасының үстіне шығып, ақ орамалды бекітті де, осы орамалға кім жебесін тигізсе, ол соған жар болатынын жариялады. Жігіттер көп күш сынасты, көп жебе атылғанымен, олардың бірде - бірі шың басына жете алмады. Ашуланған хан сұлуға «жерге түс» деп бұйырады, бірақ ол өздігінше шешім қабылдап, Көгілдір шығанақ суына құлады да, мәңгілік азат болды. Ал біраз уақыт өткен соң, көл ортасында беймәлім жұмбақ жартас - Жұмбақтас пайда болды.

Абылай хан жазығы
Көкшенің баурайында үнемі күн сәулесіне шомылып тұратын кең жасыл дала бар. Ол Абылай хан жазығы (биіктігі теңіз деңгейінен 335 метр жоғары). Аңыз бойынша, халық ақ киізге көтеріп, Хан Абылай осы жерде таққа отырған. Ханның шатыры болған бұл жазықта 2004 жылы биік обелиск орнатылды. Оның басында алтын күн мен бүркіт. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Сәкен Сейфуллин осы жерде атақты «Көкшетау» поэмасын жазған.

Махаббат үңгірі
Абылай хан жазығынан Ақылбай өткеліне (Бақалшық) қарай жүре берсең, тура 500 қадамнан соң, оң жақтағы қарағайлар арасынан керемет жартасты көруге болады. Оның тас бөктері арқылы көтеріліп, периметрі бойынша айналсаң, үлкен үңгірге тап боласың. Аңыз бойынша, мұнда атаман Астафовтың қызы мен батыр, әнші Балуан Шолақ жасырынған. Екі ғашық қайғылы жағдайда қаза тапқан, оларды еске алып, туристер мұнда шырақ жағады.
Бұл тек болжам ғана. Нағыз Махаббат үңгірі әлі табылған жоқ.

Әулие Қасен тасы
Айнакөл көліне апаратын қысқа жол «Қарағай» шипажайының жанынан өтеді. Орманға барар жол бойында қысқа сақалды, ұзын шашты адамның басын еске түсіретін керемет тас орныққан. Бұл - әулие Қасен.
Шөппен емдейтін жергілікті әжейдің аңызына сүйенсек, осы өңірде Қасен (Хасан) деген емші өмір сүрген. Ол шөп, тамыр, жидек пен гүлдерді жинап, олардан емдік қайнатпалар, жақпамайлар мен ұнтақ әзірлеген, сөйтіп, ауыр науқастарды емдеп жазған.
Науқастарды емдеген Қасен олардан ақша алмаған. Ажалы жеткенде адамдар көз жастарын төге жылап, одан өздерін тастап кетпеуін өтініпті. Халықтың өтінішіне тебіренген Қасен терең тыныстап, көзін жұмып, жерге иығын тигізіп, тас болып қатып қалыпты. Ғұрып бойынша, егер тас боп қатқан басты күн айналымы бойынша үш рет айналып шықса, барлық аурулардан жазылып кетуге болатын көрінеді.

Жеке батыр
Ел қорғаған жас батыр осы өңірде өмір сүріпті. Бірде туған ауылына жоңғарлар шабуыл жасайды. Ауыл тұрғындары сасып қалады да, жас батырдың жаумен жалғыз айқасуына тура келеді. Шайқас ұзаққа созылады. Батыр көзден айырылып, құлағы керең болады. Әлі кеткен ол, арқасымен құлап, жау жолын бөгеп, тас боп қатып қалған екен. Ай толған кездері түнде тау үстінен көгілдір сәуле көрінеді дейді жергілікті халық.

Кенесары үңгірі
Бұл тарихи әрі табиғи ескерткіш. Ол теңіз деңгейінен 356 метр жоғары тасты шоқыда орналасқан. Атақты халық батыры, ұлт - азаттық қозғалыстың көшбасшысы, соңғы қазақ ханы Кенесарының құрметіне аталған.
Ұлы Абылайдың немересі Кенесары Бурабай шатқалында туып - өскен. Өз жасағымен бірге сәтті аң аулаудан кейін ол, үңгір етегіне түнеуге жиі келіп тұрған. Мұнда Кенесары ханның құрметіне мемориалдық тақта орнатылған.

... Бурабайдай жер қайда?!.

3 - кезең Пысықтау
Сөзжұмбақ шешу
1. Шағын көлемді двигатель өндіретін өндіріс орталығы.
2. Қазақстанның астанасы
3. Экоаудан Ертіс, Тобыл, Есіл және және соңғы қай өзеннің алқабында орналасқан?
4. Қазақстандағы маңызы жағынан екінші орын алатын көмір бассейні.
5. Арқалық маңында өндірілетін алюминий түрі
6. Мұнай өңдейтін және трактор жасау зауыттары орналасқан қала.
7. Асбест кен орны.
8. Қостанай облысындағы ірі көлдердің бірі.
9. Павлодарда қорытылатын түсті металл.
10. Ақмола облысындағы алтын өндірілетін кен орны.

4 - кезең Сергіту сәті
Тақырыбы: «СУПЕР - ОЙЫН»
1. Ақ;
2. Домалақ;
3. Көбіңіз оны күнделікті пайдаланасыздар;
4. Қолдан - қолға өтеді;
5. Көлемі алақандай;
6. Ортасы тесік;
7. Өзі ақжарқын болғандықтан ішіне көп нәрсе сыйып кетеді. /Диск/
5 - кезең Бекіту

1. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданның құрамына неше облыс кіреді?
2. Солтүстік Қазақстан республикамызда жер көлемі жөнінен нешінші орын алатын экономикалық аудан?
3. Солтүстік Қазақстандағы ауыл шаруашылығының жетекші саласы.
4. Солтүстік Қазақстан облысы қай жылы құрылған? (1936ж)
5. Темір кеніне бай облыс. (Қостанай)
6. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы қандай пайдалы қазбаларға бай?
7. Ауданда көліктің қандай түрлері бар?
8. Солтүстік Қазақстанның қай қаласында мұнай өңдеу зауыты бар? (Павлодар).
9. Солтүстік Қазақстанда өнеркәсіптің қандай салалары дамыған?
10. Ірі алюминий зауыты қайда? (Павлодарда)

1. Солтүстік Қазақстан облысының орталығы?
2. Солтүстік Қазақстан республикамызда халқының саны жөнінен нешінші орын алатын экономикалық аудан?(2 - ші)
3. Ақмола облысы қай жылы құрылған?(1961ж)
4. Солтүстік Қазақстан экономикалық аудан шаруашылығының маманданған салаларын ата?
5. Ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын ірі орталықтарын ата? (Астана, Қызылорда)
6. Ірі темір кен орындарын ата? (Соколов - Сарыбай т. б)
7. Солтүстік Қазақстанда көліктің қай түрі жақсы дамыған? (Теміржол)
8. Ферроқорытпа зауыты қай қалада? (Ақсуда)
9. Солтүстік Қазақстанда тамақ өнеркәсібінің қандай саласы аудан аралық маңызы бар?
10. Трактор зауыты қай қалада? (Павлодарда)

6 - кезең Бағалау
Жиналған фишкаларды санау

7 - кезең Қорытындылау
Жоғары және төмен балл жинаған 2 оқушыдан сабақ жайлы пікірлерін сұрау.
7 232
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кім көп біледі
Кім көп біледі
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қызылтаң ауылы. Химия пәні мұғалімі Серкенова Гулдана Болатханқызы
Квадрат теңдеулердің түбірлерін табудың әр түрлі тәсілдерін пайдаланып есептер шығару
Квадрат теңдеулердің түбірлерін табудың әр түрлі тәсілдерін пайдаланып есептер шығару
Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Дүйсеке орталау мектебінің математика пәнінің мұғалімі Бейсенбаева Күләй Шөпшібайқызы
Солтүстік Қазақстан, ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Солтүстік Қазақстан, ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ЭГЖ, табиғат ресурстары, халқы, ауданның қалаларына сипаттама беру. Ішкі және сыртқы байланыстары, экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдарына тоқталады. Экономикалық қазіргі даму кезеңі,
Процент
Процент
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, "Георгиевка орта мектебі" ММ математика пәні мұғалімі Мукажанова Камила Шакенона
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Дарындылар додасы
Дарындылар додасы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп. География пәнінің мұғалімі Нұрмұханова Қарлығаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×